Шалабаева Кенжехан Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №28 «Алпамыс» санаториялық балабақшасы



Дата18.02.2018
өлшемі176,28 Kb.
#38025
Шалабаева Кенжехан

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы

28 «Алпамыс» санаториялық балабақшасы

16желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ»атты ертеңгілік

Тәрбиеші :Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар «Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ атты» ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.Тәуелсіздіктің 22жылдық мерекесімен құттықтау сөзді балабақша меңгерушісі Доспаева Саулет апайға береміз.

Әнұран орындалады :



Тәрбиеші :Тәуелсіздік үшін қаншама азаматтарымыз,ардақты ағаларымыз ақылды жастарымыз ғұмырларын күреске арнап Тәуелсіздік жолында құрбан болған Ләззат,Сабира,Ербол,Қайрат есемді азаматтарымыздың рухына бас иіп орнымыздан тұрып 1 минут еске алайық .

Аяулым: Бостандық білсен біздерге

Оңайлықпен жеткен жоқ

Желтоқсанда төгілген

Қанның орны кеткен жоқ



Нұрдана :16 желтоқсан

Ел мерекесі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан



Ернар : Енді міне бізТәуелсіз ел болдық

Басқалармен терезесі тең болдық

Әр қашанда біз дайынбыз тай салмай

Отан үшін болуғада құрбандық



Назерке: Желтоқсанның ызғарай

Кірпікке қатқан мұздарай

Елім ай деп егілген

Қаһарман ұлдар қыздар ай



Рауан: 16 желтоқсан Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн

Рақматула :Қазақ енді көкке жетті көк туың

Сен деп атар таңда

Сендеп батар күн

Арайлым :Желтоқсан айы естерсің

Дауыл боп бұрқап ескенсің

Азаттық күні қашшаннан

Көкейін елдің тескенсің



Ән «тұлпарым» орындайтындар: Рауан Рақматула Ернар

Музыка ырғағымен Алтын адам кіреді.



Алтын адам: сәлеметсіңдер ме балалар

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе Алтын адам.Мерекемізге қош келдіңіз балалар қарандаршы бізге қонаққа Алтын адам келді.Бұл- Алтын адам деген атқа ие болған ғажайып ескерткіш.Оның салтанатты бас кимі ,беш беті әшекейлермен безендірілген,қару жарағы алтынмен көмкерілген оның Алтын адам аталуыда содан Алтын адам ескерткіші 5ғасырда Есік қаласында табылған.



Алтын адам :Баршаңызды Тәуелсіздіктің 22 жылдық мерекесімен құттықтаймын

Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату тәтті тірлік болып

Бибіт өмір барлық халықпен жақталсын

Тәрбиеші :Алтын адам сізге көп-көп рақмет

Алтын адам мен сендердің еліміз жеріміз отанымыз жайлы білімдеріңді тексергім келеді.



Тәрбиеші :Төрлетіңіз Алтын адам балаларымыздың өнерін тамашалаңыз

Алихан: Отан туралы таппақ

Отан- деген атамекен

Отан- деген туған жер

Отан ана


Отан үлкен туған жер

Отан үлкен қазақтың туған елі

Ой қозғау Қазақстан туралы не білеміз?

Дұрыс әрі тез сұраққа жауап беру.

1Біздің мемлекет қалай аталады

Қазақстан Респупликасы

2Ел басымыз кім

3Ұлтың қандай

4Сендер тұратын облысты атандар

Алтын адам Тамаша балалар менің бір сұрағыма жауап беріңдерші

Қазақстан Респупликасының рәміздерін білесіздер ме ?

Тәрбиеші :Рәміздерім елдігімнің белгісі

Білу керек балаға дейін ең кіші

Әнұран:Көгілдір Ту Елтаң ба

Рәміздерді жатқа білсін әр кісі



Мерей :Елдің елдігі

Ердің ерлігі- ән ұран

Ән асылы ұранымыздың басымы-ән ұран

Әділжан :Ашық аспандай

Көгілдір туымыз бар



Лашын :Елтаңбасы елімнін

Елдігімнін белгісі

Мұндада бар ерлігім

Халқымыздың бірлігі



Сергіту сәті :Тату тәтті достармыз

1 2 3 қолшапалақтап отырмайық босқа біз

1 2 3 қолшапалақтап оқу оқып білім алып

Би билейміз ән салып

1 2 3қолшапалақтап оң жақтағы досыңа

Сол жақтағы досыңа

Қолыңды бер тосылма

Би Қаражорға

Көрініс :«Баланың түсі»Бала ұйықтап жатады періште қолына шырақ жағып келеді

Періште: Әй балақай тұрсаңшы таң атып қалды шырыққа қарашы бұл саған берілген бақыт құсы

Бала Рауан: Әже әже шыраққа қарашы ұстап алайықшы

Әже: биссимилла неге шошындың бала

Бала :Әже әже көп түс көрдім әже көп жарық күнді көрдім

Әже: Е балам ол сенің бақытың балам Тәуелсіздігімнің мәнгі жарық күні

Бала: Ендеше жолдастарымнан сүйінші сұраймын

-Алақай сүйінші Тәуелсіздіктің таңы атып келеді



Алтын адам: Жарайсыңдар балалар ҚР Мемлекеттік туының түсі қандай?

Ұлдана :Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен тек

Елдің ашық қабағы



Дулыға ;Туын қандай?

Ту қандай?

Тура аспаннан туғандай

Ал аспанда қазақтың көңілімен жуғандай



Би: «Бипыл»

Алтын адам Жарайсыңдар балалар тәуелсіздікті алдық дегенді қалай түсінесіңдер?



Айдос: Көк байрақ көк аспан

Алтын күн нұр шашқан әлемге танылған

Тәуелсіз Қазақстан

Ләйлә: Қазақстан азат елім

Таңғажайып туған жерім

Тек сен үшін мақтанамын

Қазақстан меніңі елім



Әділет; Асқар тауым Қазақстан

Әсем елім Астанам

Қазақстан отаным деп

Әрқашанда макқтанам

1Өзіміздің жеріміз,еліміз теңдігіміз бар2 Туымыз Елтаңба Әнұран теңіміз бар.Елімізді басқарып отырған ел басымыз Н.Ә.Назарбаев бар

Алтын адам: Жарайсыңдар балалар

Жыр арнадым елім тебірене

Үміт артам елімнің ертеңіне

Отаным жылдан жылға көркейеді

Тілимін әр адамға бақыт қонсын

Елімде тыныш бибіт заман босын



Тәрбиеші: Рақмет сізге Алтын адам

Сіз бізге мәңгі ескерткіш болып қалыңыз

Менің елім-Т әуелсіз

Менің елім-кең байтақ

Менің елім –көп ұлтты мемлекет

Менің елім-қонақ жай

Менің елім-дарқан ел

Менің елім ҚР Тәуелсіздігіне 22 жыл жасасын



Құрметті қонақтар балалар Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ атты ертеңгілігімізді тамашалағаныңыздарға рақмет.



№28 «Алпамыс» санаториялық балабақшасы
Каталог: open
open -> 1. Культура Древнего Египта. Культура Древней Месопотамии Культура древней Индии
open -> Қазақстан Президентінің, парламент депуттарының, Туризм және спорт министрлігінің, Ауыл шаруашылық министрлігінің, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, Қаржы министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Алматы қ
open -> Абай-дана, Абай –дара қазақта (музыкалық сахналандырылған қойылым) Орындаған қазақ тілі мұғалімі: Ерімбетова Г. М. Шымкент қаласы
open -> Plan of the lesson Ашық сабақ жоспары
open -> Әдістемесі кафедрасы қазіргі қазақ Әдеби тілі пәніненашы қ саба қ
open -> Биография и сведения (краткая) 1 хакбердиев дилшод Муродович
open -> Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, қосымша материалдар т б Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
open -> «Күз бейнесі» тақырыбына ересек топта ұйымдастырылған оқу іс әрекеттің технологиялық картасы Білім беру саласы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет