Сойыс ірі қара малды, ешкіні, қойды кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар
Сойысірі қара малды, ешкіні, қойды кедендік одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар
Кедендік одақтың аумағына Тараптар арасында тасымалдауға бруцеллезге, лептоспирозға, ешкі мен қойлар шешегіне вакцинацияланбаған, жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау аумақтардан шығарылатын дені сау сойыс ірі қара малы, ешкілер мен қойлар жіберіледі, аталған жұқпалы ауруларға жататындары:
ІҚМ кеуекті энцефалопатиясы – ХЭБ Кодексінің ұсыныстарына сәйкес атанған ауру бойынша аз мөлшерде аймаққа бөліп немесе қауіптілікті бақылауға ала отырып осы ел аумағында немесе әкімшілік аумақта;
аусыл – аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы;
ІҚМ, ҰҚМ контагиозды плевропневмония, везикулярлы стоматит, блутанг, ІҚМ обасы - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;
меди-висна, аденоматоз, артрит-энцефалит- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 36 ай бойы;
ІҚМ обасы, нодулярлы дерматит - аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 3 жыл бойы;
лептоспироз - шаруашылық аумағында соңғы 3 ай бойы;
лейкоз - шаруашылық аумағында соңғы 12 ай бойы;
бруцеллез, туберкулез және паратуберкулез - шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;
қойлар мен ешкілер шешегі- аймаққа бөлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 6 ай бойы;
сібір жарасы - шаруашылық аумағында соңғы 20 күн бойы.
ХЭБ Кодексі ұсынылғандардан басқа күйісті жануарлардың ақзаттары бар азықтарды беруге болмайды.
Кедендік одақтың аумағына Тараптар арасында тасымалданатын жануарларға, алдын алу шаралары мен емдік шаралардан басқа, табиғи немесе синтетикалық, эстрогендік, гормоналды заттар мен тиреостатикалық препараттарды қолдануға болмайды. Кедендік одақтың шекарасы арқылы немесе кедендік одақтың аумағынан тасымалданатын жануарлар, 21 күн бойы карантинде болуы керек, бұл кезде жануарларға термометрия және бруцеллезге, туберкулезге диагностикалық зерттеулер жүргізіледі. Кедендік одақтың аумағына тасымалдауға диагностикалық зерттеулердің теріс нәтиже алынған жануарлар жіберіледі. Жануарлар жеткізілу пунктіне жеткізілгеннен кейін 72 сағат ішінде сойылуы керек.