Шариғат қабір орындарын құлшылық-ғибадат орындарына айналдыруға тыйым салғандығы туралы


Қабірдің алдында өзің үшін дұға ету



бет3/4
Дата31.12.2019
өлшемі256 Kb.
1   2   3   4

3. Қабірдің алдында өзің үшін дұға ету.

Зираттарды зиярат жасаған кезде қайтыс болған адамдар үшін дұға ету бекітілген сүннет болып табылады. Адам зиратты зиярат жасаса және қайтыс болған адамдарға сәлем бергісі келсе, олармен зират жаққа жүзін бұрып сәлемдеседі, әрі бұл ғалымдардың басым бөлігінің (жумхур) пікірі. Олардың арасында мәликилер («Мәухиб әл-Жәлил» 2/237.), шәфи’илер («әл-Мәжму’» 5/286.), ханбәлилер («әл-Муғни» 5/466.) бар. Ал ханафи мәзһабының ғалымдарына келер болсақ, олар бұл мәселеде екі пікірге бөлінді:

1. Сәлемдесу кезінде Қыблаға бет бұру қажет.

2. Сәлемдесу кезінде зиратқа бет бұру қажет.

Екінші пікір имам Абу Ханифаға тиісті («Фатх ул-Қадир» 3/168).

Ал сәлемдесуден кейін дұға жасаушыға келер болсақ, төрт имамның барлығы «осы тұста жүзді Қыбла жаққа қарату қажет, әрі ешбір жағдайда дұғаны қабірге қарап жасамау керек, өйткені сырт көзге бұл адамның қайтыс болғандар үшін емес, қайтыс болғандардың өздерінен сұрап тұрғандай болып көрінбеуі үшін» дегенге бірауызды келіскен.

Имам Ибн әл-Қайим былай деген: “... Әрі төрт имамның барлығы «қайтыс болғандар үшін дұға жасағанда бетті Қыблаға қарату қажет» дегенге келіскен. Адам дұғаны қабірге қарап жасап жатқандай болып қалмауы үшін, өйткені дұға – бұл ғибадат”. Қз.: «Иғасат ул-Ләхафан» 1/174.

Ал қабір орындарында тұрып өзің үшін дұға жасауға келер болсақ, егер бұл осы жерлерден өтіп бара жатқан тұста абайсыз жасалған болса, немесе дұға Сүннетте16 келген сөздермен ғана шектелген болса, онда оқасы жоқ, әрі бұл шариғат тарапынан заңдастырылған.

Ал егер адам дәл осы жерлерде дұға етуге ұмтылса және осы жерлерде жасалған дұға Аллаһ тарапынан жақсырақ және жеңілірек қабылданады, немесе оның сауабы көбірек деп санаса, онда бұл бидғат, адасушылық және тыйым салынған сенім болып табылады.

Мұның дәлелдері келесідей:

1. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабір орындарында ғибадат жасауға ашық мәтіндер арқылы тыйым салды, ал бұл осы жерлерде дұға етудің де тыйым салынғандығын меңзейді. Өйткені бұл жерлерде намаз орындауға тыйым салынғандығының себебі – адамның жүрегі осы қабірлерге байланып қалуынан және ол осы қабірлердің алдында уақыт өткізе бастауынан қауіптену.

Алайда қабірлердің қасында дұға жасайтын адам, әдетте қысылған күйде болады, ол қандай да бір проблемасының шешілу жолын немесе басына түскен ауыр жағдайдан шығу жолын іздеп, Аллаһқа жалбарынса да, оның бұл амалы көпқұдайшылықтың есіктерінің ашылуына бейім, ал (қабірдің басынан өзге жерде) жаны жайлы жүрегі тыныш болып намаз орындайтын адамның жағдайы мұндай емес. Қз.: «әл-Иқтида» 2/684.

2. Қабірлердің қасында дұға етіп Аллаһқа жалбарыну үшін оларға ұмтылу қасиетті мәтіндердің ешқайсысында: Құранда да, Сүннете де, Пайғамбардан да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын), сахабалардан жеткен хабарларда да, үмметтің имамдарының кітаптарында да келмеген.

3. Сахабалар мен олардың ізбасарлары, сондай-ақ үметтің имамдары мұны өздері істемеген әрі мұндайды сөккен. Бұл туралы хабарларды біз кітаптың әртүрлі тарауларында келтіріп кеткен болатынбыз.

Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Көптеген ғалымдар дұғаның артықшылығы туралы, оған Аллаһ тарапынан жауап қайтарылатын уақыттар мен жерлер туралы кітаптар жазған. Әрі осы ғалымдардың арасында қабір орындарында жасалатын дұға басқаларға қарағанда жақсырақ және артығырақ деп бір әріппен болса да атап кеткен бірде-бір ғалым табылмаған. Салиқалы сәләфтар мұны мақұлдамайтын, (керісінше,) теріске шығаратын, бұйырмайтын, (керісінше,) тыйым салатын». Қз.: «әл-Иқтида» 2/728.

4. «Қабірдің қасында жасалған дұға тезірек және жиі жағдайда қабыл болады» деген сенім адамдар қабірлерге жиналып, оларға сапармен баруға жетелейді, ал дәл осыған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тыйым салған.

Ал қабірлерге сиынатын сопыларға келер болсақ, олар барлық келтірілген дәлелдерге қарамастан: «Салиқалы адамдардың қабірлерінің қастарында Аллаһқа дұға етіп жалбарыну мұсылмандар барлық жерде және уақыттарда жасап келген бекітілген амал», - деп айтуын жалғастыра береді. Қз.: «әл-Басаир», 99-бет.

Кім қайтыс болған адамдардың өздерінен сұраса, сол адасқан көпқұдайшыл болады, әрі бұған күмән жоқ. Мұның түсіндірмесі кітаптың тарауларының бірінде әлі келеді.



4. Құран оқу.

Абу Хурайра 17 Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Үйлеріңді зираттарға айналдырмаңдар, ақиқатында, шайтан «әл-Бақара» оқылып жатқан үйден қашады» (хадис сенімді (сахих); Муслим 780).

Қазы Абу Я’лә былай деген: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Құран оқылмайтын үйді зиратпен теңегенінің себебі – Құран зиратта оқылмайды». Қз.: «әр-Риуаятайн уәл-уажһайн» 2/212.

Осы хадистен әрі сахабалар мен олардың ізбасарларының ешқайсыларында қабірлерде Құран оқу белгілі болмағандығынан шыға келе, ғалымдардың басым бөлігі (жумхур) қабірлерде Құран оқуды рұқсат етпейтін. Бұл пікір сондай-ақ имам Абу Ханифаға («Хашия әш-Шилби ‘алә Табйин әл-Хақаиқ» 2/246, имам Ибн Абил-‘Изз "Шарх «'Ақида әт-Тахауия»" (534) кітабында айтқан), Мәликке («әл-Мадхәл» 3/ 263) және Ахмадқа тиісті. Бұдан қалса, Имам Ахмадтан оның: «Қабір басында Құран оқу – бидғат», - деп айтқаны жеткізіледі. Қз.: «Мәсаил имам Ахмад риуаят Исхақ» 1/190.

Абу Хафс ибн Муслим әл-‘Абқари былай деген: «Оннан көп адам имам Ахмадтан қабір орындарында (Құран) оқу бидғат екенін жеткізеді». Қз.: «әр-Риуаятайн уәл-уажһайн» 2/213.

Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деген: “Имам әш-Шәфи’иге келер болсақ, одан осы мәселеге байланысты тіпті еш нәрсе келмеген. Мұның себебі – оның кезінде мұндайды ешкім істемейтін. Әрі имам Мәлик: «Мен мұндайды істейтін ешкімді білмеймін», - деп айтқан. Осыдан сахабалар да, олардың ізбасарлары да мұндайды істемегені айқын болады. Қз.: «әл-Иқтида» 182-бет.

Ал қабір орындарында Құран оқудың артықшылықтары туралы айтылған хадистерге келер болсақ, олардың барлығы өтірік.

‘Али ибн Аби Талиб Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін айтқан: «Кім қабірдің жанынан өтіп бара жатып «Ихлас» сүресін он бір рет оқыса, ал содан соң осы оқығанының сауабын қайтыс болғандарға бағыштаса, сол қайтыс болған адамдардың санына сәйкес мөлшерде сауап алады» (хадис ойдан шығарылған, өтірік; Ибн әл-Жәузи «әл-Мәуду’ат» 3/239; Қз.: «Әхкам ул-жәнаиз» 245-бет).

Әнас ибн Мәлик Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Егер біреу зиратқа кіріп, «Ясин» сүресін оқыса, онда осы қабірде жерленгендерге осы күнгі жазалары жеңілдетіледі, ал оған осы қабірде қанша адам жерленген болса, сонша сауап жазылады» (хадистің тіпті жеткізушілер тізбегі жоқ, әрі өтірік болып табылады; Қз.: «әд-Да’ифа» 3/397).

«Кім ата-анасының қабірін немесе олардың біреуінің қабірін зиярат етсе және оның жанында «Ясин» сүресін оқыса, оған оның күнәлары кешіріледі» (хадис өтірік; Қз.: «Файд әл-Қадир» № 8717).

Сондай-ақ қабір басында «әл-Фатиха» сүресін оқу да бидғат болып табылады. Қз.: «Тафсир әл-Мәнар» 8/268.



5. Қабірлерді айналу (тәуап жасау).

Діни рәсім жасау ниетімен қандай да бір нәрсені айналу тыйым салынған және ең жиіркенішті бидғаттардың бірі болып табылады. Өйткені Аллаһ Тағала айналу (тәуап жасау) үшін тек Қағбаны ғана белгіледі әрі одан өзге еш нәрсені емес.

Аллаһ былай деді: «Кейін олар өз рәсімдерін аяқтасын, нәзірлерін орындасын және Ежелгі Үйді (Қағбаны) айналсын (тәуап жасасын)» («Хаж» сүресі, 22:29).

Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Ал Қағбадан басқа нірсені айналу (тәуап жасау) – ең ұлы тыйым салынған бидғаттардың бірі. Кім діни рәсім ретінде Қағбадан басқа қандай да бір нәрсені айналса (тәуап жасаса), оны тәубеге келтіреді, ал егер ол тәубе етпесе, онда оны өлім жазасымен жазалайды». Қз.: «Мәжму’ әл-Фәтауа» 26/121. «Мұсылман елдерінде мұндай адамға діннен шыққан (муртад) ретінде өлім жазасы туралы үкім шығарылуы мүмкін» деген меңзеледі. Ал өлім жазасы туралы үкімді шығару және оны атқару мұсылман елінің әмірінің (билеушісінің) айырықша (оған ғана тиісті) құзыры болып табылады.

Айналу (тәуап) тек Қағбаға қатысты заңдастырылғандығы туралы көп ғалымдар айтқан. Қз.: әл-Бахути «әр-Рауд ул-Мурби’» 152-бет; «Мәжму’ расаил әл-Кубра» 2/410; имам ән-Науауи «әл-Идах фил-Манасик» 160-бет; Ибн әл-Хажж «әл-Мадхәл» 1/263; әс-Суюти «әл-Амр бил-Иттиба’» 125-бет, т.б.

6. Қабірді немесе қандай да бір басқа затты береке алу немесе киелі сипатқа бөлеу және құрмет көрсету мақсатымен сүю.

‘Умар ибн әл-Хаттаб қажылық жасау кезінде Қара тасты сүйіп жатып, былай деген: «Аллаһпен ант етемін, мен сенің пайда да, зиян да келтірмейтін тек тас екеніңді білемін. Әрі егер мен Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сені сүйгенін көрмегенімде, мен де сені сүймес едім» (сахих хабар; Бухари 2/160; Муслим 2/925).

Имам Ибн Дақийқ әл-‘Ид былай деген: «Бұл хадисте Қара тасты сүю абзал екендігіне дәлел бар». Қз.: «әл-‘Удда» 3/347.

Бұл хадистен қандай да бір нәрсені діни рәсім ретінде сүюдің себебі Құранның немесе Сүннеттің бұйрығы болып табылатындығы бір мағыналы түрде түсініледі. Әрі қандай да бір нәрсені, мысалы, қабірді сүю туралы бұйрық болмаса, оны сүюге рұқсат етілмейді. Сондықтан да Шейхул-Ислам былай деген: «Бұл болмыста Қара тастан басқа сүю рұқсат етілген қандай да бір зат жоқ. Сүю және сипалау тек Аллаһтың әл-Харам Үйі – Қағбаға ғана қатысты рұқсат етілген, әрі жаратылыстардың үйін Жаратушының Үйімен теңеуге болмайды». Қз.: «Мәжму’ әл-Фәтауа» 27/79.

Қара тасты сүю, бұл тас қандай да бір физикалық құт-берекеге ие болғандығынан емес, қажылық рәсімінің бір құрамдас бөлігі ретінде, осыда Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесу үшін ғана заңдастырылған.

Сондай-ақ имам Ибн әл-Қайим былай деген: «Жер бетінде Қара тастан және Қағбаның йемендік бұрышынан басқа (шариғат тарапынан) сүю және сипау заңдастырылған зат жоқ» Қз.: «Зад ул-Мә’ад» 1/48.

Ибн әл-Қайимнің сөздері Қара тасты сипауға және сүюге болатындығын, ал йемендік бұрышқа келер болсақ, оны сипап өтуге ғана рұқсат етілгенін, бірақ сүю заңдастырылмағандығын білдіреді. Қз.: Қз.: «әл-Фәтауа» 26/121.

Жоғарыда аталғанның барлығы діни рәсім ретінде сүю және сипауға қатысты, яғни осыны діни рәсім түрінде істеуге. Ал тіршіліктегі сүюге және сипауға келер болсақ, бұл ешбір күмәнсіз рұқсат етілген.

Осыдан шыға келе, қандай да бір затты Аллаһқа жақындау мақсатымен сүюге рұқсат етілмейді. Бұл сондай-ақ, қабірлер мен кесенелерді айтпағанның өзінде, Құран Кітабына да қатысты.

Пәтулар жөніндегі Тұрақты Көмитетке Құран Кітабын сүюдің үкімі туралы сұрақ қойылған болатын, олар бұған келесідей жауап берді: «Жалғыз Аллаһқа мадақтар болсын, Оның Елшісі мен оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ал содан соң:



Біз мусхафты сүюдің заңдастырылғандығына қатысты ешқандай дәлел білмейміз. Құран оны оқу және ол туралы ойлану үшін, сондай-ақ оны ұлықтау үшін, әрі ол кімге түсірілген болса, солар оған сәйкес іс-әрекет жасау үшін түсірілген». Қз.: «Мәжаллә әл-бухус әл-исламия», 45-бет.

Ал ‘Икрима ибн Аби Жәхлден оның мусхафты сүйгендігі туралы жеткен хабарға келер болсақ, ол сенімді емес. Бұл хабар «мусхафты сүйді» деген сөздермен келмейді, бар болғаны бұл «Мусхафты бетіне қойды да: «Раббымның Сөзі», - деп, осыны үш рет қайталады» деген сөздер. (Қз.: Ибн Хәжардың «әл-Исаба» (5654) кітабындағы оның өмірбаяны, «Усдул ғаба» 3741, «әл-Исти’аб» 1857, ибн Са’д «Табақат» (8/329), сондай-ақ Ибн әл-Жәузи «Сафуа әс-Сафуа»).

Қабірлерге табынушылардың кейбіреуі қабірді, не оның қошауын сүюмен шектелмейді, олар бұдан да жаман нәрсе істейді, яғни қабірге жерленген «әулиенің» физикалық құт-берекесі қабір айналасындағы жерге өтеді деген сеніммен, сол жерді сүйеді. Қз.: әс-Самахуди «Уафа ул-Уафа» 4/1406.

Қабірді немесе қабірдің айналасындағы жерді, немесе Иерусалим жерін, немесе доп әлде кубокты (осыны футболшылар істейтініндей), немесе ақшаны (мұны сауда жасаушылар істейтіндей) сүю – осының барлығы бұрыс және кесірлі сенімдердің салдары болып табылады. Осы іс-әрекетімен олар не осы затты ұлықтауды, не оның берекесін алуды, не бірінші мен екіншісін де қалап тұрған болады.



7. Қабірді сипау және оған үйкелу.

Осындай орындарда орын алатын кең таралған құбылыстардың бірі – «әулиелер» мен «аталардың» қабірлеріне, олардың қоршауларына, немесе қабірлердің үстіне салынған құрылыстарға үйкелу. Мұның барлығы осыдан бір береке, шипа, бақ пен құт, немесе басқа да қандай да бір игілік алу мақсатымен жасалады. Сондай-ақ кейбіреулер «құт-берекелді» топырақты, оның игілігінен ағайын-туыстары да құр қалмауы үшін, өзімен бірге алып кетіп жатады.

Хафиз әл-Хаками былай деген: “Бұл топырақты олар әртүрлі тәсілмен қолданады: біреулері оны денесіне жағады, біреулер бұл топыраққа, жануарлар топыраққа аунайтындай, аунайды, біреулер оны суға араластырып, кейін оған шомылады, ал біреулер тіпті осындай суды ішеді. Әрі осының барлығы «осы қабірге жерленген «әулие» пайда немесе зиян келтіре алады» деген сенімдердің салдары болып табылады. Кейін олар құт-береке қабірдің айналасындағы топыраққа да өтеді деп шешті”. Қз.: «Мә’ариж ул-Қабул» 1/373.

Сондай-ақ негізінен әйелдер кесенені орамалдары және киімдерімен сүртіп, кейін осы орамалдарымен бастан және балаларының бастарын сүртеді. Кейін олар осы орамалдармен осы «әулиенің» қабірін зиярат ете алмаған отбасыларының басқа да мүшелерін сүрту үшін, оларды жумайды.

Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Қабірге үйкелу немесе оны сүю туралы айтар болсақ, бұл қабір кімге тиісті болса да, бұған мұсылмандардың бірауызды келісімі бойынша тыйым салынған. Ал егер бұл рұқсат етілген болғанда, мұны сахабалар және үммет имамдары істейтін еді. Бұдан қалса, бұл көпқұдайшылықтың көрінісі болып табылады, әсіресе, бұл қайтыс болған адамға дұға етіп жалбарынумен бірге қабаттасып жатса». Қз.: Мәжму’ уәл-Фәтауа» 27/91.

Жоғарыда аталғандардың көбін Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат ету барысында көруге болады. Көп адамдар, өздерінің діни сауатсыздығы себепті қабірдің қоршауын сүюге, оған үйкелуге, оларға іштерін, беттерін, арқасын тигізуге, немесе тіпті осыдан құт-береке алу үшін оның қоршауына көз алмастан қарап тұруға тырысады.

Ал адамдардың беттерін, көкіректерін және қолдарын Қағбаға (нақты айтқанда Қағбаның есігі мен Қара тастың арасындағы «мултазам» деп аталатын жеріне) тигізуіне келер болсақ, бұл Аллаһтың алдындағы өзінің құлдық ұрған күйін таныту үшін жасалады. Қағбаның өзі де физикалық құт-берекеге ие емес әрі оны өзге нәрселерге дарытып та тұрмайды, сондықтан да оның Қара тас пен йемендік бұрышынан басқа ешқандай бөліктерін сипау заңдастырылмаған. Қағбаға оны ұлықтау үшін емес, Аллаһ Тағаланың бұйрығын орындап, Оны ұлықтау үшін барады.

Аллаһ былай деді: «Оның жолына шамасы келген кісілер Аллаһ үшін Үйге (Қағбаға) қажылық жасауға міндетті. Ал кім қарсы келсе, Аллаһ барлық әлемнен бай» («Әли Имран» сүресі, 3:97).

Сондықтан да Қағбаның жамылғысынан (қисуадан) береке іздеуге болмайды, бұл дінге енгізілген жаңалық (бидғат) болып табылады, ал Қағбадан бір нәрсе сұрау және оған дұға етіп жалбарыну тіпті үлкен көпқұдайшылық болып табылады.

Ибн ‘Аббас өзінің Му’ауиямен бірге Қағбаны тауаф еткенін баяндайды. Му’ауия Қағбаның барлық бұрыштарын сипай бастаған кезде Ибн ‘Аббас оған былай деді: «Сен не себепті бұлай істеп жатсың, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұны істемеді ғой?» Бұған Му’ауия: «Бұл Үй оның бірде-бір жағынан қашқақтамауға лайықты», - деп жауап берді. Сонда Ибн ‘Аббас оған: «Аллаһтың Елшісінде сендер үшін жақсы өнеге бар еді», - деді. Му’ауия: «Сенікі дұрыс», - деп жауап берді де, содан соң мұны істеуді қойды (хадис сенімді (сахих); Тирмизи 858).



8. Қабірлерде құтпа (көпшілікке уағыз-насихат) айту туралы.

Қабірлерді зиярат ету барысында қабір орындарында құтпа (көпшілікке уағыз-насихат) айту да Сүннетте нұсқалмаған айыпталатын бидғат болып табылады. Бұған дәлел - Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабір орындарында адамдарды жинамағандығы және ол жерлерде құтпа оқымағандығы. Керісінше, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тек қайтыс болғандарға сәлем беретін, олар үшін дұға ететін және тезірек кететін.



7-Бөлім. Тарау бойынша жалпы қорытынды

Осы тарауды оқып болған соң біз өзіміз үшін Исламда ғибадат пен қабір орындары бірікпейтінін ұғып алдық. Көпқұдайшылықтың негізгі рәсімдері дәл қабір орындарында орындалатындығы, әрі оларға деген ынтықтық көпқұдайшылықтың пайда болуының негізгі қайнар көзі болып табылатындығы себепті Аллаһ Тағала Оған осы жерлерде ғибадат жасауға, осы орындарға сапар жасап баруға толығымен тыйым салды, осындай орындарды іздеуді, нақтылап белгілеуді, жөндеп-жабдықтауды және қорғауды заңдастырмады. Мұның үстіне осы тыйымдар өте қатал түрдегі қорқытулар – лағынеттеу, ызалану, ең жаман жаратылыстардың сипаттарымен сипаттау ретінде бекітілген.

Дәл сондықтан да өздерін Исламға телитін адамдардың Түркістан, Бекет Ата басқа да осындай жерлерге баруды, «аталар мен әулиелер» жерленген осындай жерлерде Аллаһқа құлшылық етуді, олардың әруақтарына арнап мал сойып, ас беріп, осы арқылы бақ-береке тілеуді насихаттап жүргендері таң қалдырады. Олар осыны жай ұйымдастырып қана қоймай, жанкүйерлікпен осыған шақырады, оларға қарсы болғандарға қысым көрсетеді және өздерінің бұзық кесірлі сенімдерін ел мүддесі үшін жанашырлық, қазақтың қамын жеу деп көрсеткісі келеді. Бірақ егер осы шындығында да аса маңызды шара болғанда, онда Құран, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадис жинақтары, төрт имамның фиқһ бойынша кітаптары осы туралы хабарларға толы болар еді. Біз міндетті түрде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларының қабірлердің қасында Аллаһқа құлшылық еткендерін, немесе саликалы адамдардың қабірлерін іздеп ел аралап жүргендерін, осы жерлерде намаздарын, құрбан шалуларын орындайтындарын, қабірлерді айналып тәуап жасайтындарын, оларды сипап сүйетіндерін көрер едік. Ал сахабалар мен олардың ізбасарлары Аллаһқа қабірлердің бастарында жалбарынғандары, барлығы жиналып Бақи’ қорымына немесе басқа бір кесенеге барып Аллаһқа тәубе еткендері туралы хабарлар қайда?! Сахабалар ең құрметті сахабалардың қабірлерінің үстіне күмбез-кесенелер немесе мешіттер салғызғандығы туралы хабарлар қайда?! Сахабалар мен олардың ізбасарлары барлығы жиналып «әулиелердің» әруақтары жай-тыныш болуы үшін оларға Құран бағыштағаны немесе осы үшін намаз оқығандығы, немесе «әулиелердің» мерейтойларына арнап ас бергендері туралы хабарлар қайда?! Осылардың барлығы қайда?! Егер осының барлығын жасап жүргендер шыншыл болса, онда осыларды бізге көрсетсін! Ал егер олар өздерінің іс-әрекеттеріне шариғи дәлел келтірмесе, онда олар адасушы дінбұзарлар ғана!

Аллаһ былай деді: «Ал біреу, өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Елшіге қарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына бұрамыз да, Тозаққа саламыз. Ол нендей жаман орын!» («ән-Ниса» сүресі, 4: 115).

Ендеше, олар Аллаһтан қорықсын да, Аллаһтың азапты қинауы бастарына келмейінше, осындай іс-әрекеттерін тоқтатсын!

Егер осының барлығы шындығында да Пайғамбар мен оның сахабалары, олардың ізбасарлары мен үммет имамдары тарапынан орындалған болса, онда хадис жинақтары осыған толы болар еді, әрі жалған қиссалар іздеп ойдан шығарудың қажеті болмас еді.

Осы жерде бір өте маңызды ережені түсініп алу қажет: амал, не құбылыс қаншалықты маңызды болған сайын, ол туралы айтылған шариғи мәтіндер де көп әрі анық болады. Қз.: ханафи имамы Ибн Абил-‘Изз «Шарх "'Ақида әт-Тахауия"», 93-бет. Бұл мәтіндер жай ғана ешкімге белгісіз бір кітаптарда емес, Құранда, Бухаридің, Муслимнің т.б. сахих хадистер жинағында болуы қажет.

Құрметті оқырман, Түркістанға, Бекет атаға тағы да сондай жерлерге сапар ұйымдастырушылар өздерін ақтайтын ешқандай шариғи дәлел келтіре алмайды, керісінше, олардың іс-әрекеттері өте қауіпті болғандығы себепті қасиетті мәтіндер олардың іс-әрекеттерін сөгетін аяттар мен хадистерге толы.

Осы жерде ханафи мәзһабының имамы - имам әл-Баркауидің (981 һ/ж) сөздерін келтіру орынды болады. Осы сөздер өздерін ұялмай ханафи мәзһабына телитін, Түркістан мен Бекет Атада және т.с.с. жерлерге сапарлар мен жиындар ұйымдастырушыларға дәлел мен масқаралау болсын. Имам әл-Баркауи былай деген: «Кім қабірлерді зиярат етуге қатысты Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетін талдап шықса, ол нені бұйырып, неден тыйғаны, сондай-ақ сахабалар мен олардың ізбасарлары нені ұстанғандары туралы ой қозғаса, сол олар мен бүгінгі күні адамдар қабірлердің қасында істеп жатқан істердің арасындағы толық қарама-қайшылықты көреді. Бұл қарама-қайшылық мыналарда қамтылған:

1. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабір орындарында намаз орындауға тыйым салды, ал адамдар оған осыда қарсы шығады да, намаздарын қабірлерде орындайды;

2. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірлердің үстіне мешіттер салуға тыйым салды, ал адамдар оларды соғады да, оларды кесене деп атайды;

3. Ол қабірлерде шырақ жағуға тыйым салды, ал олар қабірдің басына шырақтар т.с.с. нәрселер жағады. Бұдан қалса өз мұрасында осы шырақтарды сатып алуға үлес қалдырады 18;

4. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірлерді жермен бірдей етіп тегістеуді бұйырды, ал олар бұған қарама-қайшы келіп, қабірді жер бетінен үй сияқты көтереді;

5. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірді гипспен қаптауға және оған құрылыстар құруға тыйым салды, ал олар бұған қарсы шығып, қабірлерді гипспен қаптайды және оларға күмбездер орнатады;

6. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірлерде жазулар жазуға тыйым салды, ал олар қабірлерге тақтайшалар қойып, тақтайшаларға Құраннан немесе басқа бір жерден алынған жазулар жазады;

7. Ол қабір орындарында тұрақты түрде қайталанып тұратын жиналыстар өткізуге тыйым салды, ал олар бұған қайшы келеді де, осы орындарда жиналып тұрады. Осы орайда олардың саны мерекелі жиындардан асып түседі».

Осыдан соң имам әл-Баркауи қабірлерге табынушы сопылар Аллаһқа және Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайшы келетін тағы да он бес тармақты келтірді. Қз.: «Зиярат ул-Қубур» 19-23 беттер.

Бірақ жоғарыда аталып кеткен нәрселердің заңды екеніне қандай да бір нұсқаудың жоқ екеніне және осылардың тыйым салынғандығына көптеген нұсқаулардың бар екендігіне қарамастан, мұндай сапарларларды ұйымдастырушылар өздерінің «ешқандай жаман нәрсе істеп жаттпағандығын» алға тартуын қояр емес!

Ал егер оқырман келесі үш маңызды нәрсені ұғынса, оның «олар не істесе де – барлығы заңсыз және бидғат бола береді екен» деген таң қалуы жойыла кетеді де, орнына түсінік келеді:

1. Осындай сапарларды ұйымдастырушылардың білімдері мүлде діни немесе рухани емес. Олар көп жағдайда театралдық, туристік, артистік, немесе әрі кетсе тарихи, философиялық немесе юристік білімге ие немесе мүлде арнайы білімсіз шарлатандар болады. Дәл сондықтан да олар әр сапар сайын адамды таң қалдыратын амалдар істейді. Ал ең қызығы – олардың амалдары діннің қарапайым қағидаларына қайшы келетінін түсіндіретін кез-келген кітаптарға, немесе газет-журналдарға қас қағым сәтте «экстремистік әдебиет» деген затбелгі іліне қоятынында!

2. Адам өз амалы Аллаһтың бұйырған нәрсесіне қайшы келетінін түсінгенсе, бірақ осыған қарамастан, сонда да ол даңдайсынған күйде теріс бұрылып, сол амалды әрі қарай жасай беруде қасарысып тұрып алса, Аллаһ Тағала оны қателерден қорғауын тоқтатады да, оны өз-өзіне тастап қояды. Содан соң даңдайсынған қырсық төбеден төмен қарай домалағандай, адасушылығына барған сайын тереңдей береді де, бірінен соң бірі қателіктер жасауын тоқтатпайды.

Аллаһ былай деді: «Сонда олар жолдан тайған кезде, Аллаһ олардың жүректерін тайдырды. Аллаһ бұзақы елді тура жолға салмайды» («Саф» сүресі, 61:5).

Ол сондай-ақ былай деп айтты: «Олардың жүректерін, көздерін теріс айналдырамыз, өйткені олар алғашқы ретте оған сенбеген, әрі оларды өздерінің зұлымдықтарында соқыр түрде сергелдең етіп қоямыз» («Әнғам» сүресі, 6:110).

3. Аллаһтың дінінде рухани жетекшілікке қол жеткізу өте қиын. Оған көптеген жылдар бойы дінді оқып-үйренумен, сол білімге амал етумен, сабыр және мығым сеніммен қол жеткізіледі. Рухани жетекшілікке миллиондаған мұсылмандардың ішіндегі бір немесе бірнеше санаулы тұлғалар, Аллаһ белгілі бір адамның шындығында да мүміндердің жетекшісі болуға лайықты деп тапқаннан кейін ғана, қол жеткізеді. Адам есігіне ілінген коммунистік тақтайшаны діни тақтайшаға ауыстырумен, немесе әртістің киімін шапан мен тақияға ауыстырумен тақуалардың жетекшісі болып шыға келмейді. Сондай-ақ сөзқұмар мылжың күнәһар да өлген әруақтарды еске алуға арналған «құдайы тамақта» ет-бауырсаққа тыңқиып тойып алуымен мүмін және тақуаға айналмайды.

Аллаһ былай деді: «Әрі олар сабыр етіп, аяттарымызга нық сенген кезде, араларынан бұйрығымызбен тура жол көрсететін басшы-жетекшілер жасадық» («Сәжде» сүресі, 32:24).

Ол сондай-ақ былай деді: «Оларды әміріміз бойынша тура жол көрсететін басшы қылып, оларға жақсылық істеуді, намазды орындауды, зекет беруді уахи еттік. Олар бізге құлшылық қылушы еді» («Әнбия» сүресі, 21: 73).

Осы аяттан көрінетіндей, адам өз өмірін Аллаһқа құлшылық етіп әрі оған толық мойынсұнып өткізгеннен кейін ғана жетекшіге айналады.



Ал осы сипаттармен сипатталмаған «жетекшілерге» келер болсақ, олар туралы мына басқа аятта айтылғандай:


Шариғат қабір орындарын құлшылық-ғибадат орындарына айналдыруға тыйым салғандығы туралы

Каталог: books
books -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
books -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
books -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
books -> Хрестоматия ежелгі дәуір әдебиеті ббк 84(0)3 е 33 «Қазақ әдебиетінің тарихы»
books -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
books -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
books -> Антон Первушин Астронавты Гитлера


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет