Шархан Қазығұл Оңашадағы онлайн ойлар



Pdf көрінісі
бет17/23
Дата23.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#164103
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
Оңашадағы онлайн ойлар

жаратылысқа
қарсы тұрудың
жақсылыққа əкелмейтінін көрсетіп берді.
***
Қазақты сынауға болады. «Сын түзелмей, мін түзелмейтіні» рас.
Бірақ қазақты қорлауға жол бермесек екен. Басқаларды айтып отырған
жоқпын. Ең алдымен, қазақты өзіміз қорламайықшы. «Қазақ əдеби
тілінің сөздігі» 8-ші томының 735-ші бетінде былай түсіндіреді:
«ҚАЗАҚБАЙЛАУ с ы н. 
Қарапайымдау, жұпынылау
». Қысқасы,
түсіндірме сөздік «қазақбайлау деген сын есімге жататын сөз жұпыны
деген мағынаны білдіреді» деп сайрап тұр.
Қазақты жұпынылыққа теңегенді қашан қояр екенбіз?! Ызаға
булығып отырмын. Бұған дейін заманауи Қазақстан туралы ХХІ
ғасырда шығарылған альбом-кітаптардан киіз үйлердің суретін
көргенде қаным қайнап еді. Моңғолияның өзі альбомдарын біз сияқты
шығармайтын шығар.
***
«Есімде жоқ, бір данышпан «Өлім – өмірдің соңғы жұмбағы»
дегенді қалай керемет айтқан» деп едім, əйелім айтты: «Соңғы кезде
өлім туралы көп айта беретін болдың». Меніңше, өмірді бағалай
білетін адам ғана өлімді есінен шығармай жүреді. Керісінше, өмірдің
парқын сезінбейтін адам мəңгі жүретіндей мəңгіріп жүріп өледі. Терең
ой мен мол қазынаның диалектикалық айырмашылығы осында.
***


Меніңше, өмірдегі ең оңай нəрсе – арманмен өмір сүру. Бұны
қазақ баяғыда айтып кеткен: «Сарт санасымен байиды». Адам жалған
дүниеде өлімнен басқасына төтеп бере алуы мүмкін. Тіршілік те өз
кезегінде сенің арманыңнан басқа еркеліктеріңді көтере алады. Иə, ол
тек сенің арманмен өмір сүргеніңе ғана көнгісі жоқ. Реальды өмір
сүргеніңді қалайды. Адам мен шынайы өмір арасындағы антагонизм
осыған негізделгеніне көз жеткіздім.
***
Осыдан отыз жылға таяу уақыт бұрын «Арай»–«Заря» 
журналының бас редакторы болып отырған кезінде Əшiрбек Көпiшев 
теледидардан берген сұхбатында «Газет-журнал дегенiмiз – тауар» деп 
қадап айтқаны əлі есімде. Сол кезде «тауары несi, газет дегенiмiз –
рухани 
азық» 
деп 
айтқандар 
жыртылып 
айырылды. 
Адам
психологиясы – өте қиын құбылыс. Тың ойды тітіркеніп қабылдайды.
Ал, қазір нарық заманының канондарына біршама бағынып қалған
халық газеттiң тауар екенiне көзi жетiп отыр.
***
Қазір Сервантес болу қиын. Жалғыз кітап жазып, тарихта қала 
алмайсың. Бірақ оның заманында оңай болды дейсіз бе?! Сондықтан
да бір шығармасымен-ақ əлемді мойындатқан Сервантеске басы артық
əңгіме айтудың қажеті жоқ.
***
«Мектеп – Университет – Докторантура» – талпынған адамға
логикалық жолымен келетін процестер. Бірақ адамның жеке дамуы
үшін мұның бəрі аз. Бұл оқу «аялдамаларының» бəрінде де біз
білімнен гөрі бағдар алатынымызды өмір дəлелдеп отыр. Қай


планетаның суық, қай планетаның ыстық екенін ажырата алмайтын
филология ғылымының кандидаттары арамызда өріп жүр. Дəлел деп
отырғаным осы. Ата қаны, ана сүтімен келетін құндылықтардан бөлек
ақық қасиеттерді бойында қалыптастыру үшін адамға міндетті түрде
«самообразование» керек. Онсыз тылсым дүниені тану, өзіңді өзің білу
мүмкін емес.
Өздігінен білімін жетілдіру ғана шығармашылық адамына аса
қажет компонент – 
талғамды
қалыптастыратыны анық. Талғамы жоқ
туындыгер оқырманын тəнті ете ала ма?! Жоқ. Ал, талғам өз кезегінде
келесі саты – 
ізденімпаздыққа
жетелейді. Ізденістегі адамда ғана
өзіндік 
ұстаным
орнығады. Ұстанымы бар кісі 
тəжірибеге
барып
табан тірейді.
***
Таңқаларлығы сол, Қазақстанда – толық түсіністік пен үйлесім. 
Ал, таза қазақ қоғамында таяқ лақтырсаң, түсініспеушілікке тиеді. 
Өткенде қаламы жүйрік, ойы ұтқыр Қали Сарсенбай досым қатты 
күйініп тұрып былай деді: «Жиырмасыншы ғасырдағы ең үздік он 
ақын анықталыпты. Əлем бойынша. Онның бірі – Олжас Сүлейменов. 
Басқа елдер енді тани бастаған қазақ үшін осыдан асқан бақыт бар ма? 
Жоқ болуы тиіс ғой!». Осыны Қалекең жылағандай болып тұрып 
айтқаны көз алдымнан кетпейді. Қолыма қалам алғызған Қалиымның 
жанын түсінемін.
Жаһан жұрты барымызды бағалап жатқанда біз не істеп жүрміз? 
Бұқараның бұрын билікке көңілі толмайтын. Қазір асыл ұлдарына 
ұрына бастады. Оларға көңіліміз толмағанда, басқалар бізге жақсысын 
бере ме? Олжасты неге өзегінен тебуге құштар болып алдық? 
Сүлейменовті ауық-ауық қағытып қоюды əдетке айналдырғаннан
ұтқанымыз қайсы? Бізді басқаларға бір адамдай танытқан тұлғамызды 
да қабылдай алмайтындай халге жеткеніміз не? Сұрақ көп...
Айтайықшы, төл ақынымызды орыстар не үшін қуана
қабылдады? Орысша жазғаны үшін бе? Жоқ. Басқа елдің тілінде
жазуымен жат жұрттың бетін бері қарату қиын. Мəселе сонда, сол
жағымыздағы көршіміз оны орыс тілінде қазақы болмыспен жазғаны


үшін мойындады. Өйткені, поэзия үшін осы таңсық. Мұның бəрін жер
басып жүргенінде Қадыр көкем бізге көзімізді бақырайтып тұрып
айтып беріп кетті. Ал, біз бəрібір түсінгіміз келмейді.
***
Дəл осы күндері бір нəрсе анық көзге ұрып тұратын болды. Базар
мен дүкендегі бағалар күн сайын мысықтабандап өсіп барады. Мен
түсінемін, 3 ай бұрын девальвация болды. Бірақ ақшаның құнсыздануы
20 пайыз төңірегінде еді ғой, ал азық-түлік 1,5 есе өсіп кетті. Біз əлі де
жабайы капитализмнен шыға алмай жатқанымызға тағы да сене түстім.
Осы қарқынмен кете беретін болсақ, бізде миллиардерлер емес,
триллионерлер пайда болатынына еш күмəнім қалмай барады.
Шынында да инфляция деген жебір болмаса, дүниедегі бай адамдар
миллионерлікпен шектеліп қалған болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет