Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Сойыс шошқаларын кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар



бет32/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   172
Байланысты:
index

Сойыс шошқаларын кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар


Кедендік одақтың аумағына Тараптар арасында тасымалдауға жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау аумақтардан шығарылатын дені сау сойыс шошқалар жіберіледі, соның ішінде келесі аурулардан:

  • африкалық шошқа обасы - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы;

  • аусыл, шошқаның везикулярлы ауруы, классикалық шошқа обасы - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;

  • Ауески ауруы- шаруашылық аумағында соңғы 12 ай бойы;

  • трихенеллез, туберкулез, бруцеллез, шошқалардың респираторлы-репродуктивті синдромы, шошқалардың энтеровирусты энцефаломиелиті (Тешен ауруы) - шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;

  • лептоспироз- шаруашылық аумағында соңғы 3 ай бойы; - сібір жарасы- шаруашылық аумағында соңғы 20 күн бойы.

Жануарлар жеткізілу пунктіне жеткізілгеннен кейін 72 сағат ішінде сойылуы керек.
Асыл тұқымды, қолданыстағы және спорттық жылқыларды

(спорттық шараларға қатысатын спорттық жылқылардан басқа) кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар


Кедендік одақтың аумағына Тараптар арасында тасымалдауға инфекциондық энцефаломиелиттің барлық түрлеріне, жылқылардың африкандық обасына вакцинацияланбаған, жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау аумақтардан шығарылатын дені сау асыл тұқымды жылқылар жіберіледі, аталған жұқпалы ауруларға жататындары:

  • жылқылардың инфекциондық энцефаломиелиттің барлық түрі, жылқылардың обасы, везикулярлы стоматит - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;

  • маңқа - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы;

  • жылқы тұмауы - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 21 күн бойы;

  • шағылыстыратын ауру, суры - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 6 ай бойы;

  • жылқының инфекциондық метриті - шаруашылық аумағында соңғы 12 ай бойы;

  • инфекциондық анемия - шаруашылық аумағында соңғы 3 ай бойы;

  • вирустық артериит – ХЭБ Кодексінің ұсынысына сәйкес;

  • нутталиоз (Экви бабезия), пироплазмоз (Кабани бабезиясы) – кенелерден бос шаруашылық аумағында соңғы 30 күн бойы;

  • жылқылардың шешегі, қышыма, лептоспироз - шаруашылық аумағында соңғы 3 ай бойы;

  • эпизоотиялық лимфангоит -шаруашылық аумағында соңғы 2 ай бойы;

-ринопневмония - шаруашылық аумағында соңғы 21 күн бойы; - сібір жарасы – шаруашылық аумағында соңғы 20 күн бойы.
Карантиндеу кезінде күнделікті термометриямен жануарларды қарау жүргізеді, және бруцеллезге, туберкулезге, лептоспирозге, маңқаға, шағылыстыратын ауруға сурру, (Эванси трипаносомасы), пироплазмозге (Кабани бабезиясы), нутталиогез (Экви бабезиясы), ринопневмонияға, анаплазмозге, инфекциондық метритке, инфекциондық анемияға, вирусты артериитке, вирусты стоматитке және де импорттаушының сұрауы бойынша басқада инфекциялық ауруларға диагностикалық зерттеулер өткізіледі. Жануарлар жіберілуден 3 ай бұрын жылқы тұмауына қарсы инактивирленген вакцинамен егілуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет