Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Су көлігін ветеринарлық-санитарлық өңдеу



бет159/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   172
Байланысты:
index

Су көлігін ветеринарлық-санитарлық өңдеу


Жануарларды, азық-түлікті, жануар өнімдерін тасымалданғаннан кейінгі кемелерді санитарлық өңдеуге дайындау. Кемелерді дезинфекция жасауға дайындаудың алдынан кеме капитаны немесе оның көмекшісін тағайындап қояды. Кемені босатқан соң алдын-ала дезинфекция жасауға ветеринарлық бекеттен көлік бақылауындағы дәрігер, кеме капитаны мен немесе оның көмекшісін дезинфекция жасау туралы техника қауіпсіздігі мен дезинфекция жұмыстарын түсіндіреді. Жүк түсірілгеннен кейін кемені ылғалды, аэрозольді түрімен дезинфекциялайды. Кеме трюмына палубасына, айлақ территориясын дезинфекциялап, желдеткенге дейін бөтен адамдарға кіруге рұқсат жоқ.
Кеме дезинфекциясын дұрыс жүргізілуін кеме капитаны қадағалайды. Ал, айлақты дезинфекциялау, шикізат өнімдерін тиіп қоятын жерлерді, техниканы, арнайы порттағы жұмысшылардың киімдерін қадағалау – ауданның жүк бастығы жетекшілікке алады.
Механикалық тазалау және кемелерді жуу. Кемені механикалық тазалау, жуу, тек қана жануарларды, азық-түлікті, жануартекті шикізаттарды кемеден босатқаннан кейін ғана жасалынады. Бұл операцияны жасаудың негізгі мақсаты ол қи, қоқысты, кірлеген кеменің беткейлерінен толығымен жою.
1- категориялы кемелерді өңдеу
Алдымен механикалық тазалауды өткізеді, ол үшін қиды, азық қалдықтарды, малдардың төсенішін бөлмеден және палубадан шығарып, басқа бөлек орынға жинайды. Қоқысты, сүйек қалдықтарын, басқа жануарлардың керексіз өнімдерін, ет бөліктерін, ылғалды-суландырып, жинап, содан кейін өртейді.
Палубаны, трюм және басқа бөлмелерді, азықтандыру орнын, қолдануға қажетті құрал-жабдықтарды, клеткаларды, торларды және т.б. механикалық тазалаудан кейін, ыстық суды шлангымен шашыратып, щетка қолданып шаяды. Тазалап жууға пайдаланатын судың температурасы 60-700С төмен болмау керек. Жууды аққан су мөлдірлігі қалпына келгенде тоқтатады.
И.П.Свиридованың (1984) айтуы бойынша ет тасымалдаған рефрижераторлы кеме мен трюмын теңіз суымен жуу жақсы нәтиже көрсетеді. Осындай режимде жалпы микробтар саны 98-99,46% төмендейді, ол өңделетін жердің қай материалдан жасалғанына байланысты (ағаш, металл) жуғанға дейін микроб саны 3560+17,7м/см2 құраған.
Түсіріп болғаннан кейін жануар майын қолмен тазалауға жібереді, оны күрек және қырынды көмегімен жасайды. Майын сорғымен сорып алады. Тазалау температурасы 30-550 аралығында не одан төмен температурада болса, май қоюланып қалады, осылайша іске асырады. Сондықтан танкіде жұмыс істейтін адамдарға 15-20 мин дем алу шарт. Танк мұнайды тасымалдағандай жақсылап тазалайды. Танкіні жуу үшін МЛ-6, МЛ-10 препараттарын желдеткіш және кептіргіш пайдаланылады. Жуушы препаратты 1:1000 немесе 1:500 қатынасында қолданады. Кемелерді 1 категорияда өңдегеннен кейін қолдануға жарамсыз болып қалады. Қиды төгу, қоқысты, жуған суды, өзен, көл суларына төгуге тыйым салынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет