Демо-сабақты бағалау критерийлері
№
|
Бағалаукритерийлері
|
Балл
|
1
|
Сабақтың мақсаты SMART форматында құрылған.
|
|
2
|
Белсенді әдіс барлық оқушыларды оқыту үдерісіне тартады және оқыту мақсатын іске асыруға бағытталған.
|
|
3
|
Қалыптастырушы бағалау оқыту нәтижелерін жақсартуға ықпал етеді.
|
|
4
|
Оқушылардың қажеттіліктерін есепке алу. Саралау тәсілді қолдану.
|
|
5
|
Ресурстарды пайдалану, оның ішінде АКТ.
|
|
Демо –сабақтың тұсау кесерін бағалау үшін келесі критерийлер бөлінеді:
0 балл-дәлелдемелер ұсынылмады;
1 балл – дәлелдемелер әлсіз;
2 балл – дәлелдемелер күшті;
3 балл – дәлелдемелер өте күшті.
Тыңдаушылардың демо-сабақты таныстыру бойынша білімін бағалау баллдарды бес балдық жүйеге ауыстыру арқылы жүзеге асырылады:
1) "Өте жақсы": 10-12 ұпай;
2) "Жақсы": 8-10 ұпай;
3) "қанағаттанарлық": 6-8 ұпай.
Курстық дайындықтағы жобаның құрылымы
Жоба келесі құрылымдық элементтерден тұруы керек:
1) негізгі бет (ұйымның атауы, әзірлеушінің Т. А. Ә., жылы, қаласы көрсетіледі).
2) мазмұны (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қосымшалар);
3) кіріспе (таңдалған тақырыптың өзектілігінің негіздемесі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, гипотеза, пайдаланылатын дереккөздер, негізгі мәселенің тұжырымы мен қысқаша сипаттамасы және т. б.);
4) негізгі бөлім (кіріспеде қойылған мәселе дәйекті түрде ашылады, оны шешу жолдары дереккөз материалдарында байқалады, негізделген ұстаным көрсетіледі, оған әртүрлі көзқарастар сипатталады және автордың оларға деген көзқарасы көрсетіледі);
5) қорытынды (жобаның алға қойылған мақсаты мен міндеттеріне сәйкес зерттеудің басты қорытындылары шығарылады, жалпылама тұжырымдар жасалады немесе зерттеу нәтижелерін нақты пайдалану бойынша тәжірибелік ұсынымдар беріледі);
6) пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
7) қосымшалар (қажет болған жағдайда).
Достарыңызбен бөлісу: |