Ветеринариялықсанитариялық
қауiпсiздiк
|
жануарлардың саулығы, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзаттың тағамдық қауiпсiздiгi, аумақтың ветеринариялық-санитариялық салауаттылығы, халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнiң Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi қамтамасыз етiлетiн мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнiң жай-күйi;
|
Иесі
|
ветеринариялық құжаттар беруге жүгінген жеке және заңды тұлғалар;
|
Жануарлар
|
адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының барлық түрі, сондай-ақ құрлықта, суда, атмосферада және топырақта табиғи еркіндігі жағдайында болатын жабайы жануарлар (сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, моллюскалар, жәндіктер және басқалары);
|
Жеке сәйкестендіру нөмірі
|
жеке кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);
|
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру
|
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасына ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді енгізе отырып және ауыл шаруашылығы жануарларына арналған ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіру бұйымдарын
(құралдарын) пайдалану, таңбалау жолымен
|
|
жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын
жануарларды есепке алу рәсімі;
|
Партия
|
атауы бір, шығарылған күні бірдей, бір өндіруші бірдей жағдайларда өндірген (дайындаған) және (немесе) буып-түйген, бірдей жағдайларда сақталған, бір уақытта тапсыруға, тиепжөнелтуге, сатуға арналған орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің біртекті мөлшерінің жиынтығы;
|