Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Мал платформасы, тұрағын және станса алдындағы жануартекті шикізат сақтайтын қоймаларды тазалау және дезинфекциялау



бет147/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   172
Байланысты:
index

Мал платформасы, тұрағын және станса алдындағы жануартекті шикізат сақтайтын қоймаларды тазалау және дезинфекциялау
Арту және түсіру платформаларын, мал тұрақтарын (барлық кұралжабдықтарды) және т.б.қондырғыларды жүйелі түрде тазалайды.
Егер жануар түрлі инфекциялық аурумен ауырған жағдайда немесе шикізаттың қолайсыз (сау емес) жағдайында көліктік ветинспектор нұсқауымен міндетті түрде дезинфекциялайды.
Тазалау үрдісі: нәжісті, қоқыстарды және т.б. керек емес заттарды тазалау болып табылады. Қыста, платформаны қар мен мұздардан тазартады. Мал қоршауы алаңын және т.б. дезинфекциялау үшін құрамында 3% белсенді хлоры бар немесе 2% формальдегиді бар хлорлы әк, не болмаса формальдегидтің сілтілік ерітіндісін және күйдіргіш натрииі немесе ыстық (60-70ºС) 4% күйдіргіш натрийді (шығымы 1 л/м2), немесе 2% жаңа сөндірілген әкті (тек мал қоршауы үшін) қолданады. Мал тұрақтарын - хлорлы әк немесе 4% формальдегид ерітіндісімен; 10% ыстық күйдіргіш натриймен немесе формальдегидтің сілтілік ерітіндісімен; 3% күйдіргіш натриймен (шығымы 10 л/м кв.) өңдейді. Қысқы уақытта ерітінділер қатып қалмауы үшін оған 10-15% ас тұзын қосады.
П.Г.Песков (1969) ұсынысы бойынша, жануарлар инфекциялық аурулармен немесе шикізаттардың қолайсыз болған жағдайында дезинфекциялауды 2 рет, 3 сағат бойы жүргізу керек. Дезинфекция үшін құрамында 5% белсенді хлоры бар хлорлы әк, күкірткарбол қосылысын немесе 4% формальдегид ерітіндісін қолдану керек.
Препараттың әсер етуші заты - сірке үсті қышқылы (14-16%). Сірке қышқылының төменгі температурада да инактиверлеуші қасиеті сақталады (-20ºС дейін).
12 Тарау

ЖАНУАРТЕКТІ ШИКІЗАТ ӨНІМДЕРІН ТАСЫМАЛДАҒАННАН КЕЙІН КОНТЕЙНЕРЛЕРДІ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ


ӨҢДЕУ
Көптеген қолданылатын контейнерлер – әмбебап құрылғы. Олар МемСТ 18447-79 теңіз, өзен, темір жол және автокөліктермен (күрделі, орташа және аз тонналы контейнерлер) өнімдерді жалпы және жекелеп тасымалдау үшін қолданылады.
Әрдайым тасымалдау контейнерлерінің көлемі өседі. Шетел елдерінде изотермиялық суытылмаған және рефрижераторлы контейнерлерін, термостарын тез бұзылатын өнімдер үшін кеңінен қолданады.
Контейнерлердің басты кемшіліктерінің бірі, олардың болаттан жасалынған сыртқы беткейлерінің әрдайым коррозияға ұшырауы, осының нәтижесінде оларға үнемі мұқият болу, кей-кезде коррозияға қарсы арнайы шаралар жүргізу, яғни коррозияға қарсы мықты болатты, мысалы мырышты қабаттарды қолдану сияқты күтім керек.
Сондықтан шикізат өнімдерін тасымалдағаннан кейін, контейнерлерді санитарлық өңдеу жасаудың дезинфектанттарды дұрыс таңдаудың тәжірибелік маңызы зор. Н.П.Любаков (1980, 1983) контейнерлерді ылғалды және аэрозольды дезинфекциялау үшін: формальдегид, сірке қышқылын, сутегі асқын тотығын, хлорамин, гипохлорды қолдануды ұсынады.
Оларды арнайы камераларда және арнайы алаңдарда қолданудың технологияның үрдісі төменде көрсетілген.
Жануартекті өнімдерді түсіргеннен кейін контейнерлерді арнайы механикалық тазалаудан, санитарлық категорияларына байланысты жуу мен дезинфекциядан өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет