4. Еркін сұрақтар. 20. Патша сұйықтығы дегеніміз қандай ерітінді? Жауабы: 1 көлем азот қышқылымен 3 көлем тұз қышқылы 30. Қандай химиялық элементті миллионер деп атайды? Неліктен? Жауабы: көміртегі, себебі көмірқышқыл газының құрамына кіреді. 40. 19 ғ.ортасында көшелерді жарықтандыру үшін қандай газ пайдаланылды?
Жауабы: ацетилен 50. 20ғ. 30- шы жылдарында американдық ғалым В.Карозерс «полиамид» талшығын алған. Оны америкада «найлон» деп атайды. Осы талшықты елімізде қалай атайды?
Жауабы: Капрон
4 тур. «Нағыз химик – ол нағыз философ» Басқатырғылар шешу Бұл тур басқатырғыларды шешуге арналған. Оқушылар әңгіме түрінде қисынға берілетін викториналық сұрақтарды шешіп, әрбір сұрақтан 3 ұпай жинайды.
А) Жұмбақ түрінде викториналар.
1. «А» деген элемент қараңғыда су астында нұр жайнап тұрды да, оны жарық дүниеге алып шыққанда ызаға шыдай алмай лап беріп жанып, көп кешікпей жалп етіп сөнді. Бұл қандай элемент еді? Жауабы: ақ фосфор, ол су астында сақталады, себебі ауада өздігінен тұтанып жанады. 2. «Б» деген элемент жұмысты отты жігермен істеу керек деп лепірді, бірақ өзі бірудің отын үрлегені болмаса, өзі ешқашан жанып көрген емес. Сонда бұл қай элемент?
Жауабы: оттегі 3. «В» деген элементтің мінезі тіптен өткір, салған жерінен тіліп түседі. Сонша өткірлік неге керек екен деп басқа бір зат шырт етіп сынып кетті. Сынған заттың формуласы қандай? Жауабы: мінезі өткір көміртектің түрөзгерісі – алмаз, оны көтере алмайтын шыны, оның формуласы – Na2O * CaO* 6SiO2 4. «Г» деген элемент «Д» деген элементпен дос еді, көп кешікпей олардың достықтарын тот басады. Бұл қай элементтер еді?
Жауабы: ауадағы оттегі мен азоттың электр мен найзағай ұшқынынан NO азот (ІІ) оксидіне айналуы. 5. «Е» деген элемент қай меьталдың болсын орнын басуға құмар – ақ, бірақ қанша буынқанса да, одан металл шығып көрген емес. Бұл қай металл болғаны?
Жауабы: сутегі 6. Бұл викториналар ғалымдардың өмірі мен ғылыми еңбектерін білуге негізделген.
1. К.Бертло 4. Ауаның жай зат емес, газдар қоспасы екендігі 2. А.М.Бутлеров 3. Заттың салмақ сақталу заңы 3.М.В.Ломоносов 2. Заттың құрылыс теориясы 4.А.Лавуазье 7. Противогаз 5.Д.И.Менделеев 1.Жасанды май 6.Лебедев 8.Ас тұзының электролизі 7.Г.Дэви 6.Синтетикалық каучук 8.Н.Зенин 5.Элементтердің периодтық жүйесі
5 тур: «Біз - химия ғасырының тұрғындарымыз » атты оқушылардың өз ойларын сурет салу арқылы жеткізуі.