Шариғат қабір орындарын құлшылық-ғибадат орындарына айналдыруға тыйым салғандығы туралы


Қарсылас тараптың кейбір күмәндары және оларға жауап



бет2/4
Дата31.12.2019
өлшемі256 Kb.
#54697
1   2   3   4

4. Қарсылас тараптың кейбір күмәндары және оларға жауап

Құрметті оқырман, әшекейленіп-сәнделмеген адасушылық жоқ екенін біліңіз. Егер бидғатшыларда олар дәлел ретінде көрсететін еш нәрсе болмағанда, оларға ешкім ешқашан ілеспес еді. Алайда Аллаһ Тағала былай деді: «Сондай-ақ ақиқатты бос нәрселер арқылы құлатуға тырысты. Сондықтан оларды қолға алдым. Жазаландыруым қалай екен?» («Ғафир» сүресі, 40:5).



1. Өздерінің жалған идеологияларын тарату үшін сопылар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін көрсетіп, оның мешіт ішінде орналасқанын айтады. Олар: «Егер қабірді мешітке кіргізу немесе қабір үстінде мешіт соғу тыйым салынған (харам) болғанда, онда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің үстіне мешіт соғылмас еді», - дейді.

Жауап:

‘Аишаның «Әрі осы (яғни Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірлердің үстілеріне мешіт салатындарды лағынеттеуі) болмағанда, онда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін ашық жерде қалдырар еді, бірақ (сахабалар) оны (адамдар) ғибадат орнына айналдыруынан қорықты» деген сөздерінен сахабалар Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мешітте жерлемегені және оның қабірінің үстіне мешіт құрмағаны түсініледі. Бұдан қалса, ‘Умар ибн әл-Хаттаб пен ‘Усман ибн ‘Аффан өздерінің билік құру кездерінде мешітті екі рет кеңейтті, әрі олардың ешқайсысы мешітті Пайғамбар жерленген бөлмеге қарай кеңейтпеді. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірі сахабалар Мәдинада тұратын кезде, сол бойы мешіттен тыс қалатын. Ал Мәдина үстінен билік Уалид ибн ‘Абдулмәликке өткен кезде, ол Пайғамбар Мешітінің кезектегі кеңейтуін іске асырды. Ол оны толығымен бұзып, кейін оны Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне қарай кеңейтті де, ол мешіттің ішінде қалып қалды. Бұл һижраның 88 жылы, Мәдинада сахабалардан ешкім қалмаған кезде орын алды.

Осыда сондай-ақ: «Пайғамбардың қабірін мешітке ‘Усман ибн ‘Аффан кіргізді», - дейтіндердің қателіктеріне түсіндірме бар. Мұны ғалымдар мен тарихшылардан ешкім айтпаған, бұдан қалса, олар «қабірді мешітке Уалид ибн ‘Абдулмәлик кіргізді» дегенге келіскен. Қз.: «Тахзир ус-Сажид» 81-бет.

Осы жерде Уалид ибн ‘Абдулмәлик Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мешітін кеңейту барысында оны өте қатты сәндеп жібергенін айта кету қажет. Ол мұны Мысыр мен Шамда христиандардың шіркеулерін көргеннен соң істеді, әрі христиандардың әдет-ғұрыптарына қатты еліктейтіндерден еді. Сондықтан да ол Мәдинаға келген соң және оның бұйрығы бойынша мешіттің кеңейтіліп, сәнделгенін көрген кезде, оны айналып, көріп шықты да, содан соң Абанға (‘Усман ибн ‘Аффанның ұлына) қарап: «Сендерге біздің құрылыстарымызға жету қайда?!», - деді. Сонда Абан оған: «Біз Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мешітін кеңейтетінбіз11 әрі оны мешітке жарасатындай етіп құрдық, ал сендер оны шіркеуге жарасатындай етіп құрдыңдар», - деді. Қз.: «әс-Сияр» 4/347; «әл-Мушахадат» 36-бет.

Осыдан шыға келе, бұл ғалымдардың сөгіс білдіруіне қарамастан қабірді мешітке кіргізген бір билеушінің іс-әрекеті болғаны түсінікті болды. Билеушілер жиі жағдайда ғалымдардың сөгіс білдірулеріне қарамастан шариғатқа қайшы келетін амалдар істейтінін атап кету қажет.

Имам Ибн Ражәб былай деген: «Бұған сондай-ақ Құран да нұсқайды. Аллаһ Тағала дінін сақтап қалу үшін қоныс аударған және үнгірге жасырынған жасөспірімдер туралы баяндап, былай деген: «Ал бұлардың іс басындағылары: “Әрине, олардың үстіне мешіт жасап алайық”, - деді»12. Осы арқылы Аллаһ Тағала әдетте қабірлердің үстілеріне мешіттерді әдетте билікке ие болғандар тұрғызатынын түсіндірді, ал бұл олардың осыны өз әуестеріне еріп, күш және қысым көрсету арқылы істейтініне нұсқайды. Бұл Аллаһ Тағалаға тура жол ретінде елшілерге түсірген нәрселерге көмектесуші білім мен құрмет иелерінің амалдарынан емес». Қз.: «Фәтх ул-Бәри Шарх "Сахих"әл-Бухари» 65/280, «Кауакиб әд-Дурариден», бұл туралы шейх әл-Әлбани «Тахзир әс-Сажидте» (66-бет) айтқанындай.

Сөйтіп, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін оның мешітіне кіргізу қабірлердің үстілеріне мешіт соғып жүргендерге ешқандай дәлел бола алмайды, өйткені бұл күш пен билік арқылы жасалған еді, ал ғалымдарға келер болсақ, олар мұны сөгетін және қате екендігін түсіндіретін.

2. Қабірлерге табынушылар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің үстіне де күмбез тұрғызылғандығына сілтеме жасап, қабірлердің үстілеріне күмбез соғудың рұқсат етілгендігін айтады.

Жауап:

Бұл күмәнға да біз олардың бірінші күмәнына берген жауап арқылы жауап беруіміз қажет. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің үстіне күмбезді Мәнсур Кләун әс-Салихи деген билеуші 678 һ/ж соққан болатын. Ғалымдардан ешкім оның құрылысына қатысты емес. Ал ол мұны тек яһудилер мен христиандарға еліктеп қана жасады.



3. Сопы тариқаттарының кейбір өкілдері қабір орындарында құрылыстар тұрғызуға деген тыйым адамдар қабірлерді қадірлеп-құрметтеуге қайта оралып, сол арқылы көпқұдайшылыққа қайта оралу қауіпі болғандығы себепті ғана орнатылғандығын айтады. Олардың айтуынша, бүгінгі күні мұндай қауіп жоқ, өйткені мұсылмандардың жүректерінде көпқұдайшылық бекем түрде нығайды және олар көпқұдайшылыққа орала алмайды. Сондықтан да, олардың айтуынша, қабірлердің үстілеріне құрылыстар құрудың ешқандай оқасы жоқ.

Жауап:

«Көпқұдайшылық енді жер бетіне қайта оралмайды» деген мәлімдеме айқын және терең адасушылық болып табылады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болу кезінде соңғы демінің алдында қабірлердің үстілеріне құрылыстар құрудан сақтандырған болса, онда бұл тыйымның күші қай кезде жойылып үлгерді?! Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің сахабалары үшін қорықпады, өйткені бірқұдайшылық олардың жүректерінде шынында да бекем болатын, алайда ол олардан кейін келетін мұсылмандар үшін қорықты. Сондықтан да Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Менің үмметімнің бір бөлігі көпқұдайшылдарға қосылып кетпейінше және үмметімнің бір бөлігі пұттарға табына бастамайынша Қиямет Күні басталмайды», - деп айтқан (хадис сенімді (сахих), Муслимнің шарттарына сәйкес келеді; Абу Дауд 2/202; Тирмизи 3/227; әл-Хаким 4/448 және басқалар).

Дәл сондықтан да сахабалар тіпті Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болуынан кейін де қабірлердің басында көрген кез-келген құрылыстарды бұзатын.

Егер Аллаһ Тағала бірқұдайшылдардың имамы болған Ибраһим пайғамбар туралы: «Сол уақытта Ибраһим: “Раббым! Осы қаланы (Меккені) бейбіт қыл, әрі мені мен ұлдарымды пұттарға табынудан сақта! Раббым, ақиқатында, олар, адамдардың көбін адастырды...", - деді» («Ибраһим» сүресі, 14:35-36), - деп айтқан болса, онда біз туралы не айтуға болмақ.

Әрі бүкіл араб және араб емес әлеміндегі миллиондаған адамдардың қабірлер мен кесенелердің бастарына барып жиналуы да көпқұдайшылықтың келуі екіталай емес екендігіне айқын дәлел болады.

4. Қабірлерге табынушылардың кейбіреулері: «Құрылыстарды тек қабірлердің дәл үстіне құруға ғана тыйым салынған, өйткені хадисте: «...қабірлердің үстіне...», - деп айтылады. Осыдан шыға келе, қабірлердің қасына құрылыстар соғуға тыйым салынбаған», - дейді.

Жауап:

«Үстіне» (‘алә) деген көмекші сөз араб тілінде бірнеше мағынада келеді, олардың біреуі «қасында» деген мағына болып табылады.

Сондықтан да Әнас ибн Мәлик баяндаған Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көкке (миғражға) көтерілуі туралы хадисте: «Мен қайттым да, Мусаның қасынан (‘алә) өттім», - деп айтылады (хадис сенімді (сахих); Бухари 3/1173; Муслим 1/150). Арабтардан ешкім бұл сөйлемді: «Мен қайттым да, Мусаның үстінен өттім», - деп түсінбейді.

Сондай-ақ Самура ибн Жундуб былай деп баяндаған: «Мен босану кезінде қайтыс болған әйелге жаназа намазын орындап тұрған Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) артында ұйып намаз оқыдым. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның қасына (‘алә), денесінің ортасына қарама-қарсы тұрды» (хадис сенімді (сахих); Бухари 1/447; Муслим 2/664; Абу Дауд 3/536).

Арабтардан ешкім бұл сөйлемді: «Оның денесінің дәл ортасына шығып, үстіне мініп тұрды», - деп түсінбейді.

Осыдан шыға келе, қабірлерге табынушылардың бұл күмәні де дәлел болуға жарамайды.



5-Бөлім. Құлшылық-ғибадатта көпқұдайшылдарға ұқсап-еліктеуге тыйым салынғандығы туралы

Абу Умама Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)былай дегенін баяндаған: «Күн шығып жатқан кезде намаз оқымаңдар. Ақиқатында ол шайтанның екі мүйізінің ортасында шығады, әрі осы кезде оған әрбір кәпір иіледі. Күннің батып жатқан кезінде намаз оқымаңдар ...» (хадис оны нығайтатын тізбектердің болуы себепті сенімді (сахих); Ахмад 5/260).

Бұл хадисте егер бірқұдайшыл адам кейбір құлшылықтарды орындау барысында көпқұдайшылдарға сырттай ұқсау орын алатынын түсінсе, оларды кейде қалдыратынына нұсқау бар. Күнге табынушылар күннің шығып және батып жатқан кезінде оған құлшылық-ғибадат жасайтындықтары себепті де, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарға осы кезде намаз орындауға тыйым салды, өйткені бұл бөгде адамның: «Мұсылмандар да күнге табынушылар секілді күнге сиынады», - деп ойлап қалмауы үшін.

6-Бөлім. Қабір орындарында орындауға тыйым салынған кейбір ғибадат түрлері.

1. Намаз

а) Қабірдің жанында, оған қарамай намаз орындау.

Абу Са’ид әл-Худри Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Зираттар мен моншалардан басқа бүкіл жер ғибадат орны болып табылады» (хадис сенімді (сахих); Ахмад 3/83; Абу Дауд 492; Тирмизи 317; Ибн Мәжаһ 745 т.б. Шейх әл-Әлбани, Муқбил т.б. бұл хадисті сахих (сенімді) деген. Қз.: «әл-Ируа» 1/320; «әс-Сахих әл-Муснад» № 380).

Әнас ибн Мәлик былай деп баяндайтын: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірлердің арасында намаз орындауға тыйым салды» (хадис сенімді (сахих), оның барлық жеткізушілері сенімді; әл-Бәззар 441, 442 т.б.).

Ибн ‘Умар Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Үйлеріңде де намаз орындаңдар, оларды зираттарға айналдырмаңдар» (хадис сенімді (сахих); Бухари 432; Муслим 777; Ахмад 4511, 4653, 4065; Абу Дауд 1448; Ибн Мәжаһ 1377).

Ғалымдардың көпшілігі бұл хадистен «қабір орындары намаз орындайтын орын болып табылмайды» деген қорытынды шығарды. Солардың арасында: имам әл-Бухари, ибн Хәжар, Бәғауи, Хаттаби т.б. Қз.: «әл-Әусат» 2/183; «Мәа’алим ус-Сунан» 1/127; «Шарх ус-Сунна» 2/146; «Фәтх ул-Бәри» 1/529.

Бұл хадистердің барлығы қабір орындарында, қабірлер қандай орналасқандығына қарамастан, олардың кез-келген жерінде Аллаһқа намаз орындауға тыйым салынғандығы туралы айтады.



ә) Қабірге қарап намаз орындау.

Абу Мәрсад әл-Ғанауи Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Қабірлерге қарап намаз орындамаңдар және олардың үстіне отырмаңдар» (хадис сенімді (сахих); Муслим 972; Абу Дауд 3229; Тирмизи 1050; Нәсаи 759; т.б.).

Бұл хадисте қабір жақа қарай намаз орындауға деген тыйым қамтылған.

Алайда осы жерде мыналарға назар бұру қажет: егер адам намазды қабірге қарап, бірақ Аллаһ үшін орындаса, онда бұл тыйым салынған (харам) болып табылады әрі осы адам күнә көтереді. Ал егер ол осынысымен бірге өзінің осы намазының сауабы қабірге қарамай оқылған намаздың сауабынан үлкенірек деген сенімде болса, онда бұл тыйым салынған (харам) болуымен бірге дінге енгізілген жаңалық (бидғат) та болып табылады. Ал егер оның қабірге қарап намаз орындауындағы ниеті осы қабірді немесе ондағы жерленген «әулиені» ұлықтау болса, онда бұл айқын көпқұдайшылық (ширк).

Ханафи мәзһабының атақты ғалымы ‘Али әл-Қари былай деген: «Ал егер қабірге қарап намаз орындаушының ниеті осы арқылы сол қабірге құрмет көрсету немесе оны немесе онда жерленген кісіні ұлықтау болса, онда ол кәпір болады». «Әл-Мирқат әл-Мәфатих» 2/372.

Әнас ибн Мәлик былай деп баяндайтын: “Бірде ‘Умар ибн әл-Хаттаб менің қабір жанында намаз орындап жатқанымды көрді де, маған: «Қабір, қабір, оған қарап намаз орындама!», - деді” (сахих хабар; Бухари ілінген (му’алләқ) түрінде 1/152; ‘Абдурраззақ 1/404; Ибн әл-Мунзир «әл-Әусатта» 2/186).



б) Қабір бар мешітте орындалатын намаз.

Осы бөлімге қатысты мәселелерді қарап шығу барысында біз Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабір орындарында, ол қабірлер намаз орындаушының қай жағында болуына қарамастан, намаз орындауға тыйым салғанын түсініп алдық. Ал қарап жатқан осы тарауда біз Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ қабірдің үстіне мешіт салуға да тыйым салғанын да түсіндік. Осының барлығынан қабірдің басында салынған мешітте, немесе ішіне қабір кіргізілген мешітте намаз орындауға тыйым салынғандығы келіп шығады. Ал шектен шыққан сопылар келтіруді жақсы көретін, Абу Хурайрадан Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен Меккеден Иерусалимге көтеріліп жеткізілген сол түні Жәбірейіл маған: «Мынау сенің атаң Ибраһимның қабірі; түс те, онда намаз орында», - деп айтты», - деген хадиске келер болсақ, бұл хадис өтірік, өйткені оның иснадында Бакр ибн Зияд бар. Ол туралы Ибн Хиббан: «Ол хадистерді мығым жеткізушілердің атынан ойдан шығаратын дажжәл еді. Оның өтірікшілігін әшкерелеп түсіндіруден өзге мақсатта кітаптарда оны атауға рұқсат етілмейді», - деп айтқан. Имам әз-Зәһаби: «Ибн Хиббан шындықты айтты», - деген.



в) Қабір орындарында орындалған намаз жарамды болып табылады ма?

Бұл мәселедегі сенімді пікір қабір орындарында, немесе ішінде қабірі бар мешітте, немесе кесене мен мазарлардың қасында орындалған намаз жарамсыз, әрі оны басқа жерде қайта орындау қажет деген пікір болып табылады. Өйткені намаз – бұл ғибадат, ал егер ол тыйым салынған жерде орындалса, онда жарамсыз болады. Өйткені тыйым амалдың жарамсыз болуына және оны жасаған адам күнә көтеретіндігіне алып келеді. Қалайша адам Аллаһқа мойынсұнбаған күйінде Оған мойынсұнушы бола алады?! Қалайша ол Аллаһ тыйым салған нәрсені жасап жатып, Оның бұйырғанын орындаушы бола алады?! Қалайша ол Аллаһтан алыстататын амалды жасап жатып, Оған жақындай алады?! Қз.: «әл-Муғни» 2/477.

Бұған Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына хадисі нұсқайды: «Кім біздің бұйрығымыз болмаған істі жасаса, ол қайтарылады» (хадис сенімді (сахих); Муслим (1718) ‘Аишаның сөздерінен).

Бұл пікірді имам Ахмад 13, имам Ибн Ражәб («әл-Қауа’ид» 11-бет), Ибн Муфлих («әл-Фуру’» 1/372), Ибн Хазм, Ибн Таймия («әл-Ихтиярат» 44-бет), Ибн әл-Қайим, әш-Шаукани қолдаған. Қазіргі заманның ғалымдарынан бұл пікірді шейх Ибн Баз, Ибн әл-‘Усаймин, Муқбил ибн Хади т.б. таңдаған.

Ал егер қабірлер қазып алынса, жойылса және енді бұл орын адамдар жерленген орын болмаса, онда мұндай жерде намаз орындау айыпталмайды әрі ол намаз жарамды болады. Бұған дәлел – Мәдинадағы Пайғамбардың мешіті көпқұдайшылдардың қабірлері қазып алынып, жойылып, ал жер тегістелгеннен кейін солардың орнына салынғандығы (хадис сенімді (сахих); Бухари 428; Муслим 524).

Егер мешіт қабір орындарында салынған болса, онда орындалған намаз жарамсыз болады, өйткені бұл мешіт қабірлердің үстіне тұрғызылды, ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұған сан рет тыйым салған болатын. Қз.: «әл-Муғни» 2/475. Ал егер зират бұрын салынып қойылған мешіттің айналасына немесе оның дәл алдына ұйымдастырылған болса, онда орындалған намаз да жарамсыз, өйткені бұл намаз қабірге қарай орындалады, ал бұл да Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тарапынан тыйым салынған. Қз.: «әл-Фуру’» 1/375.

Ал егер адам өзінің намаз орындаған жерінің қабір орны болып табылатынын білмеген болса, онда ол күнә көтермейді, алайда таза емес жерде намаз орындаған адам сол жерде лас нәрселер бар екенін білмеген болса да намазын қайта орындауы қажет болғанындай, ол да намазын қайта орындауы керек. Қз.: «әл-Муғни» 2/469.

2. Құрбан шалу

а) Қабір орындарында құрбан шалу.

Қабір орындарында мал бауыздау қаты сөгіс етілетін амал екендігіне Ислам ғалымдарының арасында ешқандай келіспеушіліктер жоқ. Ал ханафи мәзһабының (Қз.: «Табйин ул-Хақаиқ» 2/246.), мәлики мәзһабының (Қз.: «әл-Мәдхәл» 3/267.), шәфи’и мәзһабының (Қз.: «әл-Мәжму’» 5/290.) және хәнбәли мәзһабының (Қз.: «әл-Фуру’» 2/269.) ғалымдарына келер болсақ, олардың барлығы қабір орындарында құрбан шалуды тыйым салынған (харам) амал және ең жексұрын бидғаттардың бірі деп санайды.

Әнас ибн Мәлик Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Исламда қабірлердің алдында құрбан шалу жоқ» (хадис сенімді (сахих), Бухари мен Муслимнің шарттарына сәйкес келеді; Абу Дауд 3222; Ахмад 3/197; әл-Бәйһақи 7069 т.б.).

‘Абдурраззақ ибн Химмам былай деген: «Көпқұдайшылдар жәһилиет кезінде қабірдің жанында құрбандыққа сиыр немесе қой шалатын».

Шейхул-Ислам былай деп айтқан: «Қабірлердің алдында құрбан шалуға келер болсақ, бұған мүлде тыйым салынған. Имам Ахмад қабірде бауыздалған малдың етін жеуге тыйым салатын». Қз.: «Иқтида» 182-бет.

Имам ән-Науауи былай деген: «Қабірдің алдында құрбан шалу Әнас ибн Мәликтің хадисіне сүйенген түрде айыпталады». Қз.: «әл-Мәжму’» 5/320.

Осы жерде келесі жайттарға назар бұру қажет: егер адам құрбанды тек Аллаһқа ғана және Оның атымен шалса, бірақ қабір орындарында шалса, онда бұл тыйым салынған (харам) және дінге енгізілген жаңалық (бидғат) болып табылады. Ал егер адам осы орайда: «Қабірдің алдында құрбан шалу басқа жерлерде құрбан шалуға қарағанда сауаптырақ, - немесе, - жақсырақ», - деп сенсе, онда бұл адасушылық пен бидғат біріншісіне қарағанда үлкенірек болады. Ал егер адам (біле тұра) құрбанды қабірде жатқан адамға арнап, мысалы, сол «әулие» оның тілегін орындауы немесе ауыруға шипа беруі, немесе жоғалған біреуді қайыруы үшін, шалса, онда бұл адам – Исламнан шығаратын айқын көпқұдайшылық жасап жатқан көпқұдайшыл. Олардың кейбіреуі енді туылған малды сол қабірге құрбан шалу үшін белгілеп қоятынын айтпағанның өзінде. Олардың сенімі бойынша бұл малды піштіруге немесе алмастыруға болмайды, өйткені бұл қабірдің ұлықтығына сәйкес келмейтін кемшілік болып табылады-мыс. Қз.: «әл-Мә’ариж ул-қабул» 1/407.

Шейх әл-Әлбани былай деген: “Егер адам қабірдің алдында жалғыз Аллаһ үшін мал бауыздаса, онда бұл тыйым салынған. Ал егер ол оны, кейбір надандар істейтіндей, өлген адам үшін бауыздаса, онда бұл айқын көпқұдайшылық. Бұл малдың етін жеу харам әрі бұзақылық болып табылады, бұл туралы Аллаһ Тағала: «Оған Аллаһтың аты айтылмағаннан жемеңдер, өйткені бұл бұзақылық» («әл-Әнғам» сүресі, 6:121), - деп айтқан. Ол сондай-ақ: «Аллаһтан басқаның атымен бауыздалған мал арам» («әл-Әнғам» сүресі, 6:145), - деген”. Қз.: «Әхкам ул-жәнаиз» 260-бет.

Тура сол сияқты, егер адам қабірдің қасында мал соямын деп Аллаһқа нәзір (уәде) берген болса, оның нәзірі жарамсыз болады және оны орындауға тыйым салынады. Қз.: «Кәшшаф ул-Кәна’» 2/149.

Мыналар – Түркістан мен Бекет атада, Арыстан Бабта тағы басқа да қабірлерде құрбан шалынып жатқандығын дәлелдейтін интернеттен алынған үзінділер: «Әулиелер аралауға шыққандарға әруақтарға арнап, мал союлары жүктеледі.  Шелпек, қант, дастархан мәзірі. 3 метр ақ мата, 1 метр белге байлайтын мата, 25000 теңге ақша талап етеді».



«Оңтүстік өңіріндегі әулие-әнбілерді тізбектеп, басына түнеп, солардан тілеп, аталар атына бағыштап мал сойып және бейіттерін тәуап етіп келеді».

«Бекет атаның ұрпақтары Оғыландының басына жиылып, атаға арнап ас берген. Асқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Орта Азия елдерінен де шақырулы қонақтар көптеп келіп, бірнеше қаз-қатар киіз үйлер тігілген. Кешегі қызыл империяның тепкінімен шартарапқа тарыдай шашырап кеткен маңғыстаулықтар сырттай сиынып жүрген Бекет атасының асына зор ықыласымен келіп, ата жолына арнаған садақаларын түйіп, ата ұрпақтарының батасын алған».

«Құрбан шалынатын бөрене таудың орта жағында орналасқан».

«Қасиетті бұлаққа қайта оралайық. Қазір бұл - жолдар төселген, сумен құюнуға арналған кабинкалар орнатылған, тамақтану мен құрбан шалу орындарымен жабдықталған аймақ».

Сондай-ақ осы жерде не себепті қабірлердің жанында мал союға тыйым салынғандығын түсіндіріп өту де қажет. Мұның себебі қабірдің қасында құрбан шалушы адам сырттай көпқұдайшылдарға ұқсап кетеді, өйткені осынысымен ол солардың салты болған амалды жасайды. Ал оның ниетіне келер болсақ, ол айналасындағыларға немесе жанынан өтіп бара жатқандарға беймәлім. Дәл сондықтан да осылайша бауыздалған малдың етін жеуге тыйым салынған, өйткені ол Аллаһ үшін сойылғандығына кепілдік жоқ 14. Сондықтан да мұндай етті жеуге тыйым салынғандығы туралы имам Ахмад айтқан болатын. Қз.: «әл-Фуру’» 2/296.

Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Қабір орындарында мал сою ешкім үшін заңдастырылмаған, тіпті егер адам осы орынды арнайы таңдамаған болса да. Осымен шариғат көпқұдайшылыққа алып баратын жолды жауып тастады. Дәл сондықтан да Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) күннің шығып және батып жатқан кезінде намаз орындауға тыйым салған болатын. Осы уақыттарда пұтқа табынушылар күнге табынады. Және ол мұны тіпті егер мұсылман намазды жалғыз Аллаһ үшін орындаған болса да және күнге табыну оның ойында болмаса да тыйым салды». Қз.: «әл-Фәтауа» 27/496.

Ал малды қабірде жатқан кісіге, немесе оның әруағына, немесе т.с.с. нәрселерге арнап соятын адамға келер болсақ, онда ол осынысымен Исламнан шығады да, кәпірге айналады. Бұл құрбан шалудың Аллаһтан өзге ешкімге арнауға болмайтын ұлы ғибадат болғандығы себепті.

Аллаһ былай деді: «Намазым, құлшылығым, тіршілігім және өлімім бүкіл әлемнің Раббысы Аллаһ үшін. Оның серігі жоқ. Осылай бұйырылдым және мен бойұсынушылардың алғашқысымын», - де” («әл-Әнғам» сүресі, 6: 162-163).

Ол тағы да былай деді: «Сондықтан Раббың үшін намаз орында және құрбан шал» («Кәусар» сүресі, 108:2).

‘Али ибн Аби Талиб Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Аллаһ Өзінен басқаға құрбан шалушыны лағынеттеді» (хадис сенімді (сахих); Муслим 1978; Ахмад 1/108, 118).

б) Кәпірлер мен көпқұдайшылдар құрбан шалатын жерде құрбан шалу.

Сондай-ақ осы тарауда «кәпірлер мен көпқұдайшылдар құрбан шалатын жерде құрбан шалу» деген дербес бір мәселені де қарап өту қажет.

Жалпы, Түркістанда болсын, осы сияқты басқа да жерлерде болсын, жиі жағдайда түрлі дін өкілдерінің рәсімдері қосылып өтіп жатады.

Бұған көз жеткізу үшін бірнеше үзінділерді келтіру жеткілікті болады:



«Бұлақтың өзі... бір-бірінің жанына орналасқан 3 бөлікке бөлінген: мұсылмандардың, христиандардың және пұтқа табынушылардың зонасы. Менің ойымша, адамдардың өздері бәрібір Аллаһ бір екенін шешті де, жуынды, шомылу үшін шелектерін және үйге алып кету үшін ыдыстарын толтырып алды, үш орынның үшеуінен де су ішті. Менің өзім қай орын қай дінге қатысты екенін анықтай алмадым».

Көпқұдайшылдар өз рәсімдерін орындау үшін арнайы орындарын белгілеп қоятындығымен ерекшеленетіндігін атап кету қажет. Әсіресе, бұл құрбан шалуға арналған орындарға қатысты.

Сабит ибн Даххак былай деп баяндайтын: «Бір адам Буанда 15 құрбан шалуға нәзір беріп, осы туралы Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сұрақ қойды. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) одан: «Сол жерде надандық дәуірінде құлшылық жасалатын пұт тұрған ба?», - деп сұрады. Адамдар: «Жоқ», - деп жауап берді. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ол жерде олардың қандай да бір тұрақты жиналыстары өтетін бе?», - деп сұрақ қойды. Адамдар: «Жоқ», - деп жауап берді. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Онда нәзіріңді орында», - деп жауап берді. (хадис сенімді (сахих), Бухари мен Муслимнің шарттарына сәйкес келеді; Абу Дауд 3313; әл-Бәйһақи 10/83; Табарани 1341; шейх Муқбил оны сахих (сенімді) деді (№ 186)).

Бұл хадистен мынандай қорытындылар жасауға болады:

1. Бұл адам осы күні: «Ата-бабаларымыз мауліт жасаған, әруақтардың атынан ас берген», - деп, осыларды істеп жүрген қазақтардың көбі сияқты осы халықтың немесе ата-бабаларының әдет-ғұрыптары не айтатынымен шектелмеді де, мұның шариғаттағы үкімін Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сұрап білді. Бұл кісі адам Исламды қабылдағаннан кейін барлық істің шешімін ата-бабалардың істегендеріне емес, Құран мен Сүннетке қайтару қажет екенін айтқан.

2. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны осындай сұрақ қойғаны үшін сөкпеді, өйткені Исламда кез-келген жерде құрбан шалуға рұқсат етілмейді. Ал егер құрбанды кез-келген жерде шала беруге рұқсат етілетін болғанда, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған артық сұрақтар қойғандығы үшін сөгіс айтар еді.

3. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл адамнан сол жер туралы сұрай бастады, ал бұл қандай да бір орында құрбан шалуға тыйым салатын белгілі жайттар бар болуы мүмкін екендігіне нұсқайды.

4. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл адамды дәл Буанда құрбан шалуға нәзір беруге итермелеген қандай да бір себептер бар болуы мүмкін болғандығы себепті, одан осы туралы сұрады.

5. «Онда нәзіріңді орында» деген сөздер «егер бұл адам қойылған сұрақтардың біреуіне болса да «Иә», - деп жауап бергенде, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған Буанда мал союға тыйым салатын еді» дегенге нұсқайды.

6. Бұл хадисте «күнә жасау сол күнә жасалған жерде ізін қалдырады» дегенге дәлел бар.

7. Бұл хадис «егер көпқұдайшылдар белгілі бір жерде өздерінің рәсімдерін орындаған болса, онда бірқұдайшылдарға сол жерде өз рәсімдерін орындауға тыйым салынған, өйткені бұл бірқұдайшылдардың көпқұдайшылдарға сырттай ұқсап кетуіне әкелетіндіктен, тіпті егер қазіргі кезде көпқұдайшылдар сол жерде өз рәсімдерін орындамайтын болса да» дегенге дәлел болып табылады. Ал егер кәпірлер өз рәсімдерін сол жерлерде осы күнге дейін, қарапайым адам олардың қайсысы мұсылман, ал қайсысы пұтқа табынушы екенін ажырата алмайтындай және бұл рәсімдер (солардың ішінде құрбан шалу да бар) кімге арналып жатқанын түсіне алмайтындай дәрежеде орындап жатса, онда бұл туралы не айтуға болмақ?!

8. Бұл хадисте «көпқұдайшылдарға және кәпірлерге ұқсау адамда ондай ниет болмаса да орын алуы мүмкін» дегенге дәлел бар. Әрі адам көпқұдайшылдарға ұқсағысы келген-келмегеніне қарамастан, оны соларға ұқсататын іс-әрекет жасауына бәрібір тыйым салынады, өйткені Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз нәзірі туралы сұраған кісінің мұндай ниеті жоқ болатын, бірақ бұған қарамастан Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны сұрай бастады.

9. Бұл хадис біздің көпқұдайшылдардан бөлініп жіктелуіміз және оларға барлық нәрседе ұқсамауымыз қажет екендігіне нұсқайтын маңызды негіз болып табылады. Біз өз рәсімдерімізді олармен бірге, немесе олар өз рәсімдерін орындайтын жерлерде немесе олар жиналатын уақыттарда орындамауымыз қажет. Бұл негіз өте үлкен маңызға ие, өйткені ол ақиқат пен жалғанды ажырату міндеттілігінен және оларды аралыстыруға тыйым салынғандығынан туындайды.


Каталог: books
books -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
books -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
books -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
books -> Хрестоматия ежелгі дәуір әдебиеті ббк 84(0)3 е 33 «Қазақ әдебиетінің тарихы»
books -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
books -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
books -> Антон Первушин Астронавты Гитлера


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет