Күнде қандай элемент?
Одан кейін біз оны,
Жерден тауып зерттеп ек.
(гелий) Табылса бұрын там-тұмнан.
Қазір көп әрбір өлкеде,
Қымбат болды алтыннан,
Қандай металл ертеде?
(алюминий) Бір элемент инертті газдар текті,
Өзінше жеке топтан орын тепті.
Басқалары пысық па? Соны ғана,
Неліктен еріншек деп атап кетті?
(аргон) Ақ металл айналады тыным таппай.
Болмаса ол, жер бетінде өмір де жоқ
Аздан соң суға сіңіп жоқ болады
Оқушым, ал ойланғын, қойма таппай
(сілтілік металдар) Күмісті, алтынменен кім білмейді,
Қолда болса қуанып кім жүрмейді
Химиктерге жақпайтын не сыры бар
Әрқашан: «Жаман металл,құрғыр»,-дейді