Ақынның «Еңлік-Кебек» дастаны тікелей Абайдың тапсыруымен жазылған. Ұлы ұстаз Еңлік пен Кебек арасындағы оқиғаны өлеңмен жырлап шығуды Шәкәрім мен Мағауия ақынға қатар тапсырады. Соның нәтижесінде ғашықтық туралы екі дастан өмірге келеді. Кeзінде Абай екі дастанды салыстырып, әрқайсысына лайықты баға берген. Құдайбердіұлы көркем проза саласында да елеулі мұра қалдырды. «Әділ-Мәрия» атты роман (1925) жазды. Онда ғасыр басында қазақ аулында еткен оқиға баяндалады. Әділ мен Мәрия атты ғашық жастардың өмірі арқау болады. Абай бастаған реалистік әдебиетке тек шыншылдық, суреткерлік қасиет бұл шығарманың бойына мол сіңірілген. Абай өлеңдерінде бейнeлеңетін табиғаттың әсем көркі, ауыл мен дала- ның күнделікті қам-қарекеті романда керкем өрнекпен зерленген.