Шариғат қабір орындарын құлшылық-ғибадат орындарына айналдыруға тыйым салғандығы туралы



бет4/4
Дата02.07.2018
өлшемі239,5 Kb.
#45475
1   2   3   4

«Оларды Тозаққа шақыратын жетекшілер қылдық. Сондай-ақ олар Қиямет күні жәрдем көрмейді. Олардың соңынан бұл дүние де қарғыс ертіп қойдық. Әрі Қиямет күні олар (мархаметтен) алыс етілгендер қатарынан болады» («әл-Қасас» сүресі, 28: 41-42).

Әрі соңында Әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа және оның отбасына әрі барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

1 Діни рәсімдер орындалатын ғибадатхана меңзеліп тұр.

2 Расында да, қабірлердің үстілеріне шіркеулер соғу христиандардың ең танымал салттарының бірі болып табылады. Мұны дәлелдеу үшін мысал ретінде дүние жүзіндегі ең үлкен шіркеуді – Ватикандағы Петр шіркеуін келтіру жеткілікті болады. Ол оның қабірінің үстінде және Көне Римнен қалған қираған орында соғылған.

3 Бұл сондай-ақ мешіттерге тірі жандардың суреттері мен бейнелеріне толған түрлі «мұсылман» үнқағаздары мен журналдарын таситындарға және іліп қоятындарға да қатысты.

4 Бұл пікір қате болып табылады.

5 Имам Ибн әл-Қайимнің бұл туралы айтуының себебі кейбір ғалымдардың «қабірлер таза орындар болмағандықтан оларда Аллаһқа құлшылық жасауға болмайды» деген пікір білдіргендіктерінен.


6 Яғни бір қарыс.

7 Бұл - Бухутидің «Кашф әл-Кана’тағы» (2/140) сөздері.

8 Бұл хадисте «кез-келген адам өз қалауы мен тұжырымы бойынша кез-келген қабірлерді бұза беруіне болады» дегенге дәлел жоқ. Ол Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерден кім (шариғатта) айыпты деп саналатын нәрсені көрсе, оны қолымен өзгертсін, егер оның бұған шамасы келмесе, (айыпты істі) тілімен (өзгертсін), ал ол (мұны да) істей алмаса, онда - жүрегімен, және бұл - иманның ең әлсіз (көрінісі) болады» (Муслим «Сахих», № 49), - деген хадисіне қайтарылады. Шейх Салих бин Фаузан әл-Фаузан осы хадиске түсіндірме жасап, былай деді: «Осыған сәйкес, мұсылмандар үш топқа бөлінеді:

  1. Білімге және билікке ие адам айыпталатын істі өз қолымен тоқтата алады. Мұндай адамдардың қатарына адамдарды жақсылыққа шақырып жамандықтан қайтаратын мұсылман мемлекетінің билігі тағайындаған әмірлер және мемлекеттік қызметкерлер жатады. Мұндай адамдар дана және шариғат заңдастырған әдістермен айыпты істерді өзгерте алады;

  2. Білімге ие, бірақ билікке ие емес адам. Ол айыпталатын істі сөзбен, яғни адамдарға шариғаттың харам мен хәлалға, құпталатын мен айыпталатынға қатысты үкімдерін түсіндіру, оларға дұрыс жолды көрсету, оларға насихат айту, уағыздау арқылы өзгерте алады;

  3. Білімге де, билікке де ие емес, бірақ мұсылман болып табылатын адам айыпты болып саналатын істі жүрегімен айыптап, осындай істерді істеп жатқан адамдардан, олар оған өз ықпалын тигізбеуі үшін, өзін аулақ ұстауы керек». Қз.: “Мұсылман діндар ғалымдарының қазіргі заманның үндеулеріне берген жауаптары”, құрастырған шейх Мухаммад бин Хусайн бин Саад әл-Суфран әл-Кахтани, редакциясын басқарған Сауд Арабиясы Корольдігі ең ірі ғалымдары Комитетінің мүшесі, шейх Салих бин Фаузан әл-Фаузан, Кувейт, 2008 ж.

Бұл хадисте осындай амал әмірдің (билеушінің) құзыры екендігіне нұсқау бар. Және бірінші хадисте мұндай амал соның бұйрығымен орындалатындығына дәлел бар, бұған Алидің «...Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) маған берген тапсырманы» деген сөздері нұсқайтынындай. Ал біздің кезіміздегі кейбір білімсіз мұсылмандар пайда мен зиян мәселесін түгілі, қабірлерді тегістеуге қатысты хадистерді толық зерттеп білместен, өзге адамдардың қабірлерін осы немесе өзге хадистерді өздігінше түсініп, өз тұжырымдарына сүйеніп, қиратып жатқан фактілерге келер болсақ, бұл – шариғатқа сыйымсыз амал, өйткені Исламда анархияға орын жоқ. Ал Аллаһ бұл туралы жақсырақ біледі.

9 Бұл қабірді күн күйдірмеуі үшін, мәйітке көрсетілген құрмет себебімен істелген болатын.

10 Яғни хабардың барлық жеткізушілер тізбегін түгел атамай.

11 Яғни оның әкесі ‘Усманның кезінде.

12 Яғни адамдар олармен не істеу туралы келіспеушілікке түскен соң. Ал билік иелері олардың басына ғибадатхана салуды шешті.

13 Имам Ибн Хазм былай деген: “Ахмад ибн Хәнбәл: «Кім зиратта немесе зиратқа қарай намаз орындаса, сол қалай болған жағдайда да осы намазды (басқа жерде) қайта орындауы қажет»” («әл-Мухаллә» 4/32).

14 Алайда егер адам малды жалғыз Аллаһ үшін сойғандығы және сонымен бірге Аллаһтың атын атағандығы анық түрде мәлім болса, онда бұл малдың етін жеуге рұқсат етіледі. Бұл – ширктің емес, бидғаттың негізінде сойылған малдың еті. Бұл – қайтыс болған адамның жетісіне, қырқына, асына адамдарға тарату үшін сойылған малдың еті сияқты. Өздігінше бұл етті жеу рұқсат етілген, бірақ бидғаттан бас тартудың белгісі ретінде және осы құбылысқа сөгіс білдіріу мақсатында оны жемеген жақсырақ болады.

15 Имам әл-Бағауи: «Бұл Меккенің Яләмләм бағытындағы төменгі бөлігінде орналасқан жер», - деген (Қз.: «Фатхул-Мәжид» 253-бет).


16 Бұл хадисте: «Мен сендер және өзім үшін жеңілдік тілеймін», - деп келетініндей.

17Шейх ‘Абдур-Рахман ибн әл-Хасан бұл хадисті «Фатх ул-Мәжидте» (394) Ибн ‘Умардың сөздерінен келтіреді, ал бұл қателік болып табылады.

18 Сопылар белгілі бір қабірде «әулие» жерленгеніне және бұл қабір өзге қабірлерден ерекше құт-берекелі болып табылатынына әрі оның берекесі басқаларға өтетініне нұсқау үшін, сол қабірлерге шырақтарды жағып қояды. Қз.: «Кашф ун-Нур» 16-бет; «әл-Хадика ән-Нәдия» 2/630).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет