Шұбалаң негізгі мектебі
Ділмағанбетова Индира Алшынбайқызы
Физика пәнінен
әдістемелік құрал
7-сынып
2014-2015 оқу жылы
Алғы сөз
Бұл әдістемелік нұсқау мектеп бағдарламасына және мемлекеттік стандартқа сай астрономия салаларын қамтыған
7 - сыныпқа арналған «Физика» (Астрономия аспан денелері туралы ғылым) оқулығы бойынша жазылады.
Әдістемелік нұсқау организмнің құрылысын, қызметін және гигиенасын оқытуда, оқу материалдарын жоспарлауда мұғалімдерге практикалық көмек болады. Бұл пәнді оқыту оқушылардың ботаника және зоология, физика, химия, математика пәндерінен алған білімдеріне негізделеді. Осы пәнді оқығанда, оқушыларда білімдерін салыстыру, жүйелеу және интеграциялау (топтастыру) шеберлігі қалыптасады.
Әдістемелік нұсқаулықта келтірілген суреттер, физикалық диктанттар, кестелер, деңгейлік тапсырмалар, сөзжұмбақтар, тесттар ондағы материалдарды меңгеруге көмегін тигізеді.
Әр сабақта түрліше оқыту әдістері мен тәсілдерін қолдану орынды. Мысалы, дәріс, әңгімелеп айту, семинар, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары, ғылыми мәліметтерден қысқаша әңгіме жазу,реферат дайындау, т.б. Пәнді оқытуды осылай ұйымдастырғанда, оқушылар әрбір сабақтан алған білімдерін талдап, қорытындылауға және интегарациялауға дағдыланады. Сонымен бірге бүтін организмнің құрылысы мен қызметінің ерекшелігін және адам денсаулығына тітіркендіргіштердің, зиянды заттардың (алкоголь, никотин, есірткі заттар, т.б.) әсерлерін түсініп, бағалай алу мүмкіндігі қалыптасады. Оқытуды білім алудың мақсаты мен міндетіне сәйкес бағытта жүргізгенде, оқушылар қорытынды жасай алуға үйренеді және олардың диалектикалық-материалистік көзқарастары қалыптасады.
7-сынып.
§1 Табиғат және адам. Физика –табиғат туралы ғылым.
Мақсаты:Оқушыларға физикалық құбылыстар, физиканың мақсаты, физика заңдары, физикалық ұғымдар, қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің ерекшеліктері туралы түсінік алуға жағдай жасау.
Әдістемелік нұсқау
Физикалық құбылыстар: механикалық, жылу, электр, жарық құбылыстары.
2.Оқушыларға жұмыс жасау үшін: кестелер мен карточкалар
Кестені толтыр.
Ғалымдар
|
Өмір сүрген жылдары
|
Зерттеген әдістері
|
Аристотель
|
|
|
Әбу Насыр әл-Фараби
|
|
|
М.В.Ломоносов
|
|
|
Кестені толтыр.
Ғарышкерлер
|
Әуеде ұшқан жылдары
|
|
|
|
|
«бірінші ұстаз» «екінші ұстаз» орыс тіліне физика сөзін
алғаш енгізген ғалым
Карточка№1
«Табиғат» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Табиғат пен адамның бірлігін білдіретін қандай нақыл сөздерді, мақалдар мен мәтелдерді білесіңдер?
Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?
Карточка№2
Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?
Физиканың мақсаты неде?
Физика заңдары қалай ашылды?
Карточка№2
Физикалық теориялар қалай жасалды?
Физикалық терминдар мен ұғымдар дегеніміз не?
Ғылыми –техникалық жетістіктерді ата.
Қорытынды.
Үйге тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |