Көліктегі қиды санитарлық бағалау. Жануарларды тасымалдағаннан кейін ветеринарлық-санитарлық өңдеу категориясы қандай болса, одан шығарылатын қи және төсеніштер сол категорияға жатады.
Сол себепті ет және құс комбинаттарында, карантин бекеттерінде, әуежайда және теңіз порттарында, темір жол стансаларында, ДЖС және басқа көлікті тұрақтарға қидың түсуі мүмкін.
Қидың әр категорияларын сақтауға қойылатын талаптар, қиды залалсыздандыру және шығару территориясы анықталады, осы жерде көлікті өңдейді.
1-категориялы жануар қиы тыңайтқыштарға шектеусіз жіберіледі. Бірақ импортталған жануарлар қиын биотермиялық өңдеу керек, оларды 2- категориялы өңдеу сияқты өңдейді, ал қи аз мөлшерде болатын болса, әуежай территориясында, теңіз порттарында ДЖС алаңында жағады. Қиларды түсіру және қоймаларда сақтау үшін асфальтанған алаң болуы керек.
2- категориялы қиды 30 күн бойы арнайы алаңдарда биотермиялық өңдейді. Өңдегеннен кейін оларды жергілікті басқарма және көліктегі ветеринарлық бақылау рұқсатымен егістікке тыңайтқыш ретінде шығарады.
Вагоннан шығарылған 2-категориялы қиды, ауырған инфекциялық ауруға шалдыққан, инфекциялық анемия және энцефаломиелитпен ауырған жылқы, құтыру және т.б. қилары мемветбақылау жұмыстарының бакылауымен өртеледі.
Ауру жануарлар тасымалданған вагондардан шығарылатын қилар, обамен залалданған, ауысылмен залалданған, биотермиялық өңдеуді 3категориялы қилар мен қоқыстарды өртеу арқылы жояды.
Қиды биотермиялық өңдеуді «Ветеринарлық дезинфекция, дезинвазия, дезинсекция және дератизация» нұсқауы, ал сонымен қатар «Қиды биотермиялық өңдеу» нұсқауы бойынша жүргізеді.
Қиды биотермиялық залалсыздандыру арнайы алаңдарда жүргізіледі: ДЖС-2 категориялы вагондарды санитарлық өңдеуден өткізетін секторда; малшаруашылық кешендерде және карантиндік бекеттерде; шаруашылықтың қи сақтайтын алаңдарында; ет және құс комбинаттарында-малбазасының дезблок аймағында; әуе жайдадезкомплекс алаңында; теңіз портында-загондағы карантиндік алаңдарда. Алаңдарда өңделетін қи көлеміне байланысты, бірнеше компосты бағаналар болуы мүмкін. Типтік ДЖС-тәулігіне 300 вагон өткізе алады, сондықтан бұл алаңдарда көлемі 225 м3, 15 күндізгі қи сиятын, үш компосты бағаналар болады. Үшінші компосты қимен толтыру аяқталған кезде, қиды 30 күндізгі өңдеу кезеңінен өтеді.
Арнайы алаңдарда тереңдігі 6 м, бүйірі 25 см, ортасына бығытталған ор қазылады (ұзындығы қи көлеміне байланысты). Ордың ортасында ұзындығына байланысты, көлемі 50 см науа және бүйірлерінде ұзындығы және көлемі 25-30 см шұнқырлар болады.
Ордың түбі мен бүйірлерін, науалар мен шұңқырларды цементтейді немесе қалың майлы саз балшықпен бекітеді. Саз балшық қалындығы бекіту алдында және кейін 15-20 см болуы керек. Қи салар алдында науаларды сырықтармен жабады. Шұңқырлар ор ішінде дөңгеленіп орналастырады, ол маса балаңқұрттарын жоюға әсер етеді.
Арнайы орларға, бағаналарға қиды салар алдында, 40-50 см қалыңдығында құрғақ-шөпті қиды салады. Содан кейін оның үстіне өңделетін қиды салады, оны салған кезде ордың жан-жағында қи мен ордың арасында 40-50 см аралық болуы керек. Қысқы уақытта ордың түбіне, өңделетін қи астына, балауса қиды салады. Қи пирамида сияқты
2м биіктік қабаттарында, бүйірлік жағы 700С көлбеу етіп салынады.
Қиды, ірі қара мал нәжісін, шөпсіз, жылқы қиымен немесе төсеніштермен араластырып (4 бөлік- өңделетін нәжіс, 1 бөлік сабанмен немесе жылқы нәжісімен) салады.
Құрғақ қиды нәжіс сұйықтары мен немесе сумен 10-15л/м3 есебінде араластырады. Қысқы уақытта ыстық суды қолданады. Қатарларға салынған қидың жан-жағына барлық жағынан жұқтырылмаған қиларды немесе қалыңдығы 40-50 см сабандар және торфтарды салады. Қыстың күні сабан, торф немесе қидың қалыңдығы 50-60 см болуы керек. Қатарлар есігі жағынан науа тесіктерін жаздың күні ауа келу үшін ашық қалдырады, ал қыста жабады.
Егер қи ақырын түсіп, қатарлар (штабеля) көлемі керекті массаға дейін жетпеген кезде, қыс уақытында оны жұқтырылмаған қимен жабады (уақытша жабу), ал кейін, уақытша жабуды ашқан соң, жоғарыдағыдай тәртіппен қиды сала береді.
Егер қысқы қида биотермиялық үрдіс дамымаса, онда қатарларды ерігенше алмайды. Қи ерігеннен кейін оны жаңа орынға ауыстырып, жоғарыдағыдай тәртіппен өңдейді. Егер қыс уақытында қи өз уақытында салынбаса, үсіп қалса, оны тез уақытта биотермиялық белсендіру керек болса, жіті буды қолданады. Бұл үшін қатардағы қиды қатарларда арнайы орналасқан батарейлердегі немесе регистрлердегі бумен (ыстық сумен) қыздырады. Регистрдегі және батарейлердегі ыстық су, арнайы коллекторлармен және басқа көздерден келеді.
Регистр (булы) паралельді құбырлардан жасалынған, жалпы коллекторлардан қосылған, осы жерден шыққан құбырлар мен шлангылардан бу шығады. Регистрлерді дайындайтын құбырлар диаметрі 25 мм және ұзындығы 2 м болуы керек. Әр құбыр қабырғасын бірдей орналасқан тесіктер ені 10 мм, 35-40 бірқалыпты етіп теседі. Регистрлерді бір немесе бірнеше құбырлардан дайындалған болса, олардың арасы 50-75 см болуы керек. Қыздыратын батареялар бірнеше аралықтары 30-40см, ұзындығы 6-8 м; диаметрі 85 мм болатын құбырлардан тұрады. Құбырларды өзара бекітеді. Батареяларға қалыпты бу мен судың келуі үшін, олардың кіретін және шығатын жерлеріне бұранды орнатылады.
Регистрлер мен батареялар саны қиды биотермиялық
залалсыздандыру үшін, мына есеп бойынша: 1 регистр 6м-ге немесе 1 батарей 10м қатар ұзындығына етіп орналастырылады. Қатпаған қиды арнайы кардан тазартып, астына инфекцияланбаған қиды және сабан мен торфты салып өңдейді. Осы 40-50 см-лік төсеніш астына қыздыратын регистрлерді қи батареяларды салып, оның үстіне өңделетін қи салады, қи қатарлардан 50-60 см шығып тұру керек. Қатарлардың жан-жағына 50 см көлемінде құрғақ торф немесе залалданбаған қиды салады. Қатарларға қиды салып, төсеніштер төсегеннен кейін 10-12 сағат регистрден ыстық бу жібереді.
Қиды қыздырғаннан кейін 1-2 күннен соң қатар ішіндегі температура өлшенеді. Өңдеудің алғашқы күнінде, оның ішіндегі температура 60700С көтерілуі керек, бұл басталуын білдіреді. Одан кейін қиды белгілі уақытқа дейін ұстайды. Қатқан қиды залалсыздандыру үшін қалыңдығы
50-60 см төсеніштерді, инфицирленбеген қи немесе сабан, ағаш үгіндісі немесе торфтарды салады. Осының астына қыздыратын приборларды, кейін биіктігі 2м және көлемі 3 м өңделетін қиды салады. Қатарларға салынған өңделетін қи үстіне 50-60 см қашықтықта инфицирленбеген қи, сабан немесе ағаш үгіндісі немесе торф салып, үш тәулік бойы батареялармен бу ыстық су жібереді.
Қатарларда регистрлерді орналастырылғаннан кейін 12-24 сағат бойы ыстық бу жібереді, шығыны 20 кг/м3. Қиды белсенді биотермикалық өңдеу үшін, қи үстіне балауса, жылы қиды ¼-1/6 көлемінде, қатар ортасына салады. Қиды бумен қыздырғаннан кейін 2 тәуліктен соң және балауса жылы қиды салғаннан кейін 7 тәуліктен соң, қатардағы температураны өлшеу арқылы биотермиялық үрдістің жүруін анықтайды.
Егер қатар ортасының температурасы 3-5 тәулікте 40-500С болса, қыздыру әрі қарай стилет арқылы жүргізіледі. Температураны үшінші қатардың ортасынан және бүйірлерінен өлшейді. Қатар ортасына термометрді жоғарыдан төмен қарай 0,25-0,5м тереңдікке, ал бүйір жағынан термометрді тереңдігі 0,25-0,5 м тереңдікке салып, үш жерден өлшейді. Басқа бөліктерінің температурасын өлшеуі, қатар ортасындағы сияқты өтеді. Температура мөлшері 60-700С жеткен кезде оны өлшеу тоқтатылады.
Егер ауа температурасы -200С төменгі температурада қиды қыздырғаннан кейін биотермиялық үрдіс дамымаса, онда қатарларды қи толығымен ерігенше дейін тиіспейді. Қи ерігеннен кейін оны биотермиялық үрдістің дамуы үшін жаңа жерге ауыстырып, жоғарыдағы тәртіппен залалсыздандырады. 30 күннен кейін қиды залалсыздандыру аяқталады. Қысқы уақытта бұл уақыт ұзақ болады: ол температураның 60700С көтеріліп түскеніне дейінгі уақыт аралығы.