Байланысты: Эссе Шәкірт тәрбиелеуге менің қосқан үлесім
Эссе «Шәкірт тәрбиелеуге менің қосқан үлесім» Оразалы Жұмабеков атындағы тірек мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жарылғапова Гүлайым Ерболатқызы Кей кезде қазақ – қазақ болғалы бал, отбасы, тәрбие ұғымдарын бірінші сатыға қойған дана бабаларымыздың ұрпағынан ұласқан қаракөз қазақтың қызы бүгінде «Ұстаз-ұлы есім» деп Мұхтар Әуезов атамыз ұлағатты сөзімен сипаттағандай осы ұлы сөзді мен де арқалап жүрмін.
Шәкәрім атамыздың «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады: адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек.Бұл саналар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» деген сөз бар.Яғни, адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Алдымен жүрегің таза, еңбегің адал болу керек. Осындай таза жүрек арқылы баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады. Осылайша ұл тәрбиелей отырып жер иесін, қыз тәрбиелей отырып ұлтты тәрбиелейміз.Демек, қазақ елінің, жұртының өркениетті қоғамда еркiн өмір сүруі ұлт болашағы ұл-қыздарымызға тікелей байланысты болса, ұл-қыздарымыздың жас ұрпақтың тағдыры біздің қолымызда.Біз, ол ұстаздар.Ұстаз, ол-мен.Мен-ұстазбын,мен-зерттеушімін, мен-ұйымдастырушымын, мен-ұрпақты келешекке жетелеп апаратын бірден-бір тұлғамын. Менің алдымда отырған әрбір жас жеткіншектің ертеңгі күні адамгершілікке мол, қоғамды өркендетуге қарымы жететін азамат, терең ойлап, дұрыс іс-әрекет ететін, барлық тірі жанға сүйіспеншілікпен қарайтын рухани бай тұлға болып қалыптасуын қалаймын және қалыптастырамын. Мені бұл мамандық күннен-күнге жаңа әдіс-тәсілдерді іздеуге, жаңашыл ұстаз болуға, ізденімпаз болуға итермелейді. Болашақта өсіп-дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына мен себепкер болған шәкірттерімді биік белестерден көрсем, өзімді бақытты ұстаз ретінде сезініп білемін.
Балаларға білiм мен тәрбие беруде, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, ойына рух ұялатуға тырыcамын.Күн сайын маған үміт толы күлімдеген көздер мен балбұл жанған әдемі жүздер қарап отырады.
Ендеше өз iсіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі бақытты болып, еліміздің іргетасын қалайтын шәкірттерді тәрбиелеудегі ұстаздық жолдың жөні де, жолы да бөлек.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұcтаздықтың нәтижесі білімді , білікті, өз елін, жерін қорғайтын шәкірттердің шығуы. JAS KENES SIYLYGY –ның «Болашақ туралы қамқорлық» номинацияға мен лайықытымын деп есептеймін! Арман мен мақсаттары айқын, еңбек пен рухты биік ұстаған шәкірттерімізге қосқан үлеcтерім мол. Бейбіт елiмздің болашағында шәкіртеріміз бізден озатын күн туатынына сенімдімін!