Ветеринариялық пункт
|
ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін ауданның жергілікті атқарушы органдары құрған, аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда (селода), ауылдық (селолық) округте орналасқан мемлекеттік ветеринариялық
ұйымның оқшау бөлімшесі;
|
Өндірістік бақылау бөлімшелері
|
жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнiң әкiмшiлiктерi құрған, жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн айқындау жөнiндегi бөлiмшелер.
|
Рұқсат
|
кейін ветеринариялық ілеспе құжатта
(ветеринариялық сертификатта) көрсетіліп, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспорты, импорты, транзиті кезінде тізілімде тіркей отырып, уәкілетті орган ведомствосы
|
|
беретін нөмір, ветеринариялық сертификатты беру үшін негіздеме болады;
|
Тізілімнен үзінді көшірме
|
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импорты, экспорты, транзиті кезінде рұқсат беру туралы уәкілетті орган беретін рұқсат нөмірі мен орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект туралы ақпаратты қамтитын жазбаша хабарлама;
|
Тізілім
|
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер туралы мәліметтерді және импортқа, экспортқа, транзитке берілген рұқсат нөмірін қамтитын уәкілетті орган ведомствосының ақпараттық базасы;
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |