Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық



бет121/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   172
Байланысты:
index

Сілтілер
Дезинфекциялық қасиеті бар сілтілерге гидраттар және металдардың сілті тұздары жатады (Na,Ca,K).
Сілтілердің дезинфекциялық әсері олардың электролиттік диссоциацияға және негізінен гидроксилді иондардың концентрациясына байланысты.
Сілтілер - суда жақсы еритін негіздер, олар су ерітінділерінде гидроксилді аниондардың (ОН) үлкен концентрациясын тудырады. Сілтілер ішінде ең күшті-гидрототықтырғыштар, содан кейін карбонаттар, және бикарбонаттар. Гидрототықтырғыштар аса күшті бактерицидтті және күйдіргіш заттар болып саналады.
Сілтілер ақуызды гидролиздейді, майларды, көмірсуларды ыдыратады, жасуша элементтерінің үлкеюіне әкеледі. Бұл қасиеттермен сілтілердің дезинфекциялық әсерінің механизмі түсіндіріледі. Сілтілердің концентрленген ерітінділері тірі жасушаның протоплазмасының терең ауысуына әкеледі белок гидролизі, коллоидті заттардың пайда болуы, майлардың сабындануы, көмірсулардың көректенуі бұзылып, ол өледі. Сілтілер ұлпаға терең сіңуі мүмкін, бірақ аз концентрацияда олар тек эпидермисті жұмсартады.
Және сілтілердің дезинфекциялаушы механизмі нысанда, нысан орналасқан ортаға тікелей байланысты. Мәселен, қышқыл ортада сілтілер бейтараптау реакциясына түседі. Сілтілер микроб жасушасына енгеннен кейін ол рН-ты жоғарылатып, ақзатпен байланыс кезінде денатурацияға әкеліп соғады да сілтілі альбуминаттар пайда болады. Майлар сілтілермен сабындану реакциясына түседі. Көмірсулар сілтілер әсерінен бұзылады. Сілтілердің әлсіз ерітінділерінде көптеген микроорганизмдердің өміршеңдігі артады. Жоғары концентрацияланған сілтілер ғана микробтар дамуына кедергі жасап, оларды жояды (негізінен вегетативті түрлерін).
Күйдіргіш сілтілердің ыстық ерітінділерімен дезинфекцияланған соң ғимараттарды желдету қажет, өйткені аммониймен қосылыстар әсерінен көп мөлшерде аммиак бөлініп, жануарлардың улануы мүмкін.
Ветеринарлық тәжірибеде дезинфектанттар ретінде қолданылатын сілтілер: күйдіргіш натр, калий, сөндірілмеген ақ, поташ содасы.
Күйдіргіш натр (каустикалық сода) - түссіз, иіссіз, өте гигроскопиялық (ылғалтартқыш), кристалды зат, суда жақсы ериді. Оның еру кезінде көп мөлшерде жылу бөлінеді. Бұл натрий тотығының гидраты, ол ас тұзының судағы ерітіндісінің, электролиз арқылы пайда болады. Ауада күйдіргіш натр көміркышқыл газымен байланысқа түсіп, көмірқышкыл натрийге айналады. Ас тұзын қосу 10% дейін спороцидтті әсерін күшейтеді. Көліктерді дезинфекциялау үшін күйдіргіш натр құрғақ және сілтілі ерітінді түрінде қолданылады. Дезинфекциялау үшін техникалық тазартылмаған күйдіргіш натр (каустикалық сода) қолданылады.
Құрғақ каустикалық соданың құрамында күйдіргіш натр 92-95% кем емес, 2,2-3% көмір қышқылды натрий, 1,5-3,75% хлорлы натрий, 0,1-0,2% суда ерімейтін минералды қалдық болу керек, ал сұйық препарат құрамында 42% кем емес күйдіргіш натр болады.
Күйдіргіш натр бактерицидттік, вируленттік және спороцидттік қасиеттерге ие. Ерітінді температурасы жоғарылаған сайын, оның дезинфекциялық қасиеті де жоғарылайды.
Күйдіргіш натрдың 3% концентрациясы (70-800С) вегетативті микробтарға бактерицидттік әсерін тигізеді: ішек таяқшасы, протей, сүзілетін вирустарға қарсы вирулентті әсерін тигізеді
Сақтық шаралары: Сілтілер органикалық ткандерді күйдіріп жейді, сондықтан оларды жалаңаш қолмен ұстауға болмайды.
Ерітінділерді дайындау барысында резеңке етік, алжапқыш, қолғап, қорғаныс көзілдірік, халат кию қажет. Көзге тиген кезде 2% бор қышқылымен жуып шаю керек. Күйдіргіш натр теріні тітіркендіріп күйдіреді. Натр ерітіндісін мал ішіп қойған жағдайда улану процесі өтеді. Құсу, қан аралас іш өту пайда болады.
Қүйдіргіш натр ерітінділерін көбінесе ет өндірістерінде жуу үшін (0,2-0,5), технологиялық құралдарды дезинфекциялау үшін (2-10) қолданады. Және көптеген аурулардың алдын алу шараларын өткізгенде (мысалы, аусыл, шошқа обасы, энцефаломиелит, инфекциялық анемиясы) күйдіргіш натрді ыстық (700С дейін) күйде қолдану тиімді. Спороцидттік қасиеті де белгілі: 30% ерітінді сібір жарасының спораларын 10 минуттан кейін, 10% ерітінді 1 сағаттан кейін, 5% ерітіндісі 3 сағаттан кейін жояды. Көлікте санитарлық өңдеу жүргізгенде, күйдіргіш натрда иістің қалуы жіберілмейтін жерде қолданады: жануарларды тасымалдағаннан кейін теміржол вагондарын (рефрижератордан басқасы), жануарларды тасымалдағаннан кейінгі автокөлікті жануарларды арту платформаларын дезинфекциялау үшін қолданады.
Каустикалық сода – құрғақ, ақ зат (көгілдір түстен қоңыр, сұр түске дейін), ылғалтартқыш және ауада тез ыдырайды, балқу температурасы 3210С, қайнау температурасы 13780С. Суда тез ериді 180С температурада 51,7%, ал 800С температурада -75,8%, метил және этил спирттердің ішінде жақсы ериді. Еру үрдісі кезінде көп мөлшерде жылу шығады.
Дезинфекцияға жататын нысаны неғұрлым ластанған болса, соғұрлым ерітінді концентрациясы жоғары болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет