***
Студент кезімде Қайнар Олжай, Əмір Оралбай үшеуміз бір
бөлмеде тұрдық. Түнгі екі болмай көз ілмеуші едік. Қайнар қазақ
поэзиясын жатқа біледі. Əмір екеуміз оқылған өлеңнің авторын
табуымыз керек. Поэзиядан жалығып кетсек, хоккейшілердің
фамилиясын айтып, жарысамыз. Харламовтан бастасақ, бүкіл Х
əрпінен басталатын хоккейшілерді кезек-кезек айтып шығамыз.
Кім жалғастыра алмаса, сол шай қояды. Содан тұрып алып,
арасында шай ішіп аламыз. Көбіне шайды Əмір қоятын еді. Бізден
осалдығынан емес. Өзі жеңілсе де, мен жеңілсем де шəйнекке қарай
жүгіретін. «Шəке, сен – стариксің, ұят шығар!» дейтін еді, қайран
бауырым! Əттең, Əмірдің өмірден ерте кеткені өкінішті. Бүгін, 9
наурыз – Əмірдің туған күні.
Достарыңызбен бөлісу: