Алдымен дайындық шараларын жүргізеді, ветеринарлық санитарлық өңдеуге және оны өткізуге өтініштерді ресімдейді. Жұмыс орнын байқап, жұмыс көлемін анықтайды, қажетті механизмдерді және дезинфектант ерітіндіні дайындайды. Дезинфекция аяқталғаннан кейін бақылау жүргізеді. Жүргізілген жұмыстарға құжаттар беріледі. Акт ресімделеді.
Аэрозольды формальдегидпен дезинфекциялау.Механикалық тазалаудан кейін ұшақтың ішін 40% формальдегид ерітіндісімен дезинфекциялайды. Экспозициясы 24 сағат.
Ұшақты сыртқы ауа температурасымен өңдеуге болады, бірақ экспоцизия уақытында ұшақ ішіндегі температура 120С төмен болмау керек. Егер сыртқа ауа температурасы 120С төмен болса, дезинфекция алдында ұшақ ішіндегі температураны 25-300С жоғарылату керек. Дезинфекциялағаннан кейін кабинаға, салонға, бөлмелерге дегазацилау үшін 450С дейін қыздырылған ауа өткізу қажет.
Моторлы қыздырғышты қолданғаннан кейін толық дегазация 24-28 сағаттан кейін басталады. Дегазация дәрежелі келесі әдіспен бақылайды. Ұшаққа жылытылған ауаны жіберіп, сыртқы қақпақты 2 сағатқа жауып артынан формалдегидтің иісі бар жоқтығын тексереді.
Дегазация аяғында формальдегидтің иісі болмау керек. Ұшақтарды дезинфекциялау 30м қашықта жүргізіледі «Қауіпті газ» деген белгі қойылады.
Бромды метиленмен дезинфекциялау.Химиялық таза бром метил қалыпты жағдайда -40С температурада қозғалмалы мөлдір сұйықтыққа айналатын түссіз, иіссіз газ. Қату температурасы -93,70С.
Сұйық бром метилі жанбайды. Газ тәрізді бром метилі ауамен араласқанда жану және жарылу қаупін төндірмейді, сіңгіш қасиеті жоғары болғанымен әлсіз сорылады, сондықтан желдеткенде тез кетеді. Бром метилін қорғасын балондарда шығарады, сол күйінде сақтайды. Әр баллон оң жақ бүйір штуцерінде және металл сифон түтігінде кескені бар КВБ -46 оттекті мембраналық вентилімен жабдықталуы керек.
Дезинфекцияның алдында салонды механикалық тазартудан өткізеді. Салонның жұмысы басталмас бұрын ұшақтың жүк бөлімдерін бөгде заттардан тазартады, ұшақтан барлық азық-түлікті, медикаменттерді шығарады, бөшке және басқа ыдыстардағы герметикалық жабылмаған суды төгеді. Дезинфекциялау үшін газды бром метилін ұшақтың ішкі көлеміне 300 г/м3 есебімен 48 сағат залалсыздандырады. Ұшаққа газдың берілуінің аяқталуы экспозицияның басы болып саналады. Ұшақтың ішіндегі температура 150С төмен болмауы керек. Бром метиліның мөлшері әртүрлі типті ұшақтарды дезинфекциялау үшін қажет.
33-Кесте. Әртүрлі типті ұшақтарды дезинфекциялау үшін бром метилінің мөлшері
Ұшақ типі
Ұшақ көлемі, м3
Қажетті бром метил, кг
ТУ-104
205
61,5
ТУ-1045
212
63,5
ТУ-124
12
36,6
ИЛ-18
240
72,0
АН-12
240
72,0
АН-24
97,43
30,0
Бром метилін ұшаққа баллонның мөлшері бойынша енгізеді, оны ұшақтың жанында жерде орналастырады. Сұйық газ алдын-ала буландырғышқа (испаритель) түседі, содан кейін газ тәрізді күйге айналады да, шланг арқылы ұшақ салонына өтеді.
Ұшақты газдау шарасын өткізу үшін әуежай территориясында басқа ұшақтардан, кәсіптік, жалпы және тұрғын үй ғимараттарынан 100м-ден кем емес қашықтықта арнайы алаң дайындалады. Газдау шарасын өткізу барысында қорғаныс зонасының шекарасында «Кіруге тыйым салынады», «Қауіпті», «Қауіпті-улы газ» деген және т.б. жазуы бар сақтандырғыш белгілер қойылады. Ашық алаңды тәулік бойы күзетеді және күзетші нысаннан 50м қашықтықта орналасу тиіс. Ұшақтағы газ концентрациясын тексеру үшін, оның берілуі тоқталғаннан соң, газды берген шланг арқылы газды-ауа қоспаның сынамасын алады. Дезинфекциялау кезінде газдың концентрациясы 20г/м3-тан кем болмауы керек. Дезинфекция немесе дезинфекция экспозициясы аяқталғаннан соң, моторлық қыздырғыштан 450С дейін қыздырылған ауаны ұшақ кабинасы, салоны және жүк бөлімдеріне үрлеу арқылы жасанды дегазация жүргізеді. Ұшақтың толық дегазациясын жоғарыда көрсетілген әдіс бойынша бром метилінің 300г/м3 есебінде енгізілуінен кейін 8-30 сағат орындалады. Дегазацияның уақыты мотор қыздырғыштарының көбеюі және ауаны беру интенсивтілігін жоғарылатуы есебінен азайтылуы мүмкін. Күзгі-қысқы мезгілде дегазация уақыты 1,5-2 есе ұзартылады. Дегазациядан кейін ұшақтың буферлік бөлімін, ас және шай ыдыстарын сабындап ыстық сумен жуады, барлық қалдықтарын жағады. Бром метилімен жұмыс істеуде «Теңіз судаларын бром метилімен, синил қышқылы және күкірт ангидридымен газды өңдеу тәртібінде» көрсетілген қорғаныс шараларын ұстану қажет. Ұшақтың газдауы бойынша барлық шараларды бром метилінің ауадағы концентрациясы 33 г/м3 жағдайында 20 минут. Жұмыс істеуге арналған «А» маркалы фильтрлі қорабы бар (қоңыр түсті), противогаздар киіп жүргізу керек. Противогазды әр жұмысшыға жеке бекітіп береді, противогаздың бас киімін бастың көлемі бойынша береді. Бет противогазынан басқа, газдаушыларды комбинизон, резеңке аяқ киім, хирургиялық қолғап және қолғаппен қамтамасыз етеді.
Ұшақтың бром метилімен ветеринарлық дезинфекциясының барлық жұмыстары мал дәрігерінің (фельдшер) бақылауымен жүргізіледі.