Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) [The Shanghai Cooperation Organisation] 2001 ж. 15 шілдеде Шанхай қаласында алты мемлекеттің (Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) бастамасымен құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым. ШЫҰ-ның ізашары "Шанхай бестігі" болды, ал Шанхай әріптестігі Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан арасындағы шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларының күшейтілуімен жүзеге асырылды. 1996 және 1997 жж. бес мемлекеттің басшылары Шанхайда және Мәскеуде кездесіп, шекара аумағында әскери сенім шараларын күшейту Келісімі және шекарадағы әскери күшті қысқарту және сенім шараларын күшейту Келісіміне қол қойды. Осыдан кейін бес мемлекеттің аумағында кезегімен ұйымдастырылып, толық қалыптасты, кездесулер тақырыбы да кеңейе бастады, енді бұл шаралар бес мемлекеттің арасындағы саяси, қауіпсіздік, сыртқы байланыс, экономика және сауда салаларындағы тиімді өзара әріптестік дәрежесіне көтерілді. 2000 ж. Өзбекстан президенті Душанбеде өткен саммитке қатысты. бұл бес мемлекет басшыларының алғашқы кездесуі Шанхайда өткендіктен әріптестіктің бұл тетігі "Шанхай бестігі" деп аталды. 2001 ж. маусымда "Шанхай бестігінің" бес жылдығына орай мүше-мемлекеттер басшылары және Өзбекстан президенті Шанхайда кездесті. Осы кездесуде Өзбекстан құрылымға енді. Ӏлешала Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Декларация жарияланды. Бұл құжатта мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және жаңа айбаттар мен қатерлерге қарсы түру, өзара әріптестік деңгейін және дәрежесін көтеру үшін "Шанхай бестігінің" негізінде Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөнінде шешім қабылданғаны айтылған. ШЫҰ Хартиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі Декларацияға сәйкес, ұйымның негізгі мақсаттары мынадай:
мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім, достық, татулық қарым-қатынастарды нығайту;
саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, білім беру, қуат көзі, көлік, экологиялық және өзге де салаларда тиімді әріптестік шараларын дамыту;
ортақ күш жұмсап аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнатуға жағдай жасау.
ШЫҰ келесідей негізгі қағидаттарды ұстанады: БҰҰ-ның мақсаттары мен принциптерін ұстану; тәуелсіздікті, егемендікті, аумақтық тұтастықты сақтау, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, өзара күш қолданбау және қолданамын деп қоқанлоқы кәрсетпеу; барлық мүшелердің тең құқықтығы; барлық мәселелерді өзара кеңесу арқылы шешу; басқа мемлекеттерге немесе ұйымдарға қарсы бағытталған одақтарға бірікпеу; басқа мемлекеттермен және аймақтық ұйымдармен әртүрлі диалогқа, пікір алмасуға жүгіну, әріптестікке ашықтық және даярлық. ШЫҰ қарулы күштерді қысқартуға, қауіпсіздікке әріптестік жолымен қол жеткізуге, діңгегі одақтастық емес, әріптестік болып табылатын жаңа сипаттағы мемлекетаралық қатынастарға, аймақтық әріптестіктің жаңа үлгісіне негізделген қауіпсіздіктің жаңа түжырымдамасын толық қолдайды. Бүгінгі таңда ШЫҰ шеңберіндегі әріптестік қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларын (қауіпсіздік, көлік, мәдениет, төтенше жағдайлардың алдын алу, салдарын жою; құқық қорғау қызметі және т.б.) қамтиды. Қауіпсіздік пен экономика саласындағы әріптестік басым бағыт ретінде қаралады. шекара Қараңыз: Мемлекеттік шекара.[1]
Мазмұны
ШЫҰ-ның органдары
Мемлекет Басшыларының Кеңесі
Үкімет Басшыларының Кеңесі
Сыртқы істер министрлерінің Кеңесі
Министрліктер және/немесе ведомстволар басшыларының Кеңесі
Ұлттық Үйлестірушілердің Кеңесі
Хатшылық
Өңірлік Терроризмге Қарсы Құрылым (ӨТҚҚ)
ӨТҚҚ Кеңесі
ШЫҰ және Қазақстан
ШЫҰ – қызметі басқа мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға қарсы бағытталған әскери блок болып табылмайды. Сонымен қатар, ШЫҰ өз мүшелерінің арасында әртүрлі салаларда кең ынтымақтастықтың дамуын қарастырады.
Қазақстанның ШЫҰ бойынша әріптес елдермен тең дәрежедегі диалогқа сындарлы және мақсатты қатысуы Қазақстанның өңірдегі ұстанымын күшейтеді, Ұйымның қағидаттарына толық сәйкес келетін мемлекеттер арасында өзара сенім мен түсіністіктің арта түсуіне көмектеседі. ШЫҰ-ның 2 жетекші ойыншысы – Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан Қазақстан өңірлік ынтымақтастықтың жасампаз бастамалары мен жобаларын белсенді қолдайтын Ұйымның маңызды буыны болып табылады.
1996 жылы Шанхай үдерісі басталғалы бері Қазақстан – ШЫҰ аясында жан-жақты өзара іс-қимылдың белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстан Ұйымның аясында өтетін лаңкестікке қарсы әскери жаттығуларға, ғылыми конференциялар мен форумдарға тұрақты қатысып отырады, ШЫҰ құқықтық базасының нығаюына үлкен үлес қосып келеді. 2006 жылы Қазақстан Бейжіңдегі Хатшылықтың жанындағы және Ташкенттегі Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымның Атқарушы комитетіндегі өзінің тұрақты өкілдігінің аппаратын алғашқы құрғандардың бірі болды.
2007 жылдан бастап 2009 жылдың соңына дейін ШЫҰ бас хатшысы болып Болат Нұрғалиев (Қазақстанның өкілі), Аймақтық лаңкестікке қарсы Ташкенттегі құрылымның Атқарушы комитетінің директоры болып Мырзақан Субанов (Қырғызстан өкілі) тағайындалды. ШЫҰ-ның әрбір жұмыс органында Қазақстанның атынан 6 адам қызмет атқаруда.
2006 жылғы маусымның 15-інде Шанхайда өткен саммитте Қазақстан ШЫҰ Азия энергетикалық стратегиясын жасауға бастама көтерді. Бұл ШЫҰ-да сауда-экономикалық салада тәжірибелік ынтымақтастықтың басталуына түрткі болды. Сондай-ақ ҚР Президенті ШЫҰ аясында заңсыз көші-қонмен күрес жөнінде келісім жасасуды ұсынды.
Бүгінде ШЫҰ Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың барынша табысты модельдерінің бірі болып табылады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың айтуынша, « Қазақстанның ұсынысымен жүзеге асырылған Еуразия идеясының 3 киті – ЕурАзЭҚ, АӨІСШК және ШЫҰ».
Ұйымға мүше мемлекеттердің арасында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласында өзара іс-қимылдың зор оң тәжірибесі жиналған, мүше мемлекеттердің арнайы қызметтері мен құқықтық органдары лаңкестік және экстремистік күштермен күресу үшін тиімді байланыстар орнатты.
2006 жылы Қазақстан Қытаймен бірлесіп, шекаралас аудандарда «Тянь-Шань – 2006» лаңкестікке қарсы жаттығуларын, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен «Шығыс-Лаңкестікке қарсы» жаттығуларын өткізді. 2007 жылы жазда Ресейде «Бейбітшілік миссиясы – 2007» ШЫҰ-ның кең ауқымды әскери жаттығулары өтті.
ШЫҰ жылдан жылға ынтымақтастықтың жаңа салаларын қамтып келеді. 2006 жылы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің парламенттері, жоғарғы соттары басшыларының, білім министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне, көлік пен мәдениетке жауап беретін бас прокурорлардың, министрлердің кездесулері тұрақты ұйымдастырылып отырады. Отын-энергетика кешені саласында өзара іс-қимыл нығаюда. 2007 жылы энергетика министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Жоғарыда аталған барлық фактілер Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты өңірлік құрылымға бірте-бірте ауысып келе жатқандығын айғақтайды.
2007 жылғы тамыздың 16-сында Бішкекте өткен саммитте мемлекеттер басшылары ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімге тату көршілігі, достығы және ынтымақтастығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алты елдің көшбасшылары сондай-ақ Бішкек декларациясына қол қойып, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің халықаралық ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі Іс-қимылдар жоспарын бекітті.
Тарихи шолу
2001 жылғы Шанхай Саммитінде терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрес туралы келісімшарт негізінде ӨТҚҚ құрылды. ӨТҚҚ-ның Атқарушы Комитеті 2004 жылдан бері Ташкентте жұмыс істейді.
2002 жылғы 7 маусымда Санкт–Петербургте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының екінші кездесуінде үш маңызды құжат жасалды: ШЫҰ-ның Хартиясы, ӨТҚҚ туралы келісім және ШЫҰ-ның мүше мемлекеттері басшыларының мәлімдемесі.
2003 жылғы 29 мамырда Мәскеу қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуінде Ұйымның бюджетін қалыптастыру және орындалуының тәртібі туралы келісімге қол қойылды.
2003 жылы 23 қыркүйекте Пекинде Үкімет басшылары Кеңесінде сауда–экономикалық, көлік, энергетика салаларындағы қарым–қатынасты одан әрі дамыту туралы мәселелер талқыланды. Көп жақты сауда–экономикалық ынтымақтастықтың Бағдарламасы, ШЫҰ-ның 2004 жылғы бюджеті және тағы басқа қаржы құжаттары қабылданды.
2004 жылы 15 каңтардан бері Пекинде ШЫҰ-ның Хатшылығы жұмыс істейді.
2004 жылы 17 маусымда Ташкентте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуі өтіп, Ташкент мәлімдемесін жасады және көптеген құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде ШЫҰ ӨТҚҚ шеңберінде құпия ақпаратты қорғау, есірткіге қарсы күрес туралы келісімдерді атап өтуге болады.
2004 жылы қыркүйекте Бішкекте Ұйымның үкімет басшылары ШЫҰ-ның көп жақты сауда–экономикалық ынтымақтастығы Бағдарламасын жүзеге асыратын шаралардың жоспарын қабылдады.
2005 жылы 5 шілдеде Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кезекті саммитінде Астана мәлімдемесі жасалды. Антитеррорлық сипаттағы маңызды құжаттар –(терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күресуде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық тұжырымдамасы, ШЫҰ ӨТҚҚ жанындағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдіктері туралы Ережесі және ШЫҰ ӨТҚҚ Кеңесінің баяндамасы бекітілді. Сонымен қатар Пәкістан, Иран және Үндістан мемлекеттеріне ШЫҰ-ның жанындағы бақылаушы мәртебесін беру туралы шешім қабылданды.
2005 жылы 26 қазанда Мәскеуде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшылары Кеңесінің мәжілісінде Банкаралық әрекеттесу және Төтенше жағдайды жоюға жәрдем етуде өзара іс-қимыл туралы келісімдер қабылданды.
2006 жылғы 15 маусымда Шанхайдағы мерейтойлық саммитінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарында терроризмге қарсы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы, Ұйымға мүше мемлекеттердің аумағына террористік, сепаратистік және экстремистік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың кіру арналарын анықтау және жолын кесу саласындағы ынтымақтастық туралы және 2007–2009 жылдарға арналған ШЫҰ-ның мүше мемлекеттердің терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрестің бағдарламасы қабылданды.
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылары және бас прокурорлар жылына бір рет жүйелі түрде кездеседі. Ү.ж. 30 мамырда Мәскеу қаласында ШЫҰ-на мүше мемлекеттер парламенттері төрағаларының кездесуі өтті, Жоғарғы соттар төрағаларының кездесуі ү.ж. қыркүйек айына жоспарланған.
2006 жылы ШЫҰ-да жаңа іскерлік құрылымдар – Банкаралық Бірлестік және Іскерлік Кеңес құрылды. 2006 жылдың мамыр айынан ғылыми – саяси топтардың Форумы өз жұмысын бастады.
Соңғы кездерде ШЫҰ-ның халықаралық қатынастары едәуір нығайды. Мысалы, Солтүстік Корея, Непал, ТМД және Еуроодақтың мемлекеттері, БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы, ҰҚШҰ, ЭЫҰ, басқа мемлекеттер мен ұйымдар ШЫҰ-ның іс-әрекетіне зор ықылас қойып отыр. 2004 жылы ШЫҰ БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бақылаушы ұйымы мәртебесін алды, ал 2005 жылдың көктемінде ОШАМҚ және ТМД хатшылықтарымен өзара түсінісу туралы меморандумы қабылданды. ШЫҰ шеңберінде гуманитарлық салаларда, яғни білім, мәдениет, туризм және спорт алаңдарында өзара ықпалдасу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2007 жылдың қаңтарынан бастап, ШЫҰ-ның Бас хатшысы – Қазақстанның өкілі Б.Қ. Нұрғалиев, ӨТҚҚ Атқарушы Комитетінің директоры – Қырғыз Республикасының өкілі М.У. Субанов.
Мүшелік елдер
Үндістанның, Пәкістанның, Иран мен Моңғолияның ШЫҰ жанында бақылаушылар мәртебесі бар. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында бақылаушы мемлекеттерді Ұйымның сауда-экономикалық саласындағы жұмысына барынша белсенді тарту жұмыстары жүргізілуде. Тараптар 2008 жылға арналған ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекеттермен өзара іс-қимылды дамыту жөніндегі шаралардың тізімін мақұлдады.
Қазақстан ШЫҰ мүшесі болу бақылаушы, «диалог жөнінде әріптес» ретінде Хартияда көрсетілген осындай ынтымақтастықтың формасын пайдалануды қарастыратын, кезең-кезеңмен өтіп, содан кейін ғана ШЫҰ-ның толық қатысушы болуы тиістігін негізге алады.[2]
Мүшелелері
|
Бақылаушы елдер
|
Қытай
|
Үндістан
|
Қазақстан
|
Иран
|
Үлгі:KYR
|
Монако
|
Ресей
|
Пәкістан
|
Үлгі:Tәжікстан
|
|
Өзбекстан
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |