Тақырыбы: «Бақ-берекем, құт-мерекем-Әз-Наурыз!».
Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, үнтаспа, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, шарлар, суреттер.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі болғалы отырған «Бақ-берекем, құт-мерекем-Әз-Наурыз!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге шаттық тілей отырып, мерекелі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
Жүргізуші: Жаңа өмірдің қайта басталатын күн есебінің басы, көктемнің көшбасшысы, қанатына маржан тағып қараторғай жеткенде көктемнің алғашқы жаңбыры себелейді. Сіресіп жатқан қар еріп, көл – көсір су болып ағады. Өсімдік ұйқыдан оянады, бәйшешек қаулайды. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлайтын Ұлыстың ұлы күні келді. Бірге: Той құтты болсын, ұлыс оң болсын!
Хор: «Наурыз - көктем».
Жүргізуші: Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата – бабам тойлаған
Әз – Наурызым, армысың!
Нұрсая: Уа, халайық, халайық!
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойдың
Шашуларын шашайық!
Қобыланды: Армысың Наурыз,
Қуаныш боп, кір төрлет!
Ел болып саған,
Көрсетіп жатыр сый – құрмет!
Аяжан: Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
Күй: «Адай»-орындайтындар Қаиржан Индира,
Наурызханұлы Шәкәрім.
Нұрдаулет: Жыл басы - Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды.
Амина: Тәуелсіз биік халқымның
Желбіреп туы шалқысын,
Әз Наурыз келіп еліме,
Жер – Ана бойы балқысын.
Жаңғырар дәстүр - салтымның
Көсілсін бұлақ жалғасып,
Қастерлі менің халқымның
Мереке Наурыз жыл басы!
Би: «Қазақ биі»-орындайтын Тажибаева Ақнұр.
Әдия: Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Сіздердің әділ істеріңіз
Ғасырлар бойы тынбайды.
Аңыз, дастан жырлардан,
Жастар оқып тынбайды.
Әлихан: Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, Наурыз дәстүрлі.
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрымыз.
Осынау байтақ елімде,
Айтылады жырымыз.
Ән: «Домбырасыз ән қайда?»-орындайтын Маратқызы Мерей.
Ақнұр: Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,
Басын қосқан сан адам сан ғұрыптың.
Ұлыстың ұлы күні паш етейік,
Белгісін достықпенен мәңгіліктің.
Жайна: Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ
Қалыс адам қалмасын некен – саяқ.
Ән шырқап, би билейік, қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
Күй: «Балбырауын»-орындайтын Қаиржан Индира,
Наурызханұлы Шәкәрім.
Индира: Наурыз, наурыз наз үнді,
Жер жап – жасыл жаз үлгі.
Жақсылықты жаранға
Жайып келші, бар ізгі.
Зара: Қош келдің Наурызым Ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
Ән: «Сарыжайлау»-орындайтын Советова Аружан.
Ойын: «Орамал тастамақ».
Мерей: Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын,
Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде.
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,
Достарыңызбен бөлісу: |