Шахта дайындау цехтарының блоктары



бет1/8
Дата07.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#96070
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
курс жум4-1сем



Кіріспе
Жезқазған мыс қорыту комбинаты Қазақстан Республикасы бойынша түсті металлургия саласындағы алдыңғы қатардағы өндіріс орны. Бұл өндірісте технологиялық процесс басынан аяғына дейін жүреді.
ЖМЗ-ы құрамына мыс қорыту зауытымен екі байыту фабрикалары кіреді. Байыту фабрикаларына жергілікті кен орындарынан кен жіберіледі, онда флотациялау арқылы кеннен мыс, қорғасын және мырыш конценттраттар алынады.Мыс қорыту зауытының мынадай негізгі цехтары бар:
-шахта дайындау цехтарының блоктары ;
-тұндыру және кептіру , араластыру, тазалау, түйіршектеу бөлімдері;
-шахта дайындау бөлімі ;
-металлургиялық цех , оған электропеш, конвертер және анодты бөлім кіреді;
-электромет цехы;
-күкірт қышқыл цехы;
-сирен металл;
- әртүрлі жөңдеу және көмекші орындар;
Жезқазған мыс қорыту зауытында цилиндрлі айналмалы аппараты бар мезгілімен қозғалатын 80 тонна (мыспен) көлденең конвертор. Онда қаптамадан жасалған темір қазанның ені-30мм, диаметрі-3920 мм мен ұзындығы-9200мм, хромомагнезитті кірпішпен шегемделген. Конвертор бандаждың көмегімен 4 роликтерге тірелген. Конвертордың қаптамасында тісті шір бекітілген, ол редукормен электроқозғауышпен байланысқан. Осыған байланысты конвертор өзінің айнала көлденеңосінен алады. Конвертордың үстіңгі бөлігінде бұрыла қимасы-6,3м3 ауызы бар. Балқымаға ауаны жіберу үшін конвертордың бір жағынан фурмаколлектор 52, фурмалар мен трубалары бар ішкі диаметрі 43-50 мм бекітілген.Кварцты кен (шеттен әкелінген алтынды немесе Жезқазғанның мысын) шихтаны дайындау цехынан ленталы траспортер жүйесі арқылы бункерге (24м3) әр конверторға екі-екіден беріледі.
Конвертордың ауызының үстінен флюстер үшін орнатылған бункерлер арасынан сусалқындатқыш тозаңдатқыш конвертерлерге газды алу үшін қызмет етеді. Тозаңдатқыштың артында шаңды камерасы бар, онда қатты шаң шөгеді. Газдарды шаң камерадан құйындатқыш тобы ЦН-24 арқылыекі жағынан орналасқан екі түтін тартқышқа соруға түсіреді және одан әрі газдарының күшімен коллетор жинағы мен лас газды коллектор арқылы құрғақ электрсүзгішке түседі. Газды СЭФ жіберу қоңырау қақпасымен реттейді. Шаңды камерадан шыққан шаңды контейнерлерге түседі де ШДЦ-ға шығады.[1]


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет