Жазықтықта тік бұрышты үшбұрыш берілген, гипотенузасы 12 см. Кеңістікте берілген бір нүктеден үшбұрыш төбелеріне дейінгі қашықтық 10 см-ден. Үшбұрыш жазықтығынан кеңістіктегі нүктеге дейінгі қашықтықты табыңыз.
Жауабы: 8 см
Сүйір бұрышы 300 тік бұрышты үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер центрінен ұзындығы 6 см болатын жазықтыққа перпендикуляр тұрғызылған. Перпендикулярдың жазықтықтан тыс жатқан ұшынан үлкен катетке дейінгі қашықтық 10 см. Үшбұрыш гипотенузасының ұзындығын табыңыз.
Жауабы: 32 см
Үшбұрыш бұрыштары 3:7:8 сандарының қатынасындай. Ең үлкен бұрышты табыңыз.
Жауабы: 800 Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері 5 және 12. гипотенузаға жүргізілген медиана ұзындығын табыңыз.
Жауабы: 6,5
АВС үшбұрышы α жазықтығындағы MNP үшбұрышының проекциясы, D нүктесі АВ кесіндісінде жатыр, А, В, С және D нүктелері сәйкес М, N, P және К нүктелерінің проекциялары. Егер АD=4 см, DВ=6 см, МК=6 см болса, МN-ді табыңыз.
Жауабы: 15 см
АВС үшбұрышының АВ қабырғасына параллель α жазықтығы оны АС және ВС түзулерінде жататын А1 және В1 нүктелерінде қиып өтеді. Егер АС=15 см, А1В1=4 см, АВ=20 см болса, А1С табыңыз.
Жауабы: 3 см
Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері 5 см және 6 см. Егер үшбұрыш жазықтығы проекцияланушы жазықтықтан 600бұрыш жасай көлбеген болса, осы үшбұрыштың жазықтыққа проекциясының ауданын табыңыз.
Жауабы: 7,5 см2 АВС тең қабырғалы үшбұрышында О центрі арқылы ОК перпендикуляр жүргізілген. Егер ВС=6 см, КС=4 см болса, онда ОК-ның ұзындығын табыңыз.
Жауабы: 2 см
Сырттай сызылған шеңбердің радиусы 6 см, ал қарсы жатқан бұрыш 450 тең болатын үшбұрыштың қабырғасын табыңыз.
Жауабы: 6
Тік бұрышты үшбұрыштың ауданы 24 см2, гипотенузасы 10 см. Іштей сызылған шеңбер радиусын табыңыз.