Шебер сынып жоспары Тақырыбы



бет1/2
Дата27.02.2020
өлшемі293,5 Kb.
#59116
  1   2
Байланысты:
00045f6f-620cf19a

Федоров ауданы әкімдігінің «№2 орта мектебі» КММ

Шебер сынып жоспары

Тақырыбы: «САБАҚТА ТАБЫСҚА ЖЕТУГЕ

ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗУ ТӘСІЛДЕРІ»

Мұғалім: Оспанова С.К.

І (ілгері) деңгей

химия, биология мұғалімі

Қостанай қ.


2015-2016 оқу жылы


Мұғалімнің аты-жөні: Оспанова Сауле Кусмановна

Еңбек өтілімі: 17 жыл

Жұмыс орны: Федоров ауданы әкімдігінің «№2 орта мектебі» КММ

Қызметі : биология және химия пәні мұғалімі.

Санаты : 1деңгей мұғалімі

Шебер-сынып жоспары.
Біліп қана қойған аз, оны пайдалана білу қажет.
қалап қана қойған аз, оны жасау қажет.


И.В.Гете
ТАҚЫРЫП: «САБАҚТАРДА ТАБЫСҚА ЖЕТУГЕ ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗУ ТӘСІЛДЕРІ»

ШЕБЕРЛІК-СЫНЫБЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ: Педагог қызметінің жалпы және  кәсіби құзырлығын  қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді қолдануы және тәжірибе алмасу.

·          Шеберлік – сынып қатысушыларына әдістемелік көмек көрсету.

·         Қатысушылардың өздерінің кәсіби шеберліктеріне ой жүгірте білуі.

·         Үйренушілердің қызығушылығын тудыру;

·         Оқу материалдарын тиімді меңгеру.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: қатысушылардың білімдері жинақталады, зияткерлік және шығармашылық әлеуеті ынталанады, қарастырылған тақырыпқа қызығушылығы туындайды, белсенділігі артады. Әдіс-тәсілдерді өмірде қолдана алады.

МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Шебер-сынып қатысушылары

ШЕБЕРЛІК-СЫНЫБЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ: ұйымдастыру, мақсаты мен міндетін таныстыру, табыс критерийлерін белгілеу, сабақ ұранымен таныстыру, топқа бөлу, топтарға арналған тапсырмалар жүйесін беру, қосымша мәліметтермен, нұсқаулық материалымен таныстыру, рефлексия жасау, кері байланыс

ӘДІСТЕР МЕН ТӘСІЛДЕР: Тренинг, “Блум таксономиясы», SMART, «Сәйкестіктер», «Сабақ мақсатын құрастыру», формативті бағалау түрлері

ҚҰРАЛДАР: актив тақта, презентация, постерлер, мәтіндер жазылған парақтар, А-3, А-4 парақтары, маркер, қалам

Шеберлік сыныбының   жүргізілуі:

Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Мен сіздермен кездесіп, бірлесе жұмыс жасайтыныма қуаныштымын. Мен Федоров ауданы №2 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Оспанова Сауле Құсманқызы. Презентация арқылы шебер сыныптың мақсаты мен міндетін, сабақ ұранын хабарлау.



Тренинг - психологиялық ахуал туғызу. Түрлі ұшақтарға жылы лебіздер жазғызып, ұшыру, ұшақ түстеріне орай топтарға бөлу.

Рефлексия: Мұғалімдер қызығушылықпен қатысты, өздерінің жұмыстарға әзір екенін байқатты. Ұшақтардағы жылы лебіздердің әсері зор болды.

Тренер-мұғалім: жаттығу өткізу «Қағаздан жасалған шариктер» ( 3адам шығады, олардың қолдарына ұстатып –«бірденеге үйреніңдер» деп айтылады)

Сұрақ: Нені байқаймыз?Алдарына мақсат қойылмады! Мақсат толық айтылмады, мақсат нақты қойылмады, мақсат анық және түсінікті болмады, мақсат қолжетімді болу керек.

Сұрақ: Құрметті әріптестер! Оқушыларға сабақтың мақсатын неге түсіндіру қажет деп ойлайсыздар ?

Жауап.

1. Бүгінгі сабақта не біледі, не білді, не білу қажет екенін ұғындыру үшін.

2. Жаңа білімге баланы ынталандыру үшін.

3. Оқушыны белгілі бір көлемде алатын білім, білік дағдыларын қалыптастыру үшін.

4. Оқушының өзін-өзі бағалауы үшін.

Заманауи мектептегі сабақтың мақсаты нақтылықпен, оған жету құралдарын көрсетумен және оны нақты дағдыларға ауыстырумен ерекшеленуі тиіс. Сабақ мақсаты нақты, көрсетілетін және өлшенетін болуы керек. Мысалы: білімін жинақтау мен жүйелеу, дағдыларын нығайту, өзін бақылау мен ұқыптылықтың дағдыларын дамыту болуы мүмкін. Бұл мақсаттар жеткілікті дәрежеде күрделі.

Сабақтың мақсаты сабақ соңында барлық оқушылар жетуі тиіс мекен екенін есте сақтаған жөн. Заманауи сабақ құзыреттіліктердің (автоматтылыққа дейін жеткен дағдылар) қалыптасуына бағытталған.

Сабақты сабақ соңында барлық оқушылар мақсатқа жеткеніне сенімді болатындай етіп ұйымдастыру қажет. Мұндай мониторингтің нәтижесінде мұғалім сабақтың мақсатты ұстанымдарын орындауды, мазмұнды, сабақтың түрі мен құралдарын таңдаудың дұрыстығын ұғынуына болады. Сабақтың мақсатына барлық оқушы жетпесе, онда өз қатеңді дұрыстауға және барлық оқушыларға мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияны әзірлеу қажет. Мақсатқа жету «иә» және «жоқ» бағаларымен анықталады. Мақсатқа кішкене жетуге болмайды, оған жетесің немесе жетпейсің!



Сабақ мақсатын белгілеудің өзі мен үшін жаңалық болды. Дәстүрлі оқытуда оқытудың үш мақсатын білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын қою қай мұғалімге болмасын қиынға түскені анық. 1981 Джордж Доран енгізген Smart мақсат - спецификалық, нақтылы, өлшеуге болатын, қолжетімді, шындыққа негізделген, белгілі бір уақыт аралығымен шектелген қасиеттерімен сабақ мақсатының мәнін аша түсті.

Мақсат қоюға SMART талаптары:

S Спецификалық, нақтылы. Яғни не нәрсеге қол жеткізу қажет

M Өлшеуге болатын, яғни мақсатқа жеттік деп айта алатындай болуы керек

А Қолжетімді. Яғни іс-әрекетке негізделген. Себебі нақтылы қандай іс-әрекет өзімізге қажет нәтиже беретінін түсінуіміз қажет.

R Шындыққа негізделген. Яғни қойылған мақсатқа жете алатындай

T Нақтылы мерзімі және мақсатты жүзеге асыратын орынды құралдары болуы керек


Химиядан «Химиялық реакция типтері» тақырыбы бойынша:

Сыныптағы оқушылардың кем дегенде 80 пайызы(орта) берілген он реакция теңдеулерінен), 15 минут ішінде ең кемі сегіз реакцияны ешбір қатесіз (деңгей) типтерін анықтай алуы керек(әрекет).

Тапсырма: Берілген мақсаттарға талдау жасап, мақсаттардың ішінен қайсысы мұғалімге, қайсысы оқушыға бағытталғанын анықтап жіктеу.

  1. «Қазақстанның климаты» тақырыбын аяқтау.

  2. Жасушаның маңызды бөліктермен таныстырып , олардың атқаратын қызметтерін түсіндіру.

  3. Тақырып соңындағы кестені жұмыс дәптерлеріне толтырып келу.

  4. Өмірмен байланыстыру арқылы жапырақтың маңызын танып білу.

  5. Суреттер және анықтауыш сөздер арқылы өсімдіктің құрылысын құрау.

  6. Жапырақтың жеке бөліктерінің атқаратын қызметін кестеге жаз.

  7. Жапырақтың ішкі құрылысымен таныстыру.

8. Қалыпты жағдайдан өкшеге отырып допты бір-біріне домалатуға үйрету.
Психологиялық тренинг «Мен қандаймын?» 
Мұғалімдер 1-ден 10-ға дейінгі сандарды бір мезгілде екі қолымен жазуы керек: мәселен, оң қолымен де, сол қолымен де «1» санын, одан кейін «2» санын және әрі қарай жалғастырып. Жазу барысында қалай жазылғандығына (әдемі, нашар) назар аудармау керек. Содан кейін олар жазғандарының ішінен жазылуы бір-біріне ұқсас бір жұп санды таңдауы керек. 
Оқытушы енді мұғалімдерге олардың жеке бастарының қасиеттерін сипаттайтын келесідей тізімді оқып береді: 
- егер «1» сандары ұқсас келсе, онда бұл адамдар – эгоистер дегенді білдіреді; 
- «2» сандарының ұқсастығы бұл адамдар іскер адамдар, болашақ басшылар екендігін меңзейді; 
- егер «3» сандары ұқсас келсе, онда бұлар - бейбіт өмірді жақтайтын, әрқашан да 
бітімге келе білетін адамдар;
 
- егер «4» сандары ұқсас келсе, онда бұл адамдар - өздері өз басына қиыншылық 
туғызып, оларды өздері жеңе білетін адамдар;
 
- «5» сандарының ұқсастығы бұл адамдар ақылды екендігін көрсетеді; 
- егер «6» сандары ұқсас келсе, онда бұлар өз 
жынысының озық өкілдері: нағыз еркек немесе нағыз әйел;
 
- егер «7» сандары ұқсас келсе, онда бұл адамдар жан-жақты дамыған; 
- егер «8» сандары ұқсас келсе, онда бұл адамдар қауіпті дегенді білдіреді; 
- «9» сандарының ұқсастығы бұл адамдарға сенім артуға болады дегенді білдіреді. 
Әрине, бұл жерде мұндай тестердің барлығы да әзілге негізделетіндігін ұмытпау керек

Мақсат туралы:

  1. Мақсатқа жеткісі келген адам оны жақсы білуі керек.

  2. Өлшенетін нәрсе ғана өнімдірек жасалады.

3. Жоспарлаған адам ғана жақсы ұйымдастыра алады.

  1. Мұхитты жүзіп өту үшін кемені өзің жасауың керек.

Б.Блум таксономиясы бойынша танымдық салада оқу мақсаттарының категориялары. (Слайд көрсету)

Блум, Бенджамин (ағыл. Benjamin Bloom) (1913-1999) –америкалық психолог, оқыту әдістерін зерделеген, «Блум таксономиясы» атауын алған жүйені құрушы.



1942 жылы Чикаго университетінде доктор дәрежесін қорғаған. 1965-66 жылдары Ағарту ісін зерттеушілер бірлестігінің президенті болған. 1960 жылдары Б.Блум кейіннен «Блум таксономиясы» деп аталып кеткен тұжырымдаманың негізін құраған екі монография басып шығарды: «Адами мінездемелер тұрақтылығы мен өзгеруі» және «Білім мақсаттарын жіктеу».


Білу

Қай жылы болды? Қайда болды? Қалай болды? Формуласын жазыңыз. Атап көрсетіңіз.

1-2 ұпай

Түсіну

Сөйлемді аяқтаңыз. Не білдіңіз? Неліктен? Сөйлемді өзгертіңіз. Өзара байланысын түсіндіріңіз. Өз сөзіңізбен айтыңыз.

3-4 ұпай

Қолдану

Бірнеше тәсілмен шешіңіз. Құбылыстың негізін түсіндіріңіз. Жорамалды тексеріңіз. Қорытынды жасаңыз.

5-6 ұпай

Жүйелеу (талдау)

Құрылымы қандай? Топтастырыңыз. Салдары не? Салыстырыңыз. Бөліктерге бөліңіз. Себебін талдаңыз.

7-8 ұпай

Жинақтау (топтау)

Өз шешеміңізді көрсетіңіз. Алгоритм ұсыныңыз. Баламасын табыңыз. Бөліктерден құраңыз. Жүйелеңіз. Зерттеңіз.

9-10 ұпай

Білімді бағалау

Қосынды ойды бағалаңыз. Жетістіктерін атаңыз. Өлшемдерін көрсетіңіз. Сәйкестігі қандай? Қаншалықты дұрыс? Өз ойыңыз?

11-12 ұпай



Ойлау деңгейі

Сұрақтар үлгілері

Білу және түсіну

Не? Кім? Қашан? Не …. үлгісі болып табылады? …. не тұспалданады? …. басқаша қалай түсіндіруге болады? …. бұл үлгі боп табыла ма? Мен мұны өз сөзіммен сипаттай алам ба?

Қолдану

Бұл қалай пайдаланылады? Бұл немен байланысты? … қандай жағдайларда?

Жүйелеу (талдау)

Неге? Қалай? …. себебі не болып табылады? Қорытынды үшін не нәрсе дәлел? ...себебі қандай? …бір-бірімен қалай үйлеседі?

Жинақтау

Егер бұл іске асатын болса, осыдан кейін не болады? Теорияның болжамы іске аса ма? Алынған ақпарат негізінде қандай қорытынды жасадым? Бұл онымен қалай байланысты?

Бағалау

Бұл жақсы ма және неліктен? Бұл қисынды ма және не себепті?




Мақсаттар

Пайдаланылатын етістіктер

Білу

еске түсіру, анықтау, мақұлдау, қайталау, атау, әңгімелеу, ұсыну, табу

Түсіну

қайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, тарту, мойындау, қайта қарау, түсіндіру, әңгімелеу, айқындау

Қолдану

көрсету, тағайындау, орындау, суреттеу, қолдану, пайдалану, айналысу

Жүйелеу (талдау)

ажырату, саралау, үміт арту, даулау,жатқызу, салыстыру, тәжірибеден өткізу, қарама-қарсы қою, зерделеу

Жинақтау (топтау)

тұжырымдау, оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жасау

Бағалау

жорамалдау, бағалау, таңдау, баға қою, анықтау, санау, өлшеу, айыптау


Топтық тапсырма:

Топ бойынша әр мұғалім өз сабағының мақсатын жазу керек

Үлгі: 1) сабақ тақырыбы:

сабақ мақсаты:



Топтар бір-бірін "екі жұлдыз, бір ұсыныс" бойынша бағалайды. (Топтық бағалау)

Рефлексия:Жұмыстар өте қызу және белсенділікпен жүргізілді. Мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибелерін қолдана отырып, теориялық мәліметтік мәтінді талқылады. Топ мүшелері толық қатысуға тырысты, барлығы өз ойларын айтты.

ІІ. Соңы – барлық істің тәжі. Бұл қысқаша уақытта сабақтың мақсатына жеткен-жетпегенін анықтау және оқушылардың сабақтағы қызметін бағалау қажет. Дәстүрлі сабақта сабақ соңында бағалау әр оқушыға тимейді. Ұсынылып отырған сабақта сабаққа қатысып отырған әр оқушы баға алады. Ол үшін мұғалімнің көп түрлері мен әдістері бар білімді бақылау ,өзара бағалау және т.б.

Бұл кезеңде оқушылардың маңызды құзыреттіліктердің бірі - өзін-өзі бағалауға үйренуі қалыптасады. Бұл құзыреттілік өмір бойына және әсіресе, өзінің білім траекториясын жобалаудың бастапқы кезеңінде қажетті болып табылады.



  1. Бағалау дегенді қалай түсінесіңдер? Қатысушылардан сұрау арқылы топтастыру құрып аламын.

  2. Топтастыру «Бағалау»



Мағнаны тану ( слайд көрсету)

Бағалау-бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы

Суммативті бағалау

(Оқытуды бағалау)



  • Негізгі бағалау белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады.

  • Мазмұны оқылған материалды қамтуы керек.

  • Негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады.

Егер бағалаудың мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу болса, онда өзінің фукциясы бойынша бұл бағалау жиынтық бағалау болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды.

Формативті бағалау

(Оқыту үшін бағалау



  • Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды.

  • Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді.

Кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы (ағымдағы) бағалау

сабақта немесе үйде күнделікті жұмыс үрдісінде білімі мен дағдысының ағымдағы дәрежесін анықтау, оқу үрдісінде оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты жандандыру. Ол оқушыларға білім алудың мақсаты мен міндеттеріне қаншалықты жеткені, жаңа тақырып меңгеру кезінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап жатқаны туралы түсінік береді;

Қалыптастырушы бағалаудың түрлері (ішкі және сыртқы):


  • Қалыптастырушы бағалау әртүрлі формада іске асады (ауызша сұрау, жазбаша, практикалық жұмыстар, мадақтау, көтермелеу, т.б.) және жиынтық бағалауға дейін мұғалімге де, оқушыға да оқу барысында кеткен кемшіліктерін түзетуге, қайта қарауға мүмкіндік береді.

Практикалық жұмыс №1

Көбелектің суретін салу. (Барлық топтар қатысады)

Бағалау критерийлері тақтада көрініп тұрады. Бағалау критерияларын презентациядан көрсету.

1.Сізге неліктен мұндай баға қойылғаны түсінікті ме?

2. Сізге ... қойылды, неге?

3. Сіз жаныңызды отырған әріптесіңізге баға қою кезінде неге көңіл аудардыңыз? 4. Жұмысты бағалау қиын болды ма?

5. Сіздің бағалауыңыз қандай қиындықтар туындатады?

6. Сіздің бағалауыңыз қандай аспектілерді қамтыды?

7. Сіздің оқушыларыңыз не үшін және неге баға алғандығын түсінеді ме? 8. Сіздің оқушыларыңыз әр сабақ сайын бағаланады ма?

Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.

Критерий арқылы бағалаудың басты ерекшелігі


  • алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;

  • анық, айқындылығы;

  • бағаның әділдігі;

  • өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі

Кері байланыс сәттері.

1-топ: «Рефлексия парағын толтыру» 2-топ: «Пікірлер, тілектер» бәйтерегі.

3-топ: Табыс критерийлеріне баға қою.

Бағалау түрлерін ұсыну. №1.«Басбармақ» №2. «Күн, ай, бұлт» №3 «Баспалдақ»




Рефлексия парағы

  • ақпарат Сіз үшін қаншалықты жаңа болды: ---------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------



  • нақты жұмыс үшін алған білім мен дағдылардың пайдалылығы: ------------------------------




  • шебер сынып қаншалықты қызықты болды: --------------------------------------------------------



  • практикаға енгізу үшін сіздің дайындық деңгейіңіз: --------------------------------------------



Кері байланыс

«07»_12._2015ж

Қатысушының аты- жөні

Маған не ұнады?






Менің қосарым...







Іс-тәжірибемде қолданамын






Менің тілегім









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет