12.6 Түркі мәдени Ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауы. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи еңбектерінің қазақ тіліне аударылып, қайта басылуы.
Шакмуранов Бауыржан
Қазiргi қазақ тiлiнiң қалыптасуы мен дамуындағы тарихи процестердi ашып-айқындау – бүгiнгi күннiң өзектi мәселесi. Орта ғасыр ескерткiштер тiлi мен жаңа тiлдiң сабақтастығын айқындауда және оларға лингвистикалық тұрғыдан баға беруде ХIII-ХIV ғасыр жазба ескерткiштерiнiң маңызы зор.

Тарихты білу, оның бастау алар кезеңдеріне үңілу, бүгінгі күнге қажетін табуға ұмтылу – барлық халықтарға тән дәстүр. Қазақ тілі ғайыптан пайда болған жоқ және оқшау жаратылған тіл емес. Оның шыққан ата-тегі бар.
Ешкім сызып тастай алмайтын, ешкім жоққа шығара алмайтын аса құнды тарихи құндылықтардың бірі, қилы-қилы замандар өтсе де өшпей, өлмей, бүгінгі күнге жеткен, бүкіл түркі әлемінің рухын көтеріп, ұлылығын танытып отырған ескерткіштердің бірі – көне түркі ескерткіштері. Жазба мәдениетіміздің куәсі болған бұл ескерткіште ата-бабаларымыздың қилы кезеңдердегі ел үшін, жер үшін, еркіндік пен тәуелсіздік үшін жүргізген күресінің ерлік шежіресі сақталған.