Асыл тұқымды айғырлардың шәуетін кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар
Асыл тұқымды айғырлардың шәуетін кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар
Кедендік одақтың аумағына тасымалдауға және жақтар арасында орнын ауыстыруға жасанды ұрықтандыру кәсіпорынан алынған айғырлардың шәуеті алынады. Шәует, жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау аумақтарда орналасқан кәсіпорынан алынады, соның ішінде:
жылқылардың обасы, шағылыстыратын ауру, везикулярлы стоматит- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;
маңқа - шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;
жылқы тұмауы - шаруашылық аумағында соңғы 21 күн бойы;
жылқының инфекциондық метриті - шаруашылық аумағында соңғы 12 ай бойы;
инфекциондық анемия - шаруашылық аумағында соңғы 3 ай
лептоспироз, туберкулез, бруцелез, шағылыстыратын ауруы, суру- шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;
эпизоотиялық лимфангоит -шаруашылық аумағында соңғы 2 ай бойы;
Өндіруші-айғырлардан шәует алынғанша дейін 6 ай бойы жасанды ұрықтандыру кәсіпорындарында ұсталады, сол аралықта оларды табиғи ұрықтандыру мақсатымен қолданбайды.
Өндіруші-айғырлардан шәуетті алар алдында, 30 күн бұрын, шағылыстыру ауруына, суру, ринопневмонияға, инфекциондық метритке, инфекциондық анемияға, вирусты артеритке, везикулярлы стоматитке, бруцеллезге, туберкулезге, лептоспирозға зерттейді және олар ринопневмонияға, жылқы обасына және инфекциондық метритке вакцинацияланбайды. Шәуеттің құрамында патогенді және токсикогенді микроорганизмдер болмауы керек және ХЭБ Кодексі ұсыныстарына сәйкес таңдалады, тасымалданады, сақталады.
Сойыс жылқыларын кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар
Кедендік одақтың аумағына Тараптар арасында тасымалдауға жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау аумақтардан шығарылатын дені сау сойыс жылқылары жіберіледі, соның ішінде келесі аурулардан:
жылқы обасы, везикулярлы стоматит- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;
маңқа - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы;
инфекциондық анемия - шаруашылық аумағында соңғы 3 ай бойы;
вирустық артериит – аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта және ХЭБ Кодексінің ұсынысына сәйкес;
жылқының инфекциондық энцефаломиелиттің барлық түрі - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;
шағылыстыратын ауру, суру - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 6 ай бойы;
сібір жарасы – шаруашылық аумағында соңғы 20 күн бойы. Карантин кезінде күнделікті термометриямен жануарларды қарау жүргізеді, және маңқаға (сойылуға тек теріс нәтиже берген жануарлар жіберіледі), шағылыстыратын ауру, инфекциондық анемияға диагностикалық зерттеулер өткізіледі. Жануарлар жеткізілу пунктіне жеткізілгеннен кейін 72 сағат ішінде сойылуы керек.