Таныстыру.(Топтың аты, ұраны)
І. Бәйге. Викториналық сұрақтар. (Әр топқа бес сұрақтан қойылады).
ІІ. Көкпар. Сұрақ жауап. (Шахмат тақтасында тастарға жасырылған сұрақтарды таңдау).
ІІІ. Жорға.(Шахмат тақтасындағы этюдтерді аяқтау, ойынды жалғастыру).
ІV. Шахмат жарысы.(Әр топтан бес оқушыдан шығып, екі топ шахмат ойнаудан жарысқа түседі).
Қорытындылау.
Кезеңдерімен таныс болсақ сайысымызды бастайық.
Жарыс десе өртеніп жанып тұрар,
Сусындап сол жарыстан қанып тұрар.
Сегіз қырлы бір сырлы сайыскерлер,
Кез келді деп өзін - өзі таныстырар,- дей келе кезекті таныстыруға берейік. «Шах» тобының ұраны: Шахматты біз ойнаймыз,
Амал тәсіл ойлаймыз.
Патшаға қауіп төндіріп,
Шах жасауды қоймаймыз.
«Мат» тобының ұраны: Жекпе - жекке түскенде,
Ұнатамын жеңгенді.
Жүрістердің төресі,
Матқа кім тең келеді.
І. Бәйге.
Викториналық сұрақтар. Әр топқа бес - бестен сұрақ қойылады.Әрбір дұрыс жауапқа І ұпай беріледі.
І топқа:
1.Шахмат сөзі парсы тілінен аударғанда қандай мағына береді?("шах" патша, "мат" өлді дегенді)
2.Шахматты ең алғаш болып кашан және оны кім ойлап тапты?(біздің эрамызға дейін 1000 жыл бұрын Үндістандық математик )
3.Шахмат ойынының тұңғыш аты?( «чатуранга»)
4.Шахмат тақтасында неше тор көз бар? (64)
5.Тақтада фигуралар қандай жолдармен жүре алады? (вертикаль,горизонталь,диогональ жолдар)
ІІ топқа:
6.Шахмат ойынында барлығы неше фигура бар?(32)
7.Корольдің оң қолы, ең күшті фигура қалай аталады? (уәзір)
8.Шахмат спортының отаны қай ел?(Үндістан)
9. Шахмат ойынында пат ұғымы нені білдіреді? (Тең түсу)
10. Шахмат ойынының үш бөлігін атаңыз? (Дебют, миттельшпиль, эндшпиль)
ІІ.Көкпар.
Сұрақ - жауаптар. Шахмат тақтасындағы тастарға жасырылған сұрақтарды таңдау. Кез келген бір тасты таңдап алып, ондағы сұраққа жауап береміз. Әрбір дұрыс жауапқа І ұпай беріледі.
а) Шахмат ойынының соңғы кезеңі қалай аталады? (эндшпиль)
ә)Ойынның басталуы,яғни алғашқы 10-15 жүріс қалай аталады? (дебют)
б)ойынның ортасы, шахматтың ең бір қызық кезеңі қалай аталады?
( миттельшпиль)
в)Фигуралар нешеге бөлінеді?(2-ге ауыр және жеңіл)
г)Жеңіл фигуралар? (Ат,піл)
ғ)Тақта үстінде кез-келген бағытта бір ғана шаршыға жүре алатын фигура?(патша)
д)Тұрған орнынан ілгері қарай бір ғана шаршы жүре алатын фигура?(пешка)
е)Горизонталь және вертикаль жолдармен тіке жүре алатын фигура?(тура)
ІІІ.Жорға.
Шахмат тақтасындағы этюдтерді аяқтау, ойынды жалғастыру. Әр топтан бір - бір баладан шығып, магнитті шахмат тақтасындағы қысқа этюдті әрі қарай жалғастырады, үш пар ойыншыдан қатысады, жеңген топ сайыскеріне 5ұпай беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |