Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Автокөліктерді ветеринарлық-санитарлық өңдеу



бет165/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   172
Байланысты:
index

Автокөліктерді ветеринарлық-санитарлық өңдеу


Автокөлікпен малдың басым бөлігі тасымалданады. Сонымен қоса автокөлікпен мұздатылған жануартекті өнімдерді арнайы авторефрижераторлар да тасымалдайды. Соңғы уақытта ет және ет өнімдері изотермиялық контейнерлерде тасымалданады, ондағы салқындатқыш көмірқышқылы т.б. (ЦКБА-525 және т.б.) болып табылады.Жануарларды, жануартекті өнімдерді, шикізаттарды тасымалдағаннан кейін автокөлікті ветринарлық-санитарлық өңдеуден өткізу қажет.Автокөліктегі санитарлық өңдеуді өткізгенде ең маңызды шарты-олардың жылжымалы бөлігін дезинфекциялау.
Шекара бекеттерінде автокөліктерді дезинфекциялау

Сурет-33. Шекара бекеттерінде автокөлікті дезинфекциялау Жануарларды және құстарды тасымалдауға арналған автокөлікті және автоконтейнерлерді профилактикалық дезинфекциялау
Автокөліктерді, жануартекті өнімдерді тасымалдайтын қораптыстарды пайдаланғанннан кейін міндетті түрде тазартып дезинфекциялайды. Көлікті тазалау және дезинфекциялау арнайы алаңда немесе басқа жерде өткізеді.
Автокөлікті жануар тасымалынан кейін дезинфекциялау. Дезинфекция алдында автокөлікті тазалап, оны ыстық сумен 60-700С жуады, содан кейін профилактикалық сулы дезинфекция өткізеді. Жануарларды түсіргеннен кейін автокөлікті кальцинирленген соданың 5% ыстық ерітіндісімен, 2% формальдегид ерітіндісімен, күйдіргіш натрдың 3% ыстық, яғни 60-700С ерітіндісімен, гипохлор ерітіндісімен 0,5л/м2 дезинфекциялайды.
Автокөліктің жылжымалы бөлігін дезбөгет арқылы өткізеді, оның ұзындығы 10 м, ені – 6 метр. Дезбөгетті дезерітіндімен 30 см дейін толтырады. Автокөліктердің жылжымалы бөлігін жоғарыдағы ерітінділерді пайдаланып арнайы дезқондырғыдан себеді.
Шошқаларды тасымалдайтын автоконтейнерлерді дезинфециялау. Жануарларды түсіргеннен кейін контейнерлерді сол машиналарды дезинфекция жасайтын орынға әкеледі. Оны қидан механикалық әдіспен босатып, қалдықтарын сумен шаяды. Содан кейін оны формальдегидтің 2% ерітіндісімен немесе ағартылған хлорлы әктің 23% ерітіндімен өңдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет