Коммерциялық жарнама – қандай да бір тауарды не қызмет түрлерін сатуды, оларға сұраныс тудыруды мақсат ететін ақпарат. Кейде бұл бір тұлға, ұйым, әде- биет және өнер туындысын көпшілікке танымал ету үшін, ол туралы мәлімет тарату да болуы мүмкін.
Әлеуметтік жарнама – жарнама көмегімен қоғамға қоғам құрылы- мындағы қандай да бір проблема- лы тұстарды көрсетуге, түсіндіруге ұмтылу. Мысалы, ерте некеге тұрудың денсаулыққа зияны, қоршаған ортаны қорғау, ерекшеліктері бар (мысалы, аутизмге шалдыққан) балаларға, ден- саулық жағынан мүмкіндігі шектеулі адамдарға тең мүмкіндік беру, олар- дың үйде отырып қалмай, сыртқа шыға алуы, ойын-сауық орталықтарына, кинотеатрларға бара алуына жағдай жасау.
Үгіт – жұртшылықтың саяси сауатын арттырып, олардың қоғамдық-саяси өмірге араласу белсенділігін арттыру үшін, қандай да бір идеяларды таратуды мақсат ететін қоғамдағы ауызекі және баспа әрекет. Бұған сайлаушылармен жұмыс, митингілер, шерулер; көрнекі үгітке плакаттар мен үнпарақтар, сы- ртқы үгітке баннерлер, көшелердегі билбордтар мен мониторлар жатады.