Шемпаев М. Е. Г. Ж. Абраимова Тлегенова Л. Т. «М. Ломоносов атындағы орта мектеп» кмм сыныбы о «Ә» Тәрбиешісі: Ашимова Ж. К



бет2/4
Дата18.02.2017
өлшемі1,52 Mb.
#10046
1   2   3   4

Оқытудың озық инновациялық және электронды оқыту технологиясын қолдануда, белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіре отырып, жан- жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру



Мектепалды даярлық

2014-2015 оқу жылы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік

жалпыға міндетті стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Осы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.


      Стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терминдер пайдаланылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:
      1) индикатор – бала дамуының көрсеткіші;
      2) интеграция – жүйенің сараланған жеке бөліктері мен функцияларын тұтас жүйеге байланысқан жай-күйі, сондай-ақ осы жай-күйге келтіретін процесс;
      3) құзыреттілік – мектеп жасына дейінгі баланың тәрбие, даму, білімділік деңгейі, қалыптасқан жеке басының қасиеттері, білім нәтижесінің типі;
      4) негізгі құзыреттіліктер – күнделікті, кәсіби немесе әлеуметтік өмірлік жағдайларда қолданылатын, өмірдегі әралуан проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін білім, шеберлік, дағды, қабілет жиынтығы;
      5) құзыреттілік тәсіл – стандарт талаптарына сәйкес оқу-тәрбиелеу процесін өз бетімен ұйымдастыру, педагогикалық әдіс-тәсілдерді таңдау;
      6) білім беру ортасы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді тұлғалық, эмоционалдық, әлеуметтік және зияткерлік дамуы үшін пайдаланылатын перспективалық міндеттер мен құралдар жиынтығы қисынында құрылған мектепке дейінгі ұйымның ішкі өмірінің тұтас сипаттамасы;
      7) білім беру саласы – мектепке дейінгі балалардың физикалық, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін білімді, практикалық дағды мен шеберлік жиынтығын қамтитын білім беру стандартының бір бөлігі;
      8) білім беру траекториясы – педагогтің ата-аналармен және басқа мамандармен бірге белгілі мақсатқа қол жеткізу үшін межелеген бала дамуының үздіксіз процесі;
      9) ұйымдастырылған оқу қызметі – педагог ұйымдастырған және тәжірибеде қолдануға қажетті білім, шеберлік, дағдыларды меңгеруге бағытталған қызметтің бір түрі;
      10) үлгілік оқу жоспары – оқу мекемелерінің (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының) белгілі бір типтері үшін стандарттың бір бөлігі ретінде бекітілген негізгі мемлекеттік нормативтік құжат.
      2. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары білім беру қызметін:
      1) осы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына;
      2) үлгілік оқу жоспарларына;
      3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында Қазақстан Республикасының уәкілетті органы белгілеген тәртіппен әзірленген басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.
      3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:
      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын, мектепке дейінгі ұйымдардағы пәндік-дамытушы ортаның мазмұнын анықтайды;
      2) тәрбиеленушілер мен білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, тәрбиеленушілер мен білім алушылардың дайындық деңгейіне, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының педагогтеріне, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды анықтайды.
      4. Стандарт талаптары:
      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде міндетті, олар мыналарға бөлінеді:
      негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін негізгі (базалық, вариативті);
      баланың қызығушылығы мен бейімділігін іске асыруға бағытталған қосымша;
      2) ведомстволық бағыныстылығына, меншік нысанына, типіне және түріне қарамастан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру кезінде міндетті;
      3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін дидактикалық оқу құралдары мен әдістемелік нұсқауларды әзірлеу кезінде міндетті;
      4) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының және педагогтердің қызметін мемлекеттік аттестаттау кезінде міндетті.

2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар

      5. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары балалардың өмір бойына әлеуметтік табыстылық пен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге қажетті физикалық, тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін дамытуға, негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған.


      6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту:
      1) баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды, толыққанды физикалық дамуын, Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт-дәстүрлері негізінде салауатты өмір салтының құндылықтарын қалыптастыруды;
      2) мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуының толыққанды кеңістігін құруды және кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз етуді;
      3) тілді және ана тілін, қатынас мәдениетін дамытуды, сауаттылық негіздерін меңгеруге дайындауды;
      4) мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік, құндылық бағдарын адамның оң мінез-құлқы, мінез-құлық нормалары мен ережелері, қазақстандық қоғамда қалыптасқан халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар үлгісінде қалыптастыруды;
      5) өз Отанына, туған өлкесіне сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға, қоршаған орта, отбасы, түрлі ұлт өкілдеріне деген ізгі қарым-қатынасқа тәрбиелеуді;
      6) балада қоршаған ортаның тұтас бейнесі, өзі және әлеуметтік ортасы туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыруды;
      7) баланың танымын дамытуды, интеллектуалдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыруды, білуге құштарлықты дамытуды;
      8) баланың бейнелеу, көркем тілдік, музыкалық іс-әрекетінде эстетикалық сезімдерін, шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз етеді.
      7. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны мынадай бес білім беру саласын қамтиды: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».
      8. Білім беру салаларының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, балалардың өзіндік іс-әрекеті және ересек адам мен баланың бірлескен іс-әрекеті арқылы іске асырылады.
      9. «Денсаулық» білім беру саласы
      Мақсаты: өз денсаулығына саналы қарауды, денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсінуді тәрбиелеу, қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту және физикалық сапаларын қалыптастыру.
      «Денсаулық» білім беру саласындағы ұйымдастырылған оқу қызметі:
      1) дене шынықтыру;
      2) қауіпсіз мінез-құлық негіздері, валеология.
      10. «Коммуникация» білім беру саласы
      Мақсаты: ана тілінің базалық құндылықтарын меңгерген, мемлекеттік және басқа тілдерде мәдени-әлеуметтік өзара қатынасқа дайын, айналасындағы ортамен ауызша және ауызша емес құралдардың көмегімен қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу.
      «Коммуникация» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
      1) тіл дамыту;
      2) көркем әдебиет;
      3) сауат ашу және жазу негіздері;
      4) мемлекеттік, орыс және басқа тілдер.
      11. «Таным» білім беру саласы
      Мақсаты: танымдық іс-әрекет дағдыларын меңгерген, әлемнің тұтас бейнесін түсінуге және ақпаратты өмірлік маңызды проблемаларды шешуде қолдануға қабілетті мектеп жасына дейінгі тұлғаны қалыптастыру.
      «Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
      1) сенсорика;
      2) қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;
      3) құрастыру;
      4) экология негіздері;
      5) қоршаған ортамен таныстыру.
      12. «Шығармашылық» білім беру саласы
      Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік-эмоционалдық саласы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мәдениеті мен қиялын дамыту.
      «Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
      1) сурет салу;
      2) мүсіндеу;
      3) жапсыру;
      4) музыка.
      13. «Әлеуметтік орта» білім беру саласы
      Мақсаты: әлеуметтік ортадағы жағымды мінез-құлық пен қарым-қатынасқа қабілетті әлеуметтік-бейімделген, шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікке, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.
      «Әлеуметтік орта» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
      1) өзін-өзі тану;
      2) қоршаған ортамен таныстыру;
      3) экология;
      4) көркем әдебиет.
      Мемлекеттік тілде оқытатын мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен топтарында «Қазақ тілі» пәні ұйымның қалауымен басқа пәндерге ауыстырылады.

Білім беру саласы: «Коммуникация»



Тіл дамыту оқу іс-әрекетіне жылына 32 сағат, аптасына 1сағат берілген.



Мақсаты:

Тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу

Сөздің грамматикалық формасын қалыптастыру

Байланыстырып сөйлеуді дамыту


р/с


Сабақтың тақырыбы


Бағдарламалық мазмұны


Қолданылатын көрнекілік


Сағат саны



Мерзімі



Білім еліне саяхат

Мектептегі оқушылар туралы баяндау, суреттер арқылы білім ордасы туралы түсінік беру

Сынып іші, мерекеге сай безендіріледі

1






Жомарт күз

Күз туралы білімдерін тиянақтау. Күз сыйына, адамдар еңбегіне құрметпен қарауға баулу, молшылық, береке сөздерінің мағынасын түсіндіру, сөздік қорын молайту.

Күзгі егін көрінісі,күзгі еңбек

1






Бау бақшада

Бау-бақша туралы әңгімелеу, жұмбақтар шешкізу арқылы сөздік қорларын толықтыру.

Бау-бақшаны жинап жүрген сурет.

1






Нан кайдан келеді?

Өткен ертегілерді естеріне түсіру және аттарын атай білуге үйрету. Ертегі мазмұнын сұрақтар бойынша әңгімелету. Сөздік қорын молайту, диалогті сөйлеуге төселдіру.

Наубайнахан, наубайшы, диірмен, егіс даласы туралы суреттер, піскен нан түрлері.

1






Менің отбасым

Отба сы тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыру. Отбасы туралы әңгімелеу, диалогті түрде сөйлесе білуге, грамматикалық тұлғада таза анық сөйлеуге дағдыландыру.

Отбасы суреті, ертегі оқып отырған әже

1






Біздің үй

Сурет бойынша үй бөлмелерін ажыратып айтуға және өз бөлмесіндегі жиһаздарды атап, жұмбақтар шешуге, әңгімелеуге төселдіру.

Коттедж суреті, бала бөлмесіндегі заттар

1






Қасқыр, түлкі, әтеш

Ертегі мазмұнын баяндап әңгімелеуге, берілген сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.

Үстел үсті театры, қасқыр, түлкі, әтеш ойыншықтары.

1






Үй құстары, Үй жануарлары

Үй құстары және үй жануарларын атап, олардың пайдасы туралы баяндау. Сурет бойынша әңгімелеу. Үй құстарына және үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Тауық балапанымен, су құйып жатқан бала суреті және төрттүлік мал туралы суреттер.

1






Жабайы аңдар

Жабайы аңдардың тіршілігі туралы әңгімелеуге, суретбойынша сөз, сөйлемдер құрастыруға үйрету. Ертегі желісі бойынша баяндау, сұрақтарға толық жауап беруге төселдіру.

Орман көрінісі, аң патшасы арыстан ортада, айналасында жабайы аңдар

1






Ойыншықтар мерекесі, Ойыншықтар айтысы

Өзінің сүйікті ойыншықтары туралы баяндауға, көрмеге әкелген ойыншығын сипаттауға үйрету. «Ойыншықтар айтысы» әңгімесі арқылы өз ойыншығына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, күтіп ұстауға тәрбиелеу.

«Ойыншықтар айтысы» ертегісі бойынша үстел үсті театрын ұйымдастыру, ойыншықтар көрмесі.

1






Елордасы – АСТАНА

Астананың көрікті жерлерін атау өздерінің Астанадан көргендерін баяндау. Өлең жолдарын дауыс ырғағына сай айтқызу. Сөздік қорын молайту. Өзінің қаласына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Астана көрінісі, Бәйтерек, үш бидің ескерткіші.

1






«Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісі

Ертегі мазмұны бойынша диалогті әңгімелесуге айтыс өнерінің ерекшелігін түсіне білуге өз бетімен ертегіне айта білуге жаттықтыру. Сурет бойынша әңгімеқұрастыруға үйрету.

Ертегі мазмұны бойынша сурет.

1






Қысқы киімдер

Киімдердің түрлерін ажыратуға, қай мезгілде киетіне туралы ойын арқылы және қысқы киімдерді атап, сөйлемдер құрастыруға үйрету. Ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Балаларға арналғанкиім дүкенінің суреті, киімдер үлгісі

1






Көңілді қыс, Қысқы ойындар

Қыс айларында ойнайтын ойындарды атау, қызықтарын сұрақ-жауап ойыны арқылы әңгімелету, бір-біріне қамқор, дос болуға , ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу

Қыс көрінісі, жұмбақтар, шана, шаңғы, коньки суреттері

1






Тәуелсіздік төрімде

Тәуелсіздік сөзіне түсінік беру. Өлең жолдары арқылы қазақ елінікі екенін баяндау. Өз еліміздің рәміздерін суреттеу. Отанын сүйе білуге тәрбиелеу.

Карта, еліміздің рәміздері, Алматы, Астана суреттері

1






Қош келдің, Жаңа жыл!

Жаңа жыл мерекесін естеріне түсіре отырып, жаңа жылда көргендерін әңгімелету. Аязата, Ақшақарға қандай өлең, тақпақтар дайындағанын мәнерлеп айтқызу. Өлең жолдарын анық айтуға дағдыландыру.


Безендірілген шырша

1






Құстардың тіршілігі

Құстардың тіршілігімен таныстыру.Олардың ерекшеліктерін сипаттап, оларға деген аяушылық, қамқорлық сезімдерін ояту.

Ұяға жем салып жатқан балалар суреті

1






Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

Жабайы аңдардың қысқы тіршілігін суреттер бойынша әңгімелету. Жұмбақтар шешкізу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Аңдарға қамқорық сезімін ояту

Ұйықтап жатқан аю, індегі түлкі тағы басқа суреттер

1






Көшедегі көліктер

Көше көліктері туралы баяндау. Көліктің не үшін қажет екенін әңгімелеу. Көлік түрлерінің адам өміріндегі маңыздылығы туралы әңгімелеу. Көлік жүргізушілердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу

Қала көрінісі, машиналардың түрлері

1






«Жеті қазынаның бірі» ертегісі

Балаларға таныс ертегілерді естеріне түсіруге, аттарын атауға көмектесу, диалогпен сөйлеуге үйрету. Сөздік қорын молайту.

Аң патшасы арыстван, оның айналасында арыстан, ит және адам суреті

1






Мамандықтың бәрі жақсы

әртүрлі мамандық туралы білімдерін кеңейту. Суреттерді қолана отырып әңгімелеу арқылы тілін дамыту. Үлкендердің әр мамандық иелерінің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Компьютер, ғарышкер, дәрігер, құрылысшы суреттері

1






«Бір уыс мақта» әңгімесі

Ы.Алтынсариннің әңгіме, ертегілерін еске түсіру, бір уыс мақтаның құстарға тигізген пайдасы туралы баяндау

Анасы, қызы және мақта суреттері немесе үстел-үсті театры

1






Көктем

Көктемгі тіршілік, көктемгі еңбектер туралы түсініктерін тиянақтау. Табиғаттың әсемдігін, сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу,

Алғашқы бүршік жарған ағаштар, алғашқы гүлдер.

1






Аналар мерекесі

Әр адам үшін басты тұлға- ана туралы түсініктерін тиянақтау. Ана туралы жаттаған тақпақтарын мәнерлеп айтуға үйрету. Анасы туралы пікірін тиянақты, еркін жеткізе білуге талпындыру.

Аналар мерекесіне көрініс және үнтаспаға жазылған аналардың дауысы.

1






Хайуанаттар бағындағы қызықтар

Балаларды оқиғалы суреттерді құрастыруға дағдыландру. Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстырып айтуға баулу, Аңдарға қамқорлық жасауға үйрету.

Хайуанаттар бағындағы аңдар туралы суреттер, ойындар

1






Наурызға шашу, Наурыз мейрамы

Наурыз мерекесі туралы әңгімелеу. Наурыз мерекесі туралы ертегілер арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту. Мерекеклік көңілін көтеру

Ағаш отырғызып жатқан балалар, наурыз көжеге салынатын заттардың суреті

1






«Алтын сақа» ертегісі

Сурет бойынша ертегінің мазмұнын айтуға баулу. Ертегінің не себепті «Алтын сақа» деп аталатыны туралы түсіндіру. Балаға көмектескен кейіпкер туралы баяндау.

Ертегі желісі бойынша кестеге бөлінген суреттер

1






Ынтымақ мерекесі

Қазақстан көп ұлтты мемлекет жайында әңгімелеу. 1 мамыр ынтымақ, достық күні екенін түсіндіру. Ұлттық киімдер мен салт-дәстүрлер туралы баяндау. өз ұлтының салтын, дәстүрін жалғастыруға тәрбиелеу




1






Жеңіс мерекесі

9 мамыр жеңіс күні туралы мағлұмат беру. Батыр ағалар мен апалардың есімдерін атай білуге үйрету. Еліміздің мақтаныштары туралы әңгімелету арқылы, өз Отанын сүйе білуге,қорғауға тәрбиелеу

Мәңгілік алау, жеңіс шеруібелгіленген сурет

1






Біз мектепке барамыз

Кітап, мектеп деген сөздерге сөйлемдер құрастыру. Сурет бойынша сұрақтарға толық жауап беруге үйрету

Балабақшамен қоштасу сәтінен көрініс

1






Жаз

Жайқалған жаз, піскен жеміс-жидектертуралы әңгімелету. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету.Берілген сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру.

Жаз мезгілінен көрініс

1






Балалар күні, Ойлан, тап

Балалардың мерекелік көңіл күйін көтеру. Өздерінің тақпақ , әндерін анық, нақышына келтіре айтуға үйрету. Мерекеде көргендерін баяндауға үйрету

Парк іші, мерекеден көрініс

1






Білім беру саласы: «Коммуникация»

Көркем әдебиет оқу іс-әрекетіне жылына 32 сағат, аптасына 1сағат берілген.



Мақсаты:

Баланың жеке тұлға ретінде өмірге көзқарасын қалыптастырып, көркем шығармаға деген қызығушылығын арттырып, салт-дәстүрмен таныстырып, ұлттық сана-сезімін дамытып, шығармашылыққа, көркемдік талғампаздыққа баулу.


р/с


Сабақтың тақырыбы


Бағдарламалық мазмұны


Қолданылатын көрнекілік


Сағат саны



Мерзімі



Алтын күз.

Балалардың күз туралы түсінігін тереңдету.Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру. Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету.табиғатқа қамқорлық жасауға, оны аялауға тәрбиелеу

Күз мезгілінің суреттері. Бақшадағы көкөністер, будағы жемістер суреттері

1






Қайдан келдің, бауырсақ?

Өлеңді оқып беріп, балаларға түсіндіру барысында сөздік қоларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Диалогті сөйлесуге үйрету. Бауырсақтың дастарханға қандай еңбекпен келу жолдарын түсіндіру,нанды қастерлей білуге үйрету. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Дастарқанда жатқан бауырсақ суреттері.Бауырсақтың дастарқанға келу жолдарын бейнелейтін суреттер

1






Оқу құралдары хикаясы

Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Оқу құралдары туралы түсінік беру. Оқу құралдарын күтіп, таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Оқу құралдарының суреттері

1






Қайырымды қоян (ертегі)

Ертегіні балаларға түсіндіре отырып, қайырымдылыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Қоянның, баланың, ата-анасының және ормандағы аңдардың суреттері

1






Алма

Балаларды бірін-бірі сыйлауға, тату болуға, қолдағы барын бөлісуге, жемістерді күтіп, баптауға, қамқор болуға тәрбиелеу.

Алма ағашының,қоянның, қарғаның,кірпінің, аюдың суреттері

1






Ынтымағы жарасқан отбасы

Отбасы туралы түсініктерін кеңейту, отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Отбасы суреті. Ата-әже, әке-ана, аға-іні, әпке-сіңілі және тағы басқа суреттер

1






Айтшы, әжетай

Балаларға өлеңді жаттата отырып, үлкендердің еңбегін бағалай, үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу

Жылқышы, тәрбиешінің суреттері

1






Алтын бала

Балаларды өзіне тапсырылған істі тиянақты орындауға, отбасында, жауапкершілікті болуға, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу

Ананың суреті, баланың көрші ата-мен әжеге көмектескен суреті

1






Ойыншықтар

Балалардың ойыншық туралы түсініктерін кеңейту, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Ойыншықтарды күтіп ұқыпты, таза ұстап ойнауға үйрету.

Ойыншықтар суреттері және ойыншықтар

1






Ауылда

Әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Ауыл, қала туралы түсінік беру. Үлкендерді сыйлай білуге тәрбие беру

Ауыл көрінісінің суреттері.

1






Менің Қазақстаным

Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту. Туған жерге, еліне деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу

Қазақстанның картасы, Астана, Алматы қалаларының суреттері

1






Көліктер

Көліктер туралы баяндау. Көліктің не үшін қажет екенін әңгімелеу. Көлік түрлерінің адам өміріндегі маңыздылығы туралы әңгімелеу. Көлік жүргізушілердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу

Көлік түрлерінің суреттері, қаладағы көше көрінісі

1






Қыс

Қыс мезгілінің ерекшелігін балаларға түсіндіру. Қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру. Табиғатты бағалауға, қорғауға тәрбиелеу

Қыс мезгілінің суреттері, слайдтар

1






Тәуелсіздік көк байрағы

Балаларды Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру. Герб, гимн,ту жайлы түсініктерін бекіту. Тәуелсіздік монументімен таныстыру

Герб, ту, Тәуелсіздік монументі суреттері. Гимн үнтаспадан тыңдау

1






Жаңа жылым – тамаша

Қыс туралы білімін бекіту. Жаңа жыл мерекесіең қызықты отбасылық мереке екенін балаларға түсіндіру. Жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру

Жаңа жыл мерекесі суреттері

1






Ормандағы шырша тойы

Балаларға әңгімені тыңдата отырып, қыс мезгілінің ерекшелігімен таныстыру. Ормандағы аң-құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Балалардың шыршаны безендіріп жатқан суреттері.Сәбіз жеген қоян суреті

1






Біз тебеміз сырғанақ

Қыс мезгілі туралы балалардың түсініктерін кеңейту.Қыс мезгілінің ерекшеліктерін бақылау. Балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру

Сырғанақ теуіп жүрген балалар суреті

1






Қысқы баспана

Балаларға ертегіні оқып, таныстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту. Бір-біріне адал болуға қамқор болуға шыншылдыққа тәрбиелеу

Күзгі тіршілік суреті, бұқа, қошқар, шошқа, мысық, әтештің суреттері

1






Шана

Қыс мезгілінің ерекшелігін балаларға түсіндіру. Қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру.Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету

Шанамен сырғанақ теуіп жүрген балалар суреті

1






Шынықсын денеміз

Балаларға өлеңді жаттата отырып, қыс мезгілінде ауырмас үшін шынығу керектігін түсіндіру

Қыс мезгілінде шанамен, конькимен, шаңғымен сырғанақ теуіп жүрген балалар суреті

1






Аққала

Балаларға қыс мезгілінің қызықты екенін, қардан аққала соғып, қар қамалдарын тұрғызуға болатынын түсіндіру.

Аққала жасап, ойнап жүрген балалар суреті

1






Қарлығаш пен дәуіт (ертегі)

Ертегіні балаларға тыңдата отырып, Қарлығаштың адамға дос құс екендігін,Дәуіттің адалдығын балаларға түсіндіру. Балаларды бір-біріне көмектесуге, қиналған кезде жәрдем беруге үйрету

Қарлығаш, дәуіт, жыланның суреттері

1






«Көктем сәні» ертегі

Ертегіні түсіндіре отырып, балаларды көктем мезгілінің ерекше кездерін сезіне білуге, табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.

Жабайы аңдардың суреттері

1






Не сыйлау керек?

Әңгімені балаларға түсіндіру арқылы мейірімділікке, кішіпейілділікке, анаға құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

Анасына сыйлық іздеген бала суреті

1






Наурыз тойы

Наурыз мерекесі туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Наурыз-жыл басы, ұлыстың ұлы күні, мұсылманша жаңа жыл мерекесі екендігін балалардың бойына сіңіре білу. Салт-дәстүрімізді дәріптей отырып, адалдыққа, ұлтжандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Наурыз тойының суреттері, наурызкөже пісіріп жатқан аналар суреттері

1






Келе бер, көктем

Көктем мезгілінде болатын өзгерістер жайлы балаларға түсінік беру.табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып, сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Көктем мезгілінің суреттер

1






Төлдер айтысы

Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету. Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Үй жануарлары төлдерінің суреттері

1






Сәруар

Ертегіні түсіндіре отырып, балаларды батылдыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу

Ертегі мазмұны бойынша суреттер

1






Тоқтар батыр

Тұңғыш ғарышқа ұшқан қазақ Тоқтар Әубәкіровтің ерлігін балаларға дәріптеу. Балаларды батылдыққа, төзімділікке, патриот болуға тәрбиелеу

Ғарышкер, зымыран, Байқоңыр суреттері

1






Ағайынбыз бәріміз

«Достық», «ынтымақ» сөздерінің маңызын түсіндіру. Сыйластық, татулық туралы түсініктерін кеңейту

Халықтар достығы бейнеленген суреттер

1






Жеңіс күні

Балаларды «Жеңіс күні», «Бейбітшілік» туралы түсініктерін бекіту. Патриоттық сезімге, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу. Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету.

Соғыс ардагерлерінің суреттері

1






Жарқын жаз

Жаз туралы балалардың түсінігін кеңейту. Жаз айында айналада болатын өзгерістерді, табиғаттағы ерекшеліктерді бақылай білуге үйрету

Жаз айының суреттері, слайдтар

1






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет