Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Жануартекті шикізат өнімдерін тасымалдауға арналған ыдысқораптарды дезинфекциялау



бет152/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   172
Байланысты:
index

Жануартекті шикізат өнімдерін тасымалдауға арналған ыдысқораптарды дезинфекциялау. Жануартекті шикізат өнімдерін (жүн, қыл, тері, мұйіз т.б.) тасымалдайтын ыдыс-қораптарды Крупина камерасында бумен өңдейді. Вегетативті микробтармен вирустармен залалданған өнімдер тасымалданғандарын 1110С температурасында, 0,5 атм қысымда, 105 минут экспозициясымен дезинфекциялайды.
Жұмсақ қорап-тыстарды дезинфекциялау. Қаптарды, қаптайтын маталарды ОППК-2 камераларында 2м3 залалсыздандырады.
Камерада формальдегидтпен дезинфекция жүргізгенде, булы- ауалы және формальдегидтті қосылыстарын 600С қолданады. Микробтың вегетативтік формаларында формалин шығыны 75 мл/м3, экспозиция 1 сағат, ал споралы -250мл/м3 және экспозициясы 165 минут етіп қолданады.
Ет-сүйек және сүйек ұнын тасымалдайтын қорап-тыстарды Крипина камераларында немесе формалиннің буымен өңдейді.
Халықаралық поштамен жіберіп тасымалданатын қораптыстарды дезинфекциялау. Ветеринарлық бақылауда Мемлекеттік шекарада мемлекет аралық поштаның құжаттарын мемлекетке жұқпалы ауру қоздырғыштары еніп кетпеуі үшін бақылайды.
Бұндай бақылау мемлекет аралық пошта айырбастау бөлімдерінде, әуежайларда, темір жол стансалары мен автокөлік жолдарында болады.
Егер мемлекет аралық поштамен жіберуші заттарда инфекциялық қоздырғыш табылатын болса, міндетті түрде дезинфекцияланады. Дезинфекциялау жұмыстарын халықаралық пошта аймағында, шекаралық бақылау бекеттерінде, әуе жолда, теңіз, өзен порттарында, темір жол стансаларында арнайы бөлінген орындарда жүргізеді.
Дезинфекцияға жататын пошта қапшықтарына, «Дезинфекциялауға» деген жазу жабыстырады. Пошталық қаптарын арнайы глак, сірке үсті қышқылы немесе құмырсқа үсті қышқылымен қаптайтын материалды бұзбайтын, жазуларға әсер етпейтін ерітінділермен өңдейді.
Өңдеу келесі препараттар арқылы жүзеге асырылады:

  • глак препаратын аэрозольді қапшықта толығымен ылғалданғанша дейін өңдейді;

  • препаратты 20-30см қашықтықта қолданады. Ерітінді шығымы 1м2 150 мл тара үстіне, экспозициясы 1 сағат;

  • сірке үсті қышқылы мен құмырсқа үсті қышқылын 20-30 см қашықтықта 100 мл шығын мөлшерінде 1м2 шапыратады. Экспозициясы 15 минут.

Глак препаратын бейтараптау үшін 0,2% гипосульфит натрий ерітіндісін 150 мл/м2 мөлшерде қолданады (Храброва, 1985).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет