2. Конвертор бөлімі Конвертор бөлімі электрбалқытудан алынған штейннен құрамында мысы бар салқындатқыш материалдардан, брикеттерден қара мыс алу үшін және күкірт қышқыл өндірісін газбен қамтамасыз ету үшін және оның үлесін сақтау үшін конвертордың жұмыс графигін қатаң түрде ұстап отыру бас инженердің бекіткен шарты бойынша көрсетілген.
Конвертор бөлімшесінің құрамында бөлек салынған, ковштарды қалдық қалдық қабықтардан тазалайтын және осы қалдықтарды уатып майдалап, қайтадан конверторларға штейннен қара мыс алу үлесінде салқындатқыш материал есебінде пайдалынады.
Конверторға штейн, анод бөлімшесінің шлагі майдаланған қабықшалар, брикеттер тиеледі. Флюс есебінде Жезқазған кеніштерінің кені немесе кварцті кен пайданылады,
Флюстік кен конвертор бөлімшесіне үздіксіз жүріп тұратын ленталы конвейер арқылы шихта дайындау цехынан (ЩДЦ). ЛК-52 мен келі әрі қарай жылжымалы реверсивті ленталы конвейер ЛК-54-ке түсіп конвертор бункерлеріне тиеледі. Лентаның жалпақтығы-800мм.
Цех атмосферасына газ таралмауы үшін әрбір конвертор механикалық түрде қозғалатын бұрылмалы жабыныш және жылжымалы перделермен жабдықталған. Бұл бөлінген газ арнайы газтартқыш жүйелер: В-1,В-2 №1 конвертордан, В-5,В-6 №3 конвертордан және В-11,В-12 №4 конвертордан сорып алады. Түтінтартқышьар осы жүйелер арқылы сорып отырады, ол құрғақ электр сүзгішке орналасқан цехта және күкірт қышқылы цехының адамдары қызмет етеді. Оны іске қосу конверторщиктердің немесе конвертор бөлімшесінің мастерінің талап етуі бойынша жүзеге асырылады. Алғашқы жиналған шаңдар шихта дайындау цехына еткізіліп күйдірілген соң шахтамен бірге электр пештеріне балқытуға жіберіледі.
Цикилондарда ұсталынған газдарда 30%-ке дейін Рв қорған болады, содықтан оларды электросүзгіштегі шаңдармен қосып бірге жібереді.
1-кезең. Конверторды іске қосу, конверторға ауа үрлеу, штейн құю, флюстер тиеу, шлак төгу, ақматты дайындау және онымен жұмыс жүргізу.
2-кезең. Мысты қорыту (пісіру), мысты ожауға құю. Мұнымен қатар технологиялық операцияға конверторды шаю және оның кірпіш аралақтарын мыспен толықтыру (обмотка), конвертор ауызын (мойынын)тазалау және металлургиялық ожауларды (ковштарды) дайындау.
3-кезең. Конверторларды штейнмен жабдықтау және оны ақмат аллғанша байыту яғни құрылымдағы темір қоспаларды шлакқа жіберу.Бұл процесс негізінен штейн құрамындағы оттегі мен тотығуынан пайда болатын жылулық әсерімен жүреді.Мұндай конвертірлеу операциясы былай болады;
а)Конверторларды жұмысқа дайындау: оларды қалдықтардан тазалайды, бірақ фурмаларды тазалайды.Конвертор ауызы металдан немесе штейннен көрірлі кранмен арнаулы қармақ тәрізді “ Якорьмен ” тазаланады.
б)Конверторға үш ожау, яғни 60т шамасында штейн құйылады да, фурмалар арқылы ауа жіберіледі. Фурмалар неғұрлым балқымаға тереңірек еңкейтілді, үрейленетін ауа қысымы 30-36 мың км/сағ. Бұл ПФМ деп аталатын механизм арқылы жүргізіледі. 8-10 минуттан соң 15 минут ішінде 2,0-2,5 тонна флюс тиеледі,температурасы жоғары деңгейге жеткенде ожаумен немесе қамақшасымен кран арқылы қайталама материал тиеді.
в) Үрлеу басталғаннан 35-40 мин. Өткен соң, шлак тиісті шамаға жеткенде, ковш штейн құяды да оттегімен байытылған ауамен 2-3 минут үрленеді. Содан соң үрлеу тоқтатылып, шлак төгіледі. Әрі қарай 30-34 мың км3/сағ ауамен үрлеу жалғастырылады.
Екінші шлактау кезіндегі үрлеу 3 тоннадай флюс, сондай-ақ температураға байланысты немесе қалақты салқындататын қайталама материалдар кіреді. Екінші үрлеу 30 минут болады . Келесі үрлеуде де осылай қайталана отырып 8-9 ожау штейнді үрлейміз. Бұл процесс басқа конверторлардағы процестермен үйлестіре отырып күкірт қышқыл цехына жіберілетін газдың үздіксіз және SO2 мөлшерінің тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
г) Соңғы ожау штейн алынған соң руда аз мөлшерде тиеледі де процесс аяқталғанда ол толығымен еріп бітуі тиіс, ал суыту материалдары тиелмейді.
д) Конверторға тиеліген соң ақ матқа айналады, ондағы шлак түгелдей төгіледі де, конверторға ең жоғары ауа жіберіле бастайды. Ауа қысымы мөлшері 36-58 мың км3/сағ. Бұл кезеңде әрбір тең уакыт аралықтарында конверторларын 3-5 тонна анод бөлімшесінен мыс қалдықтарын қара немесе мысқа бай бас қатты материалдарды 20-25 т шамасында тиейді.
Штейн конверторға ожаулар арқылы көпірлі крандармен құйылады. Кварц флюстер арнаулы бункерлерден ленталы қоректендіргіш телескопиялық тесіктері арқылы конвертор жұмыс істеп тұрған кезінде төмендетілуі арқылы жіберіледі. Бұл қорғасынды металл құрамынан шлакқа ығыстыру үшін өте қолайлы. Флюстер ШДЦ-дан әктас қосылып жеткзіледі. Салқындатқыш қайталам, ковштарды тазалайтын цехтан келетін немесе бөлімшенің өзінде дайындалатын, анодты қайтарлы жіберілетін, электромет цехынан келетін материалдар конвертоға ожаумен және қалақшалармен тиеленеді. Брикеттеу арнаулы қоректендіргіштерден флюс кендер әкелетін жолдармен тиеледі.
Конвертор процесінің ұзақтылығы штейндегі мыстың, ауаның қысымы мен О2 шамасына және штейннің мөлшеріне байланысты 4,5-7,0 сағат болады.
2-кезең кезінде – ақ мат құрамындағы күкірттің оттегімен тотығуы нәтижесінде қара мысқа айналады. Қара мыс алынысымен шлак толығымен құйылып, басқа істеп тұрған конверторға жіберіледі де, ал қара мыс кранның көмегімен анод пештеріне тасылсалданады.
2-кезең шлактың мөлшері ақматтың сапасына және осы кезеңде берілген салқындатқыш қоспалардың сапасына байланысты болады. Мысты құйылып алынған конвертор келесі зарядкаға дайындалады немесе уакыша мазут форсункасы іске қосылып резервке қойылады. Бұл операция конвертор температурасын ұстап тұру үшін қажет. [4]