Арнайы киімдер, аяқ киімдер және басқа заттарды дезинфекциялау
Инфекцияланған арнайы киімдер мен аяқ киімдер түрлі жануарлар ауруларының қоздырғыштарын тасымалдайды, сондықтан дезинфекция аяқталғаннан кейін міндетті түрде өңдеу жұмыстары жүргізіледі.
Арнайы киімдерді дезинфекциялау тәртібі. Тасымалдаған көлік заттарын дезинфекциялағаннан кейін арнайы киімдерді дезинфекциялау 1 категориялы түрде кептіргіш шкафтарда немесе арнайы бөлмелерде жүргізіледі. Ластанған халаттар мен басқа киімдерді жууға жібереді.
Көлікті 2 және 3 категориялы дезинфекциялағаннан кейін матадан жасалған (халаттар, комбинизондар) және брезентті киімдерді (алжапқыштар) келесі түрде дезинфекциялайды:
спорасыз микрофлорамен және вируспен инфекцияланған киімдерді 2 сағат бойы 2% формальдегид ерітіндісімен немесе 3% хлорамин ерітіндісімен өңдейді, немесе 2% кальцинирленген сода ерітінділерде 30 минут бойы қайнатады. Ерітіндіні 1 кг киімге 5 л есеп бойынша алады.
Өңделетін киімдер ерітіндіге батырылғаннан кейін, ерітінді оның бетінен 10 см асып тұруы керек;
споралы микрофлорамен инфекциялаған арнайы киімдерді 4% формальдегид ерітіндісінде батыру арқылы 4 сағат бойы өңдейді, немесе 2% кальцинирленген сода ерітіндісінде 1 сағат бойы қайнатады;
мақтадан жасалған халаттар, комбинизондарды және брезенттен жасалған арнайы киімдерді, теріден және жүгеннен жасалынған киімдерді булы формалинді камераларда дезинфекциялауға болады, киімдер ыңғайлы ілінуі керек.
Камера мен киімдерді калорифер немесе бумен 30-400С дейін ысытады. Камерадағы киімдер 10-20 минут кептіріліп, 5-10 минут желдетіледі. Кейін камераға буды жіберіп 53-550С температураға дейін жеткізеді. Содан кейін түтікше арқылы 40% формалинді жібереді. Барлық өңдеу уақытында камерадағы температура 58-590С болады. Жүнді және теріден жасалынған өнімдерді бүлініп кетпеуі үшін кептіреді. Бұл заттарды дезинфекциялау ылғалды жағдайда жүргізілмеуі керек.
Инфекцияланған арнайы киімдерді булы формалинді камераларда дезинфекциялау үшін, міндетті түрде келесі ережелерді сақтау керек:
32-Кесте. Камераларда дезинфекциялау режимі
Инфекция түрі
1м3камераларға киімдерді енгізу тығыздығы
Температура, С
1м3камерадағы формалин шығыны, мл
Формалинд жіберген кездегі өңдеу уақыты, минут
Споралы емес микрофлора
4
58-59
100
60
Туберкулез бактериялары
5
58-59
100
120
Споралы микрофлора
3
58-59
250
180
Дерматофиттер
5
58-59
250
165
Брезентті, мақталы және киізді киімдер Крипина камераларында немесе зертханалық автоклавтарда 110-1110С, қысымы 0,5 атм өңдеуге болады. 30 минут бойы споралы емес 90 минут споралы микрофлораларды немесе қайнатылған сумен (кигізден жасалғаннан басқаларын), ал споралы 90 минут бойы өңдейді.
Аяқпен киім ластанғандарын табандарын дезбарьерден өткізгенде, онда қандай болмасын дезинфекциялық ерітінділер болғанымен, дезинфекциялау жеткіліксіз, өйткені аяқкиімнің басқа бөліктерінде қоздырғыштар қалуы мүмкін. Аяқ киімнің барлық жері дезинфекциялануы керек, ол үшін келесі әдістер қолданылады:
резеңкелі, брезентті, киізді аяқ киімдер, резеңкелі қолғаптарды, галоштарды және резеңкеден жасалған өнімдерді 2-3% формальдегидпен 2 сағат бойы 200С өңдейді. 1кг аяқ киім үшін ерітінділерді 5л, ол ерітінді қолданылуы керек. Споралы микрофлорамен ластанған аяқ киімдерді 4% формальдегидте 4 сағат бойы өңдейді. Өңдегеннен кейін аяқ киімдерді шайып кептіреді.
теріден жасалған аяқ киімдерді немесе басқа да өнімдерді булы формалинді камераларда өңдеуге болады. Тері аяқ киімдерін сулемокарбол ерітіндісімен сүрту керек, оны дайындау үшін 1л сулема ерітіндісін 1:100 қатынаста 30г кристалды карбол қышқылын қосады. Осындай өңдеуден кейін оны кептіріп, қайың майымен немесе маймен майлайды.
теріден жасалған аяқ киімдерді хлорлы әкпен өңдеуге болмайды, өйткені ол жарамсыз болып қалады.
киізді, брезентті және резеңкелі аяқ киімдерді, лизол, формалинкеросин эмульсиясында өңдеуге болады.
етіктерді глакпен аэрозольды станоктарда өңдеу ұсынылған. Ол үшін препаратты 20-30 минут бойы қашықтықтан етіктердің сыртына шашады. Препарат шығыны 1 етікке 23-25г, экспозициясы 15 минут. Экспозициядан кейін етіктерді сумен шайып, кептіреді.