Шаттық шеңбері



Дата07.02.2022
өлшемі7,09 Mb.
#94914
Байланысты:
АЛТЫН КҮЗ

Балалармен ашық ұйымдастырылған оқу қызметін көрсеткен: Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының п. ғ. д. Джанбубекова М. З. МДО – 901 топ магистранты Тусипжанова – Шагирова А. Т.

Шаттық шеңбері: Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша! Біздің әр күніміз осылай жақсы тілекпен бастауды үйренейік.


Қайырлы таң! Кім ойланып тапты екен?
Кім тапса да жақсы екен.
Қайырлы таң – жарқыраған күнге де,
Қайырлы таң – жайнап тұрған гүлге де.
Қайырлы таң – бақшаға да, талға да,
Қайырлы таң – күлімдеген жанға да.
Қайырымды таңның нұры тараған,
Қайырымды болып кетер бар адам.
- Білесіңдер ме, мен таңертең топқа келсем бізге біреу хат қалдырып кетіпті. Хат кімнен келді деп ойлайсыңдар?
- Хат Күз ханшайымынан келген екен. Мен хатты оқып шықтым. Хатта Күз ханшайымы бізге сыйлық алып келіп, топқа жасырып кеткен екен. Сол сыйлықты тауып алуымыз керек. Сыйлықты жай ала салу жарамас, сондықтан кез келген нәрсеге қол жеткізу үшін біраз тер төгіп еңбекпен, білімімізбен жеткеніміз жөн болар. Жолымызда кездесетін кедергілерді жеңуге дайынсыңдар ма?
-Олай болса, алға!
Белгіленген бағыт бойынша қозғалуды ұсынады.
-Ой, балалар жолымыздың бағытын ары қарай анықтау үшін бізге мына құстарды дұрыс топтау керек.
«Құстар» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Жыл құстары және қыстап қалатын құстар жайлы түсініктерін кеңейту
Тақтаға күз және қыс мезгілі бейнеленген екі сурет ілінеді. Балаларға түрлі құстар бейне -леніп, скрепкамен бекітілген суреттің біреуін алып, суретке сәйкестендіріп ілу керектігін түсіндіреді
Тілді жаттықтыру:
В джунглях всяка обезьяна
Обожает есть......( banana)
Мы катались на качеле,
Ели вишню, то есть,.....(cherry)
К сентябрю в саду поспела
Груша, по английски .....( pear)
Чай таким бы сладким не был
Если бы не кислый...... (lemon)
Не сравнить никакой овощ
Сочным апельсином....... (orange)
Грозди сочные висят
Поспевает виноград
Вот созрел бы он скорей
Виноград в английском...... (grape)
Сергіту сәті:
Ақсың, сұрсың, қарасың.
Қайда қалқып, барасың?
Жерге нөсер төгемін,
Өссің егін, көп егін.
Гүл-гүл жайнап өсер көк,
Нөсерлетсен, нөсерлет
-Балалар қарандаршы бау-бақшада қанша жемістер, көкөністер піскен екен. Қане жемістермен көкөністерді санап, сұрыптайық.
«Қанша жеміс? Қанша көкөніс?» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Жемістер мен көкөнітерді ажыратып, 10 көлеміндегі сандарды қосып, алуды үйрету.
Әр балаға қосу мен алуға берілген мысал мен екі түрлі жауап жазылып, қақпақпен бекітілген карточкалар таратылады. Балаларға мысалды шығарып бұрыс жауапты қақпақпен жауып бұрау керектігін түсіндіреді
- Балалар іздегенімізді табу оңай емес.
жүріп шаршап қалдық. Біраз отырып, дем алайық.
Шығармашылық тапсырма:
«Күздің ерекшеліктері»
Мақсаты: Күз мезгілінің негізгі ерекшеліктерін нақтылау
Балаларға ортасында күз деген жазуы бар ватман беріледі. Ватманға мнемокесте арқылы күздің негізгі белгілерін салу керектігін түсіндіреді.
Назарларыңызға рақмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет