Пән аралық байланысы: кәсіби ағылшын тілі: құрылыс терминдері; кәсіби орыс тілі: құрылыс терминдері; құрылыс материалдары мен бұйымдары: құрылыста қолданылатын металл материалдар, бетон, темірбетон, ағаш материалдар, тау жыныстары, топырақтар табиғаты, физикалық қасиеттері, тау жыныстарындағы судың түрлері, құрылыс құрылымдарын есептеу негіздері-негіздер мен іргетастар, едендер, шатырлар мен жабындар
І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
1.1 Класс тазалығына, сабаққа дайындығына көз жүгірту
1.2. Оқушылардың сабаққа қатынасын тексеру
1.3. Өткен сабақта болмаған оқушылардың себебін анықтау
ІІ. Студенттердің білімін тексеру(15 минут)
2.1 Өткенді қайталау, еске түсіру
Тәуелсіз Қазақстанның басты мемлекеттік саясатының бірі ауыл өмірінің сапасын жақсарту болып табылады.
Елбасы өзінің барлық еңбектері мен сөздерінде ауылды көркейтуге, ауыл шаруашылығын дамытуға баса назар аударып отыр.
Колледж «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша мамандар дайындайтын оқу орны болғандықтан біздің жұмысымыздың да негізгі бағыты осы мәселені шешуге бағытталады.
Студенттерден қазіргі кездегі жиі қолданылып жүрген «тендер» сөзін қалай түсінетіндерін сұрау. Мағынасы мен принципін түсіндіріп, бүгінгі сабақтың «аралас, тендер – сабақ» деп аталатынын айта кету. Тендерге су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 1 типті тұрғын үй тұрғызу жобасы ұсыныстарын қабылдайтыны айтылады.
Тендер – тауарды жеткізу немесе мердігерлерге белгілі бір жұмыстарды орындау жөнінде тапсырыс берудің ерекше нысаны, бұл нысан сауда-саттықты ұйымдастырушылар үшін мәмленің неғұрлым тиімді коммерциялық немесе басқа да шарттарын қамтамасыз ету мақсатында бірнеше жеткізушілерден немесе мердігерлерден ұсыныстар алуды көздейді.
Сабақты іскерлік-ойын түрінде өткіземіз. Топты екі топшаға бөлеміз, ары қарай олар құрылыс акционерлік қоғамдары «Ақсу» және «Қуат».
Құрылыс акционерлік қоғамы президенттері өз жобасымен және бұрын қандай нысандарды салып тапсырғандығын, базасын, жұмысшылары, техникасы жайлы таныстыра кетуі тиіс.
Қайсы құрылыс акционерлік қоғамы президенті 1-ші қорғайтындығын анықтау мақсатында қазақтың ұлттық ойындарының бірі асықты лақтыру арқылы қай акционерлік қоғам қалай түскеніне байланысты бірінші бастайды (алдын ала президенттер түсуін таңдайды).
Кезекпен құрылыс акционерлік қоғамы өздерінің жобасын таныстырып, қорғауы тиіс. Ары қарай іскерлік ойын түрінде әр акционерлік қоғам мүшелері шығып, «ХХІ-ғасыр көшбасшысы» этаптарындағы сұрақтарға және ұяшық сұрақтарына жауап береді. Жалпы сайыс барысындағы барлық жауаптары, жұмыстары бағаланып есептелінеді, жоғары балл жинаған акционерлік қоғамы жеңіске жетіп, құрылыс нысанын жеңіп алады.
2.1. Өткенді қайталап, еске түсіру мақсатында «ХХІ-ғасыр көшбасшысы» тақырыбындағы тақтадағы сұрақтарға жауап береді:
2.1.1. «Білімің қалай маманым» атты ұяшықтан акционерлік қоғамы мүшелері шығып, сұрақ алып жауап беруі тиіс, әр қалташада баллдары көрсетілген деңгейлік сұрақтар салынған.
Іргетас
Едендердің жіктелуі
Едендердің материалына қарай жіктелуі
Негіз
Едендердің жылу ұстамдылығы бойынша жіктелуі
Бетон
Едендердің жасалатын орны бойынша жіктелуі
Табиғи негіз
Жасанды негіз
Темірбетон
Едендердің жасалуы бойынша жіктелуі
Қабырғалар түрлері
2.1.2. «Бейне сұрақ» нөмірлері берілген сол алған номеріндегі санға сәйкес сурет бойынша түсіндіреді.
2.1.4. «Полиглот» сұрақтары бар, оған акционерлік қоғамы аудармашысы шығып, алған сұрақтарына жауап береді.
1) Іргетас (фундамент - foundation )
2) Таспалы іргетас (ленточный фундамент – strip foundation )
3) Бағаналы іргетас (Столбчатый фундамент – pole foundation)
4) Қадалық іргетас (свайный фундамент – pile foundation)
5) Негіз (основа - basis)
6) Ағаш (дерево - tree )
7) Бетон (бетон - concrete)
8) Тас (камень - stone)
9) Табиғи негіз (природная основа – natural basis)
10) Жасанды негіз (искусственная основа – artificial basis )
11 Темірбетон –(железобетон – reinforced concrete)
12) Еден –(пол-floor)
ІІІ. Жаңа тақырыпты хабарлау, түсіндіру және меңгеру (15 минут)
Достарыңызбен бөлісу: |