Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Төменгі температура кезіндегі вагондарды дезинфекциялау



бет146/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   172
Байланысты:
index

Төменгі температура кезіндегі вагондарды дезинфекциялау
Төменгі температура патогендік микробтардың өміріне теріс әсер етпейді. Бактериялар суыққа төзімді, олар өздерінің тіршілігін бірнеше айлар бойы сақтайды.
Қайталап қатыру және еріту, тірі организмдерге қауіпті болғанымен, микробтар оған төзімді болып келеді, бірақ кей жағдайда температураның алмасуы олардың өліміне әкеледі.
Төменгі температура кейбір микробтардың құрылымын өзгертеді, мысалы -6ºС-та 40 мин B.Subtillis спора түзуін тоқтатады, ал B.Antharis 16ºС-та тіршілігін сақтайды; 10 сағат төменгі температура. P.Vulgarris және E.Coli өлмейді. Зең мен ашытқылар да төменгі температураға төзімді.
Патогендік микробтар мен вирустардың сақталу уақыты бірнеше айдан 2 жылға дейін Н.М. Колычев және В.П Сухотина (1984) бұқаралық түрдегі микробактериялар төрт рет қатырылып, еріткеннен кейін өздерінің вируленттілігін қояндарға 6 айдан кейін теңіз шошқасына 9 ай; 5 рет қатырып, еріткеннен кейін жоғалтатынын анықтаған.
Патогендік және патогендік емес микробтардың 10-шы рет қатырылып, ерітілгеннен кейін де өз тіршіліктерін 22 айға дейін сақтайды. Топырақта микробактериялар 7-ден 21 айға дейін, ағаш үгітінділерінде15-20 ай тіршілігін сақтайды.
Кейбір микроорганизмдер 190ºС-та тіршілігін сақтайды, ал кейбіреулеріне 176ºС сақталу үшін оптимальды температура болып саналады.
Дезерітінділер жоғары температурада жақсы әсер етеді және төменгі температурада тиімді әсер көрсетпейді. Мысалы, формальдегидтің сілтілі ерітіндісі (3% NaОН және 7,5% формалин) 200С температурасында беткейді өңдейді, туберкулез қоздырғышын 60-80 мин өңдейді, ал 00 30 сағат ішінде де өңдемейді.
Төменгі температурада дезинфекциялау үшін химиялық заттардың физикалық құрамын, коррозиялық белсенділігін бактериоцидтік қасиеттерін және дезинфекциялық белсенділігін (әр түрлі беткейлерде) ескеру керек. Негізінен химиялық заттардың құрамында антифризы бар ыстық, суық және ерітінділерді еру белсенділігіне және ысытқыш жағдайда химиялық заттардың бейімділігін жоғалтпауына көңіл аудару керек.
Төменгі температурада дезинфекция жұмыстарын жүргізудің кейбір ерекшеліктерін ескеру керек: құрамында антифризы бар ерітінділерді беткейге 2-3 рет ыстық күйінде қолдану керек; дезинфекция шығынын 1,5 есе көбейту керек. Төменгі температура кезінде қандай да бір бөлмелерді дезинфекциялау үшін бірнеше режимдер бар; олар келесі ерітінділерді қолданумен жүзеге асырылады: 10% кальцийлерленген сода ерітіндісі мен 10% ас тұзы қоспасы; 2% күйдіргіш натрий мен 20% аммиак қосындысы; 10-15% әк хлориті, ас тұзымен; 5% демп ерітіндісі, 10% ас тұзы қоспасы.
Вагондарды төменгі температурада дезинфекциялауға қолданылатын ерітінділер температурасы 00-тан аспайды. Сондықтан вагондарды ыстық сумен (80-90ºС) жуу керек, жуғаннан кейін көп ұзамай тез арада температурасы 600С ыстық дезерітінділермен өңдейді ерітілген (хлорлы әк басқалары, оның температурасы 15-250С аспауы керек).
Дезинфекциялық ерітінділерге антифриз ретінде 10-15% ас тұзын қосады.
Дезинфекциялау кезінде вагондардың категорияларына байланысты дезинфекциялық ерітінділерді қолданады. Сонымен қатар, төменгі температурада дезинфекциялау белгіленген нұсқау бойынша жүргізіледі (1985):
Екінші дәрежелі вагондарды дезинфекциялау үшін 7,5% сутегі асқын тотығы ерітіндісін, 0,25 л/м2 шығыны бойынша қолданады;
Үшінші дәрежелі вагондарды дезинфекциялау үшін 0,6% сірке үсті қышқылын 0,5 л/м2 2 рет қолданады;
Бірінші және екінші рет өңдеу уақыты аралығы 30 мин болуы керек,
2-ші рет өңдегеннен кейін экспозициясы 3 сағат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет