Тәтті тағамдар.
Тоқсан соңындағы демалыс кезінде ауылдан Исатайдың атасы келді.
Әжең беріп жіберді деген қоржыннан шыққан неше түрлі тағамдар
дастарханға толып кетті. Оның ішінде Исатай жақсы көретін талқан,
сөк, қауындық, ірімшік, құрт сияқты жеңіл тағамдар баршылық екен.
Исатайдың көкесі мен апасы жұмыста. Таңертең кетіп, кешке бір-ақ
келеді. Қонақпен бірге қаланы аралау Исатайдың үлесіне тиді. Бұған ол
кәдімгідей қуанып қалды. Өйткені, атасымен бірге жүрсе, балмұздақ
жейді, тәтті сусындар ішеді. Исатай үшін талқан, сөк, ірімшік, құрт,
балмұздақ - тәтті тағамдар.
Тәтті тағамдар
•
Достарыңызбен бөлісу: