Ағынды суларды тазалау мен дезинфекциялау. Көліктерді өңдеудегі ағынды сулардың мұқият және міндетті түрде дезинфекциялануын бірнеше ғалымдар ұсынған, (Окуневский, 1933; Львицин, Шапиро, 1940; Поляков, 1969; Горжковская, 1963; Песнов, 1963; Павлова, 1980; Прохоров 1981).
Ағынды суларды, жуғаннан және көлікті дезинфекциялағаннан кейін, міндетті түрде су тазалығына қойылған ережелер бойынша тазалайды. Ағынды суларды ДЖС, дезблоктарда және басқа санитарлық өңдеу орындарында өңдегенде: ағынды суларды әр категорияға бөлу, тазалау, механикалық (торлар, құмаулағыштар т.б.) биологиялық (биофильтрлер, аэротенкалар, метантенкалар, фильтрация алаңы және т.б.), химиялық (керек болған жағдайда), тазартылған ағынды суларды дезинфекциялау, түнбаларды өңдеу, ағынды суларды өңдеуді бақылау дәрежесі
(зертханалық талдау) кіреді.
категориялы ағынды суларды патогенді микрофлорадан таза деп, олардың канализациясын дезинфекцияламайды, болмаса 2 категориялы ағынды су жіберетін канализацияға ағызады.
категориялы ағынды суларды механикалық және биологиялық тазалаудан кейін дезинфекциялайды. Дезинфекциялау үшін арнайы хлорлау әдісін қолданылады. ДЖС ағынды суларды хлорлау үшін – хлорлы әк қолданады. Күн сайын 1м3 ағынды суға 0,5 литр хлорлы ерітінді қолданады, экспозициясы 30 минут (Песков, 1969; Фих,1982). С.И. Горжовская (1963) бойынша хлор дозасы 30-60 мг/л немесе 1,5-3г құрғақ хлорлы әк, құрамында 25% белсенді хлор болуы керек. Соңғы хлор мен өңдеуді, алдындағы хлор мөлшеріне қарап қолданады. Соңғы өңдеуді хлор мөлшеріне бактериологиялық әсерге, ластану мөлшеріне, су температурасына байланысты қояды. Температура төмендегенде, сілтілігі жоғары, ластануы жоғары жағдайда, хлор мөлшері көп болады.
И.А.Нетылкиннің (1966) айтуы бойынша, ағынды суларды хлорлауды 10% хлорлы әк ерітіндісімен 25 мг/л белсенді хлор мен 30 минут бойы өңдейді, ол осы арада патогенді бактерияларды өлтіреді.
Ағынды суларды 1-2 категориялы өңдегенде 1-2 сағаттан кейін хлор мөлшері 0,5-1 мг/л, ал микробтардың мөлшері 95% азаюы керек.
Егер зертханалық талдау бойынша ағынды су толық дезинфекцияланған болса, оны қайтадан дезинфекцияға жібереді. 3 категориялы ағынды суларды бөлек дезинфекциялайды. Оларды хлорлау және автоклавтар арқылы өңдейді.
Автоклавтаған кезде бөлек жинаған суларды құбырлар арқылы автоклавтарға жеткізіп 1200С температурада 1-1,5 сағат бойы қайнатады. Кейіннен суды коагуляциялайды, ол үшін күкірт-қышқылды темір, хлорлы әк, сөндірілген әк қолданады.
Өңделген ағынды суларды канализацияға жібереді. 3 категориялы ағынды суларды хлорлау кезінде міндетті түрде түссіздегенше дейін арнайы тұндырылатын жерлерге жинайды. Тұнған сулар насоспен сорылып, арнайы құбырларға қүйылып, онда хлорлы әк ерітіндісі, құрамында 5% белсенді хлоры бар, 1 куб метрге, 4л ерітінді мөлшерінде қосылады (200мг/л белсенді хлор) (Песков, 1969).
С.И.Горжсковский айтуы бойынша, темір жол көліктерін хлорлы әкпен өңдегенде оның мөлшері 1000мг/л және жоғары: биофабрикаларда 200-1400мг/л, тері өнеркәсібінде 1000-2000мг/л қолдану керек. Хлорлы әкпен өңдеген кезде, ағынды су рН сақтау керек. Жоғары сілтілі, қышқылды және бейтарапты болатын болса, көп мөлшерде хлорды қолданады. Кейін бұл суларды 30 минут резервуарға қояды, тек зертханалық зерттеуден кейін ғана канализацияға жібереді, қалдықтарын өртейді немесе 1-2 сағат бойы автоклавтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |