Жануарларды өсіретін, карантин жүргізетін бақылау объектілерін тексеру (инспекциялау)
Инспектор жануарларды өсіруді, карантиндеуді жүзеге асыратын бақылау объектілерінде мыналарды тексереді: тараптардың карантинді және аса қауіпті аурулар тізбесіне енгізілген ауралар бойынша,ал үшінші елдердің бақылау объектілерінде- Бірыңғай ветеринарлықталаптарда көрсетілген аурулар бойынша жануарлар дертіне қарсы міндетті іс-шаралардың орындалуы; азық және азық қоспаларының сапасымен қауіпсіздігіне бақылауды жүзеге асыру тәртібін; жануарлар денсаулығының мониторингімен бақылауын қамтамасыз ететін журналдармен өзге құжаттардың жүргізілуін; қайтадан келген жануарларды Тараптардың заңнамаларында көрсетілген жағдайларда карантинге қою тәртібін; бақылау объектіндегі жануарлардың орындарына дезинфекция, дәрілеу, дератизация жүргізудіңұйымдастырылуын; жануарларды ұстау, азық беру және көбейту бойынша ветеринарлық зоотехникалық нормалардың сақталуын; ветеринарияда қолдану үшін дәрілік құралдарды пайдалануды бақылау.
Жануарларды дайындауды (союды) жүзеге асыратын бақылау объектілерін тексеру (инспекциялау) Инспектор жануарларды дайындауды (союды) жүзеге асыратын бақылау объектілерінде мыналарды тексереді: шығарылатын бақылауға алынған тауарлардың бақылау объектінің жобалық параметрлеріне қатысты көлемімен ассортименті; жануарларды кіргізуді және тиеуді жүзеге асыратын дезинфекциялық барьерлер мен өткізетін жерлердің ветеринарлық санитарлық жағдайы (соның ішінде қысқы кезде жылытудың болуы); союға түсетін жануарлар және бақылау объектілерінде шығатын бақылауға алынған тауарлар үшін ветеринарлық ілеспе құжаттардың болуы; биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату және жоюды жүзеге асыру жағдайлары; сойылатын малдарды қабылдау және тиеуді жүзеге асыру жағдайлары; сою алдында ұстайтын жерлердің ветеринарлық-санитарлық жағдайы, союға келіп түскен малды тексеруді және союға немесе санитарлық қасапханаға жіберу тәртібі; бақылау объектінің аумағына, ғимаратқа,жабдыққа, арнайы көлік құралдарына дезинфекция, дәрілеу, дератизация жүргізуді ұйымдастыру; ветеринарлық мақсаттағы объектілердің, технологиялық және тоңазытқыш жабдығының, өндірістік және қойма ғимараттарының, тоңазытқыш және мұздатқыш камераларының, мүліктің, сондай ақ бақылау объектісінің ветеринарлық-санитарлық жағдайы; бақылауға алынған тауарларды тоңазытқыш және мұздатқыш камераларға қабылдау және сақтау жағдайлары; сойылатын өнімдерге (бас, дене және органдар)ветеринарлық-санитарлық сараптама өткізу тәртібі; қажет жағдайда бақылауға алынған тауарларды зерттеу үшін сынамаларды (үлгілі)іріктеуді жүргізуді ұйымдастыру; ветеринарлық-санитарлық сараптаманың нәтижелері бойынша таңбаланған ет; мемлекеттік және өндірістік лабораториялық бақылауды жүргізу тәртібі; егер болса, өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жүйесінің жұмыс жасауы (НАССР, ISO, CMP)