Бағдарламаның мақсаты: 5-ші сынып оқушыларына орта мектепте оқуға бейімделуіне психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, тез және жеңіл бейімделуін қалыптастыру, үйренісудің қиындықтарын зерттеп, саралап түзету.
Міндеттері:
Бейімделу үрдісінде пән мұғалімдерінің ынтымақтастығын ұйымдастыру;
Оқушылармен, олардың ата-аналарымен психологиялық сақтандыру, диагностикалық, түзеу және кеңес беру жұмыстарын жүргізу;
Мектеп оқушыларының интеллектуалды, тұлғалық, эмоциялық және ерік-жігер ерекшеліктерін, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін зерттеп, баланың рухани өсуіне, оның жанының жайлы болуына психологиялық жағдай жасау;
Педагогикалық үрдіс кезінде туындайтын қиындықтар мен олардың психологиялық себептерін анықтап, шешу;
Балаларда жағымды «Мен» концепциясын, өз-өзін сенімді ұстау дағдысын қалыптастыру және үрей, қорқыныш сезімдерін төмендету.
Оқушылардың арасында, мұғалім мен баланың арасындағы оңтайлы қарым-қатынас ұстанымдарын қалыптастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |