Шаталовтың әдістемесінің құпиясы неде және ол қалай салынған? В. Ф. Шаталовтың оқыту әдістемесінің 7 негізгі принциптері: 1. Жоғары деңгейде оқыту.
2.Дау-жанжалсыз.
3. Жылдам алға жылжу.
4. Ашық перспективалар.
5. Өте көп қайталау.
6. Теориялық білімнің жетекші рөлі.
7. Жариялылық.
Оқытудың перспективалы тәсілінің кезеңдерін атап өтетін болсақ: -Бірінші саты - көп салалы, білімдарлықпен - жүйелі, эмоционалды түрде таңдаған параграфты мұғалімнің сабақты түсіндіруі.
-Екінші саты - тірек плакаттары бойынша, оқу материаддарын түсіндіру, дауыстап оқыту, негізгі ұғымдарды әртүрлі символдардың көмегімен, кодты шешу арқылы түсіндіру және олардың өзара логикалық байланысын анықтау. -Үшінші саты - тірек сигналын үйрену, сол арқылы әрбір оқушы үйренеді және альбомдарына жапсырады.
-Төртінші саты - оқулықпен және үй жағдайында - тірек сигналдарының беттерімен жұмыс істеу.
- Бесінші саты - келесі сабақта тірек сигналдарын жазбаша еске түсіру.
- Алтыншы саты - тірек сигналдары бойынша жауап қайтару (жазбаша және ауызша жай дауыспен, магнитофонды өзара бақылау қағаздары бойынша т. б.).
-Жетінші саты – бұрын өткен материалды тереңдету және жай қайталау.
Нәтижесінде теориялық материалды терең түсініп, оқушылар өз күшін іс жүзінде сынап көргісі келді. Ал үнемделген уақыт ішінде, жинақталған оқытудың арқасында теориялық білімді қолдана отырып, орындалатын практикалық жұмыстардың көлемі артты. "Теорияны өте жақсы білу-ең үздік оқушылардың қабілеттерін барынша іске асыру, әртүрлі стандартты емес шығармашылық тапсырмаларда күштерді тексеру үшін өте қажет.