Модуль 1.
Тақырып 1. Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
1. Құрылыстағы бухгалтерлік есептің мəні
2. Құрылысты ұйымдастырудың формалары жəне өндіріс түрлері
№1
Бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есеп беру туралы Қазақстан Республикасының заңына сəйкес келген кəсіпорынның басшысы есептік жұмыстың көлеміне байланысты мынадай жұмысты жүргізе алады:
1) бухгалтерлік қызметті құрылымдық бөлімше ретінде құру;
2) қызметкерлер құрамына бухгалтер лауазымын енгізу;
3) шарттық негізінде бухгалтерлік есептің жүргізілуін мамандандырылған ұйымға немесе бухгалтер- маманына беру;
4) кəсіпорындағы бухгалтерлік есеп жұмысын өзі жүргізу.
- Кəсіпорындар мен ұйымдарда бухгалтерлік есеп жұмысының көлемі көп болған жағдайда бірнеше қызметкерлері бар бөлек құрылымдық бөлімше ретінде бухгалтерлік қызмет құрылады. Осыған сəйкес кəсіпорында бухгалтерлік қызмет туралы ереже жəне қызметкерлердің лауазымды қызмет нұсқаулығын реттемелеу (регламенттеу) қызметі қарастырылуы қажет. Бухгалтерлік қызмет туралы ережені белгіленген заңға сəйкес ұйымның бас бухгалтері басқа мүдделі лауазымды адамдармен келісе отырып əзірлейді жəне оны тек қана кəсіпорын басшысы бекітеді. Ереже бөлімшенің мəртебесін, оның басқару жүйесіндегі орнын жəне оның ішкі ұйымын анықтайды. Бухгалтер құжатты қабылдау барысында ең біріншіден мазмұны бойынша тексереді, яғни жүргізілген жұмыстардың заңдылығын анықтайды. Олардың нормативтік актілер мен қолданылып жүрген нұсқауларға қайшы келмейтіндігін қадағалайды. Содан кейін оның деректемелерінің (реквизиттерінің) толық толтырылуын,тиісті лауазымды адамдардың қолтаңбаларының болуын, сомалардың нақты көрсетілуі мен операциялардың құрылымын тексереді. ІІ. Құрылыстағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері 2.1. Қазақстан Республикасындағы құрылыстарға бөлінген қаржы Еліміздегі құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің күн санап артуына байланысты құрылыс өндірісіне жұмсалатын материалдық шығындарды төмендету, соған сəйкес құрылыс өнімінің бағасын арзандату, тұрғызылатын объектілердің сапасын жақсарту шараларын жүзеге асыруда бухгалтерлік есеп пен аудит əдістемесін жетілдіру, бақылау механизмдерін тиімді ұйымдастыру өзекті мəселе болып отыр. Сол себепті құрылыста ағымдағы активтерінің есебі мен
Бухгалтерлік құжат – шаруашылық операцияларын жүзеге асыруға арналған. Құрылыстағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері Курстық жұмыс жазбаша өнім немесе осы операцияны іс жүзінде атқаруды растау. Құжаттардағы мəліметтер бухгалтерлік есепте ағымдағы шаруашылық операцияларын көрсетуге негіз болады. Сонымен қатар құжаттар субъектінің іс-əрекет оперативті басқару барысында кеңінен қолданылады .Құжаттар негізінде-материалдық жəне ақшалай құжаттардың қозғалысын, дебиторлар жəне кредиторлармен есеп айырысу жағдайларын жəне т.б. тұрақты бақылау жүргізіледі. Құжаттарды-кəсіпорындар арасында дау туындаған жағдайда дəлел ретінде пайдаланады, өйткені олар атқарылған шаруашылық операцияларының жазбаша куəлігі жəне бухесептегі жазбалардың негізі болып табылады. Шаруашылық операцияларын ресімдейтін құжаттар-баспаханалық тəсілмен басылатын немесе электронды таратушыда жасалған жəне шаруашылық операциялары туралы мəліметтер жазылған бағаналар түріндегі жолма-жол сызықтар мен жолдары бар парақтар. Есептің барлық жүйесі көрсеткіштерінің толықтығы мен күмəнсіз сенімділігі рəсімдеу сапасына байланысты. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы" Заңның 6-1 бабына сəйкес құжаттарға мынандай талаптар қойылады: - уақтылы жасау, - позицияның сенімділігі; - дұрыс рəсімдеу. Құжатта жазылған жəне операцияны сипаттайтын мəліметтер деректемелер (реквизиттер) деп аталады. Құжаттар - кəсіпорындар мен адамдардың арасындағы даулар кезіндегі жазбаша дəлелдеме. Олар сот органдары мен төрелік сотта əртүрлі шаруашылық шығындарын шешуге, шарттар мен өзге де міндеттемелерді орындауға негіз болады. Салынған құрылыс объектісінің жақсы болуы, оның сапасының белгіленген стандарттарға сəйкес келуі осы құрылысты салуға пайдаланылған құрылыс материалдарына тікелей байланысты. Құрылыс саласы қызметінің тиімділігін арттыру үшін құрылыс өндірісіне жұмсалған материалдық қорлар туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте зор. Материалдық қорлардың есебі мен ішкі аудитінің қолданыстағы жүйесін зерттеу нəтижесі құрылыс ұйымы менеджерлерінің құрылыс жұмыстарының орындалу барысын бақылауға жəне оның нəтижелері бойынша шешім қабылдауға қажетті неғұрлым толық жəне сенімді ақпараттармен толыққанды қамтамасыз етілмейтіндігін байқатты. Бұл құрылыс ұйымдарындағы басқару жүйесін жақсарту үшін материалдық қорлар есебін
Құрылыстағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері тиімді ұйымдастыру, есептің шынайылығын, жеделдігін жəне талдамалылығын көтеру қажет екендігін көрсетеді. Сондықтан бүгінгі таңда кəсіпорындағы құрылыстың сапасын арттырып ондағы тиімділікті жоғарылату барысында міндеттердің орындалуына ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылау жəне басқарудың маңызды ақпараттық базасы (негізі) ретінде бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше.
№2.
1.Құрылысты ұйымдастырудың формалары және өндіріс түрлері, келісім-шарт жасау тәртібі Құрылыс өндірісінде жұмыстардың жүргізілуі мердігер мен тапсырушының арасындағы жасалған келісім-шартқа байланысты. Бұл шарт қаржылық есептеменің халықаралық 11 стандартының негізін ала отырып жасалады. Яғни, стандартта көрсетілген түсім жəне мердігерлік келісім бойынша шығындар есебі төмендегідей тəртіпті анықтайды: — біріншіден, түскен түсім келісім бойынша жəне байланысты болуы; — екіншіден, есепті кезеңдегі түсім мен шығын істелген жұмыс түріне қарай біркелкі бөлінуі тиіс. Есептеудің тəртібіне орай келісім төмендегі типтерден тұрады: 1. Бекітілген баға бойынша келісім, яғни баға шығындар өз- геруіне байланысты құбылмалы; 2. Шығындарды қосу арқылы немесе шығындар көлемін анықтап, пайыздық үлесімен анықтау. Келісім əрбір құрылыс нышанына жеке-жеке жасалады, бұл құрылыс нышанының түрінің өзіне тəн ерекшелігінің болуына байланысты. Капиталды құрылыста өндірістің жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы мердігерлік тəсіл болып саналады. Құрылыс өнімінің күрделілігі, материалдық жəне адам ресурстарын бір шаруашылық субъектісіне біріктірудің мүмкін еместігі, құрылыс кəсіпорындарын мамандандыруға, олардың қызметін белгілі бір іске қосқанда қадағалаудың қажеттілігіне, яғни лицензиясы бар бас мердігерді бөлуге əкеліп соғады. Орындалатын жұмыстың түріне байланысты құрылыс кəсіпорындары жалпықұрылыстық жəне мамандандырылған болып бөлінеді. Тапсырыс берушімен келісім-шарт қатынасының сипатына байланысты құрылыс-монтажды кəсіпорындар бас мердігер жəне субмердігер деп жіктеледі. Бас мердігермен өндірістік байланыстың ұзақтығына қарай кəсіпорындар тұрақты жəне 10 жылжымалы субмердігерлер (мамандандырылған) деп бөлінеді. Тұрақты кəсіпорындар ұзақмерзімді өндірістік байланыста болады. Жылжымалы кəсіпорындар үнемі қозғалыста болады. Осындай кəсіпорындар ірі құрылыс корпорацияларының құрамында анда-санда құрылыс көлемінің өсу кезінде белгілі бір аумақта жұмыс орындау үшін құрылады. Құрылыс-монтаж кəсіпорындары «өмірлік циклына» байланысты құрылыстың соңғы өнімін қалыптастыруда келесідей түрлерге бөлінеді:
♦ құрылыс, не монтажды жұмыстарды орындаушылар;
♦ жобалау-құрылыс фирмалары;
♦ ғылыми жобалау-құрылыс фирмалары;
♦ барлық жұмыстарды құрайтын жəне конструкциялар мен құрылыс материалдарын өндіретін мекемелер. Құрылысқа бірнеше қызмет түрлерінің біріктірілуі тəн. Құрылыс кəсіпорындарының өндірістік қызметі келесідей түрлер ден тұрады:
♦ негізгі өндіріс — құрылыс-монтажды жұмыстар, ғимараттар мен қондырғыларды капиталды жөндеу;
♦ қосымша өндірістер;
♦ өндіріс пен шаруашылыққа қызмет ететін (əлеуметтік) сала. Өндірісті бағыты бойынша классификациялау — негізгі жəне қосымша өндірістің, əлеуметтік сфераның шығындарын бөлек есепке алу қажеттігін туғызады. Бұл мақсат үшін қаржылық-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының жұмыс жоспарындағы синтетикалық шоттар тізбесінің топтамасында 8 бөлімнің шоттары — «Өндірістік есептің шоттары», оның бөлімшелері: 8110 «Негізгі өндіріс», 8210 «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары», 8310 «Қосалқы өндірістер», 8410 «Үстеме шығыстар» белгі- ленген. Шығындардың деңгейін бақылау жəне сараптау үшін оларды құрылыс бөлімдеріне, бөлек бөлімшелерге, жұмыс түрлеріне байланысты топтастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |