Қош келдің,төрлет Наурызым!
Мақсаты:қазақ халқының салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын өсіп келе жатқан ұрпақ санасына сіңіріп,ұлттық қасиеттерге баулу.Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Зал мерекеге сай безендірілген.
Әже:Шашуымды шашайын,
Наурыз тойын бастайын.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Залға «Наурыз-думан»әуенімен ұлттық киім киген балалар кіреді.
Жүргізуші:Білер қазақ баласы,
Сәлем-сөздің анасы,-демекші балалар қонақтармен амандасайық
-Балалар,бізде қандай мереке?Аналар,әжелер не пісіреді?
Наурыз мейрамы-қазақтың көнеден келе жатқан салт-дәстүрі.Бұл күн мен түннің тенелетін кезі.Наурыз қазақша «Жаңа күн»дегенді білдіреді,ол жаңа жылдың алғашқы күні.
Бүгін күн-түн теңелді,
Жер шуағңа кеңелді.
Наурыз тойы салтымыз,
Кемелденсін халқымыз.
Құрметті қонақтар,бүлдіршіндер!ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!
Наурыз елімізге құт-береке әкелсін!Наурыз мерекесінде адамдар бір-бірлеріне қонаққа барады.Балалар,бізНаурыз мерекесіне әжеге қонаққа барайық.
әже:Амансындар ма,құлындарым!Төрлетіңдер шырақтарым.Наурыз мерекесі құтты болсын!Балалар,мынау-біздің киіз үйіміздің керегесі,мынау-шаңырағы.Мынау-бесік.Бесікті ағаштан оюлап жасайды.Баланы бесікке бөлесе бөбек таза болады,денсаулығы мықты болады.Апаларымыз баланы осындай бесікке жатқызған.Ұлттық жабдықтармен,ұлттық тағамдармен таныстыру.
Жүргізуші:әже,біздің балалар Наурыз көже туралы тақпақтар біледі.(Алижан, Алпамыс)
Әже:Балалар, Наурыз мерекесінде өлең айтып,би билеп ,ойын ойнайды.Сендердің қандай өнерлерін бар?
Жүргізуші:Балалар,біз «қош келдің, төрлет Наурызым!»атты әнімізді орындап берейік.
ән: «Қош келдің, төрлет Наурызым!»
Жүргізуші:қанекей қарсы алайық жылдың басын
қосылып жасқа жасың,басқа басың
Барайық келер жылға төрт көз түгел
Аман боп алыс,жақын кәрі-жасың.
Қой:Мен келдім міне бүгін ортаңызға
Амандық,саулық тілеп баршаңызға
Денсаулық берсін деймін баршаңызға
Жеткенше аман-есен келер жылға.
Жүргізуші:қош келдің қой жылы!Төрлет,жоғары шық. Балалардың жыл басы-Наурызға арналған тақпақтарын қабыл ал.
Тақпақтар:Айсұлу,Жігер,Самат, Жігер,Алпамыс.
Қой:Балалар,сендерге рахмет.Наурыз құтты болсын!Қой жылы сендерге бақыт,жақсылық, қуаныш әкелсін.Мен басқа балабақшаға барайын,сау болыңдар!
Жүргізуші:Бүгінгідей Наурыз тойында
Тамашалайық өнерді
қыздарымыз ортада
ұлттық биді билейді.
Қыздардың орындауында «қамажай»биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:Балалар,Наурызды тойлайық.қызық ойын ойнайық.
Ойын: «Қыз қуу»
Әже:Ал құрметті қонақтар,ұлыстың ұлы күні менің немеремнің тұсау кесу рәсіміне қатысыңыздар.
Сәби тәй-тәйлап жүре бастағанда ата-анасы балам тез жүріп кетсін деп «тұсаукесер»тойын жасайды. Жүрісі жылдам,қимылы ширақ, пысық адамға ырымдап тұсауын кестіреді.Немеремнің жолы ақ болсын деген ниетпен ақжолды жаяйын.Адал болсын,біреудің ала жібін аттамайтын шыншыл болсын деп,баламның аяғын ала жіппен кесейін.
қаз-қаз балам,қаз балам!
қадам бассаң мәз болам,
қаз-қаз балам,қаз балам,
Тақымынды жаз, балам!
Көрмеуінді шешейік
Тұсауынды кесейік.
қаз баса қой, қарағым!
құтты болсын қадамың!
өмірге аяқ баса бер,
Асулардан аса бер.
Жүгіре қойшы,құлыным!
Жүргізуші: «Орамал-тон болмайды,жол болады»демекші мына сыйлығымызды қабыл алыңыз.Балалардың сізге арнаған әндері бар,қабыл алыңыз.
Ән: «Апам тойға кеткенде»
Ойын: «Кім жылдам?» немесе «Теңге алу»
Жүргізуші:Ал халайық тұрмайық
Әндетейік жырлайық,
Ортамызды ашайық
қара жорға биін тамашалайық.
Би: «қара жорға»
Ортаға тойбастарды алып қыз келеді.
Жүргізуші:Балалар,мына тойбастарда сыйлықтар бар.Тойбастарды ән айтып ашу керек.
Угәй,угәй әніміз,
Арпа-бидай дәніміз.
Угәй-әй деп ән салмай,
Келіспейді-ау сәніміз.
Бақшамыздың ішіне,
Бала толсын угәй-әй.
Кунде осындай тамаша,
Той болсыншы угәй-әй.
Сыйлықтарды көрсету.Мына сыйлықтарды тобымызға апарып қоямыз.
Жүргізуші:Сыйлай білсең ата-баба мұрасын
Қазақтардан табылады жыр асыл
Уа құдайым оңдасын
Қыдыр бабам қолдасын деп,
Үлкендерден бата тілеп тұрасың-дегендей әжемізден бата алайық.
Бата:Ардақтадың атаңды,
Мен берейін батамды.
Сыйлап ата-ананы,
Азамат бол саналы.
Ұлыс әр кез оң болсын,
Әр үйде ақ мол болсын.
Ниеттерің ақ болсын,
Бастарыңа бақ қонсын.
Жас ұрпақ өмірлі болсын,
Әр күндерің көңілді болсын.
Жүргізуші:Ілесіп наурызбенен көктем жетсін
Көңілін үлкен кіші көкке өрлетсін
Еңсесі көтеріліп ер азамат
Ескі жылмен реніш,өкпең кетсін-дегендей жаңа қой жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл бақыт,табыс, достық әкелсін-дей отырып осымен мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |