Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет54/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
4кл Презентациядағы анимация, 4кл Презентациядағы анимация, 00178533-2638c567, 2-sabak-57867617be58f (1), 2-sabak-57867617be58f (1), Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер, Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
* * *
Ширатпа  қалың  мұрты  құлағына  қарай  қайырылған,  бойы 
тіп-тік, кең жауырынды әскери адам сықырлауық үстел басынан 
түрегеліп,  оң  қолындағы  қарындашпен  шыны  графинді 
сыңғырлатып  біраз  тұрды.  Бұл  Степан  Хмелевский  еді.
– Тынышталыңыздар, жолдастар! Жиналыс күн тәртібінде екі 
мәселе:
1) Қазіргі кезеңде аштықпен күрес.
2) Мүшелікке қабылдау.
Күн тәртібі бойынша ескертулеріңіз, қосып-аларыңыз бар ма?
Шағын залдан «жоқ, жоқ» деген дауыстар естілді.
–  Жоқ  болса,  дауысқа  саламын:  күн  тәртібі  осы  қалпында 
бекітілсін  дегендеріңіз  қол  көтеріңіздер.  Қарсы?  Қалыс? 
Ондайлар  жоқ.  Күн  тәртібі  бірауыздан  бекітіледі.  Ендеше  күн 
тәртібіндегі екінші мәселені бірінші етіп қарау жөнінде ұсыныс 
бар.  Бұған  қалай  қарайсыздар?  Келісесіздер  ме?  Дауысқа  салу 
керек  пе?  Жоқ  па?  Жарайды,  келістік.


– Жолдастар! Большевиктер фрақциясының атына Әулие-Ата 
Совдепі  төрағасының  орынбасары  Тұрар  Рысқұлов  жолдастан 
арыз түсті. Ол өзін большевиктер партиясының қатарына алуды 
өтінеді. Анкеталық деректерімен қысқаша таныстырып өтейін.
–  Тұрар  Рысқұлов.  1894  жылы  24-желтоқсанда  Жетісу 
губерниясы Шығыс-Талғар болысында туған. Ұлты – қазақ. Ата-
анасы кедей шаруа. Білімі – Ташкент педагогикалық институтын 
толық  бітірмеген.  1916  жылы  патша  түрмесінде  отырған...
Хмелевский кенет ресми сөйлеуін тия қойып, жайсаң мұртын 
бір ширатып алып, мырс етіп күлді:
–  Көрдіңіздер  ме,  жолдастар,  анкета  қандай  қып-қысқа. 
Ал  біз  білетін  Тұрар  жолдастың  өмірбаяны,  менімше,  өте  бай 
болса  керек.  Кәне,  қандай  сұрақтарыңыз  бар?  Тұрар  жолдас, 
орныңыздан  тұрыңыз.  Берірек,  алға  шығыңыз.
Бөлменің орта тұсынан жап-жас жігіт тік көтеріліп, ешқайда 
қарамастан, президиум үстелінің алдына барып, бетін залға бұрып, 
қалт  тұрып  қалды.  Бір  сәтке  бөлме  ішінде  сілтідей  тыныштық 
орнады. Қаншама көз тек Тұрарға қадалып қалған. Орта бойлы, 
кең  кеуделі,  қап-қара  қою  шашы  кері  қайырылса  да  қасарыса 
тікірейіңкіреп тұрған, жазық маңдай, шекелігі шығыңқы, мұрны 
қоңқақтау  ер  бітімді  жігіттің  бір  нәзік  жері  –  еріндері  сияқты 
еді. Еріндері ерекше үлбіректеу, шие қызыл екен. Сол сүйкімді 
еріндер  иірімдене  бітеді  екен  де,  болар-болмас  шұңқыр  белгі 
білінеді екен. Сол ерні ғана жұмсақ, әлжуаз, әйтпесе, иегі мен 
шықшыты, бет бітімі қату: сары жиек дөңгелек көзілдіріктің ар 
жағынан аялы көздер аспай-саспай, тайғанамай, тура қарайды.
Үлкен сынның үстінде тұрған осыншама сабырлы жас адамның 
киім  киісі  де  мұндағылардан  көп  ерекше.  Отырғандардың 
көбісі  әскери  киімді,  біразы  ескі  гимнастеркалармен,  көнетоз 
пиджактерімен отырғанда, мына жігіттің киімі ине-жіптен жаңа 
шыққандай:  шевиот  қара  костюм,  аппақ  бәтес  көйлек,  қара 
барқыт галстук, аяғындағы туфлиге дейін жалтырап тұр. Бірақ 
осыншама сыпайы кербез киінгені өзіне қазір мін болып жабысар 
деп кім ойлаған. Залдан біреу қол көтерді.
– Менде сұрақ бар!


Жұрттың  бәрі  енді  жаппай  Тұрардан  бұрылып,  әлгі  дауыс 
шыққан  жаққа  қарады.  Шашын  жылмитып  артына  қайырған 
қисық  жағалы,  омырауы  кестелі  көйлек  киіп,  белін  шашақты 
белбеумен  буған,  мейіздей  қатқан  сары  екен.
Қойыңыз сұрағыңыз болса, – деді жиналыс ағасы.
– Жолдас Рысқұлов, сіз неге біздің қаланың бастығы Мотяшев 
мырза  сияқты  киінесіз?  Ал  Мотяшев  болса  городская  голова, 
нағыз монархист. Патша құлағалы, міне, құдайға шүкір, алты ай 
болды, ал Мотяшев мырза әлі сізше киінеді. Дәлірек айтқанда, 
сіз Мотяшевше киінесіз. Пролетарлық ынтымақ қайда? 
Бөлме іші кенет ұясы бұзылған арадай гуілдеп кетті. Жиналыс 
ағасы  графинді  сыңғырлатып  та,  айқайлап  та  көрді.  Шу  әрең 
басылды.
– Мұндай сұраққа жауап бермеуіңе болады, Рысқұлов! – деп 
айқайлады  әлдекім.
–  Жоқ,  жолдастар,  рұқсат  болса,  мен  жауап  берейін,  –  деді 
күтпеген  жерден  жас  жігіт.
–  Мен  жауап  берейін.  Өйткені  солшыл  эсер  Палий  мырза 
біздің  жиналысымызға  заңсыз  қатысып  отырғанымен  қоймай, 
большевиктерге әлдеқандай кінә таққысы да келетін көрінеді...
Отырғандар тағы толқып ала жөнелді.
– Бұл не деген жүгенсіздік!
– Төраға жолдас, солшыл эсер неге большевиктер жиналысына 
қатысады?
Тұрар  саңқ  етіп,  дауысын  көтере  шығарып,  абыр-дабырды 
тоқтатты.
–  Жолдастар,  қойылатын  сұрақ  қойылды.  Мен  жауабын 
берейін. Онан соң солшыл эсерді жиналыста қалдыру-қалдырмау 
– өз еріктеріңіз. Сонымен, киім туралы. Мен бала кезімде Верный 
түрмесінің  бастығы  Приходько  мырзаның  малайы  болдым. 
Приходько мырзаның гимназистка қызы маған бір мезгіл әліппе 
үйретуші  еді...
Шашыратқы гүліндей көкшіл көзді, аппақ әсем қыз буалдыр 
арасынан, бұлттардың тасасынан шыға келгендей кенет Тұрардың 
алдына әлжуаз ғана күлімсіреп тұра қалды.


– ...Бір күні ол маған сабақ үйретіп отырып, кенет сөзін үзіп, 
үндеместен, менің тіземе қарап сазарып отырды да қалды. Мен 
не  болғанын  аңғармай,  алды-артыма  қараймын.  Аң-таңмын. 
Сөйтсем,  шалбарымның  жыртығынан  тізем  жылтырап  көрініп 
тұр екен. Кіруге тесік таппадым. Қара жер қақ айырылса, күмп 
беріп  түсіп  кетер  едім...  Бұл  бір  жай.  Кейін  әкем  каторгаға 
айдалып  кеткеннен  соң,  Мерке  мектебіне  түсіп  оқыдым.  Бір 
күні  тақта  алдында  тұрғанымда  Атамырза  Айбаров  деген  бір 
байдың баласы менің шынтағымның жыртығын көрсетіп, бүкіл 
сыныпты  басына  көтере  күліп  еді.  Ол  кезде  интернат  маған 
әлі киім бермеген кез. Жиырма бес баланың алдында тағы бір 
қызардым. Сонда мен өзіме ант бердім: шамам жетсе, аш жүрсем 
де, бүтін киім, таза киім киіп өтемін дедім. Сіз, Палий мырза, 
менің мына костюмім су жаңа деп ойлайсыз ба? Мен мұны 1916 
жылы  көктемде  Ташкентте  оқып  жүріп,  бос  уақытымда  өзбек 
байына  бағбан  болып  жалданып,  соның  ақшасына  сатып  алып 
едім.  Осы  костюммен  Мерке  түрмесінде  де  отырдым.  Киім  де 
күтім тілейді, күте білсең қыры сынбайды. Ал қыры сынбаған 
киім ішінде адам өзін еркін сезінеді. Қанағаттандыңыз ба менің 
жауабыма?
Тұрар Палийге енді найзағайдай шаншыла қарады.
– Босатсын залды!
–  Тайып  тұрсын  енді!  –  деген  дауыстар  Палийді  дойыр 
қамшыдай  осып-осып  жіберді.
Хмелевский орнынан тұрып, сыпайы ғана:
Солшыл эсер Палий мырза, залды босатыңыз, – деді.
Сиыр  жалаған  бұзау  жүніндей  шашы  бұрынғыдан  бетер 
жылмиып,  иығы  түсіп  жүнжіген  Палий  жиналыстан  кетуге 
мәжбүр  болды.  Кетіп  бара  жатып  та  тиісуін  тыймады.
– Жарайды Рысқұлов, мені бұл жерден қудырғанмен, Совдептің 
мәжілісінен  қудыра  алмассыз,  –  деп  алдағы  айқастарды  да 
айқындай  кетті.
Палий совдептің мүшесі екені рас. Совдепке солшыл эсерлер 
фракциясынан сайланған.
Жиналыс ағасы тізгінді қолға алып:


– Тағы да сұрақтарыңыз бар ма? – деді залға қарап. – Уақыт 
оздырмайық,  жолдастар.
Алдыңғы  қатардан  кепкесін  қолына  екі  бүктеген  мосқал 
жұмысшы  көтеріліп,  дәу  жұдырығын  аузына  апарып  бір 
жөткірініп  алды.
– Рысқұлов жолдас, үйленгенсіз бе? Отбасыңыз бар ма? – деп 
тұтыға тұрып сұрақ қойды.
Бұл сұраққа «жоқ» деп бір-ақ сөзбен жауап беруге болар еді. 
Тұрар солай деді де. Бірақ сол сөзбен бірге құлағына ызыңдап 
баяғы бір Огинский «Полонезі» тағы келді. Алматының қысқы 
кеші,  Ташкент  көшесіндегі  көк  түрме,  түрмеге  жапсарлас 
Приходько  үйі.  Наташаның  бөлмесі:  қара  рояль,  сүйрік  қана 
ақ  саусақтар.  Қыз  музыка  толқынына  батып  кетіп,  қара  судың 
бетінде сары жібек шашы жайылып жатқандай болады. Музыка 
тыңдап  отырған  Тұрар  сол  шаштан  ақырын  ғана,  абайлап 
қана сипағысы келетін. Бірақ қолы тисе, сол алау шаш лап ете 
қалатындай көрінетін. Соңғы аккорд соғылғанда қыз орындыққа 
шалқалай кетуші еді. Екі қолы орындықтың екі жақтауында жаны 
кетіп  салаңдап  қалатын.  Басын  шалқайтып  жібергенде  сары 
жібек шашы әуеден алтын сауылдап төгілгендей, сусып барып, 
Тұрардың бетіне тиіп кететін. Беті ду ете түсетін. Қыз жалма-жан 
басын жұлып алып, Тұрарға қарап, оның беті күреңітіп бал-бұл 
жанып,  танауы  делдиіп  кеткенін  көріп:
– Ұнады ма саған, Турик? – деп еді үні күміс қоңыраушадай 
ғана  нәзік  сыңғырлап.
– Ұнағанда қандай! – деп бала ентіге, ынтыға жауап қататын.
– Кел, ендеше, енді сенің әуеніңді салайық, бері, қатар отыр, 
– дер еді Наташа. Содан соң сөзі жоқ бірақ көкірегінде саңлауы 
бар адамға айтары көп мұңды музыка тар бөлменің ішін кернеп, 
тордағы құс сияқты, егер тордан босанса, алысқа-алысқа, зәңгір 
көкке  ұшардай  бұлқынып-бұлқынып,  асып-төгіліп,  шалқып-
тасып, дүн-дүниені топан су қаптардай болатын. Бұл – «Елім-ай» 
әуені еді.
Осы тұрысында Тұрар атақты музыкантқа ұқсайтын.
– Жолдастар, біз партия қатарына мүше қабылдап отырмыз. 
Саяси-мәнді сұрақтар қойылғаны жөн, – деп қалды Хмелевский. 


–  Тағы  да  сұрақ  болар,  сірә?  –  Зал  үндей  қоймады.  Сонда 
Хмелевский  мұртын  тағы  бір  ширатып:
– Тұрар жолдас, Мерке түрмесінен былтыр сіз қандай жағдайда 
құтылдыңыз? – деді.
Былтыр, яғни 1916 жылдың қыркүйек айында Тұрар Меркенің 
түрмесінде  ажал  тырнағына  ілініп  жатқан.  Тырнақ  демекші, 
Мерке  түрмесінің  жендеттері  бұған  өлім  алдындағы  азаптың 
жаңа  бір  түрін  ойлап  тапқан  екен.  Обров  деген  надзиратель 
ротмистр  Аркадий  Приходьконың  бұйрығы  бойынша,  мұның 
қолына кісен салды да, жұдырықтарын жұмдырып, қайыспен тас 
қылып  таңып  тастады.
«Қолды кісендегені жөн-ақ, ал жұдырықты таңып тастағанда  
не мақсат?» – деп Тұрар мұның сырына түсіне алмай әлек болды. 
– «Кісенді ашып жүрмесін дегені ме екен?»
Есіл жігіт бұл сұмдықтың сырын көп ұзамай сезіп-ақ қалды. 
Білуден  бұрын  сезді.  Молақ  қолмен,  басқаны  қойғанда,  қасық 
қармай  алмай  қор  болды.  Қу  тамақ  табылып  тұрса,  әйтеуір 
итшілеп бірдеңе етуге болады екен. Басқа түскенде адам не амал 
таппайды. Бірақ жұмулы жұдырық әуелі жаны кетіп ұйығанмен, 
кейіннен  зарлап  бір  сыздайтынды  шығарды.
Арада апта өткенде ме екен, алақандарына қанжар қадалғандай, 
жігіт шіркін, бұл азапқа шыдай алмай, қайта-қайта есі ауа берді...
Ол  есін  жиғанда  түрмеден  тысқары,  тау  шатқалында  бір 
диірменшінің  үйінде  жатыр  еді.  Кейін  білді  түрмеден  оны 
құтқарып  алған  баяғы  ұстазы  Иван  Васильевич  Андреев, 
сыныптас құрбылары Қабылбек Сармолдаев, Мақсұт Жылысбек, 
Төребек  Исабеков,  Тұрдалы  Тоқбаев,  ағайынды  Жүсіпәлі, 
Әшімбек  Нұршановтар  екен.  Бұл  топ  –  болашақ  «Қазақ 
жастарының  революциялық  одағының»  негізгі  ұйтқысы  еді.
Жігіттер  Тұрардың  жұдырықтарын  әрең  жазып  алды.  Апта 
бойы өскен тырнақ алақанның көгерген етіне қан шығармай кіріп 
кеткен екен. Әгәрім, осы тырнақ осылайша өсе берсе, алақанды 
әрі қарай тесіп өтіп, қолдың ту сыртына шықпақшы екен.
Әрине, мына жиналыста Тұрар бұл сұмдықтың бәрін сипаттап 
жатпады. Тек құтқарушы азаматтардың атын атап шықты.


–  Сіз  атаған  азаматтар  сіз  өзіңіз  құрған  «Қазақ  жастары 
революциялық одағының» мүшелері ғой: Осы одақтың мақсаты 
мен міндеттері не болды және ол қалай іске асты? Осыны қысқаша 
ғана баяндап берсеңіз қайтеді? – деді тағы да Хмелевский.
«Степан  Кнутович  бұл  жайынан  хабардар  еді  ғой.  Сірә, 
жиналысқа түсініктірек болсын деп әдейі қойды-ау бұл сұрақты», 
–  деп  қойды  ішінен.
– Жарайды, Степан Кнутович, – деді Тұрар сәл ойланып. – Біз 
одақты  құру  ісіне  Меркеде  ақпан  революциясынан  кейін  іле-
шала  кірістік.  Әуелі  Одақтың  уставын  бекіттік,  программасын 
белгіледік. Ақпан революциясы, өздеріңізге мәлім, монархияны 
құлатқанмен, көп нәрсе өзгере қойған жоқ: қанаушы сол қанаушы, 
қаналушы қалпында қала берді. Аждаһаның басы шабылғанмен 
құйыршықтары әлі бар еді, әрине, әлі де бар. Одақ ең алдымен 
уақытша  үкіметтің  жергілікті  комитеттеріне  қарсы,  байлар 
мен кулактарға қарсы аяусыз күрес жүргізуді алғы мақсат етіп 
қойды. Төніп келе жатқан ашаршылыққа қарсы әрекет жасалды. 
Халықтың  көзін  ашу  үшін  үгіт-насихат  жұмысы  жүргізілді. 
Халықтың  сауатын  ашу  көзделді.  Көпшілік  арасында  уақытша 
үкіметке байлар мен кулактарға қарсы жиналыстар, митингілер 
ұйымдастырылды.  Бұл  істе  біз  алдыңғы  көзқарастағы  әскери 
гарнизондармен, солдаттармен тығыз байланыста болдық. Әулие-
Ата, Мерке гарнизондарымен, оның маркстік ұйымымен тығыз 
байланыс  жасадық.  Одан  арғысын,  Степан  Кнутович,  өзіңіз  де 
жақсы  білесіз:  біздің  барлық  жұмысымыз  көз  алдыңызда  өтті. 
Қалайда біздің Одақ большевиктік бағыт ұстаған ұйым болды. 
Басқа не айтамын: жік-жігін тарата берсе, әңгіме көп, – деп Тұрар 
жиналыс ағасына, одан кейін залға қарады.
Степан  Кнутович  орнынан  көтеріле  беріп  мұртына  қолын 
тағы бір апарды. Сірә, бұл жаттанды қимылды ол өзі де сезбей 
қалатын  болуы  керек.
– Тағы да сұрақ бар ма?
– Сұрақ тоқтатылсын! – деген дауыстар шықты залдан.
–  Онда,  сұрақ  тоқтатылсын  дегендеріңіз  қол  көтеріңіздер. 
Қарсы?  Жоқ.  Ендеше,  сөйлеушілер  бар  ма?


–  Несін  сөйлейміз?  Бәрі  де  түсінікті.  Тек  ұсыныс  бар: 
қабылдансын,  –  деді  кепкесін  қолына  мыжып  ұстаған  мосқал 
жұмысшы. Әлгінде Тұрарға: «үйлендің бе?» – деп сұрақ қойған 
да  сол  болатын.
Хмелевский залдан тағы ұсыныс болар ма екен дегендей тағы 
сәл тоқтап тұрды да, өзі сөйлеп кетті.
– Мәселені дауысқа қоймас бұрын мен бір ауыз сөз айтайын, 
жолдастар.  Біз  бүгін  өте  маңызды  мәселе  қарап  отырмыз. 
Большевиктер  партиясы  қатарына  адам  алғалы  отырмыз. 
Өздеріңізге мәлім, қазіргі кезең – тарихи аса күрделі кезең. Бір 
жағынан    Уақытша  үкімет,  бір  жағынан  Кеңес.  Кім  жеңеді? 
Кімнің ісі – ақ? Халық кімді қалайды? Біз – марксшілдерміз, біз 
Ленинді жақтаймыз. Бірақ біздің осал жеріміз, орталық Ресейден 
шалғайдамыз.  Орталықта  не  болып  жатқанын  дер  кезінде  біле 
бермейміз.  Революционерміз  деп  жүргендердің  арасында  осы 
себепті  ауытқушылар,  біресе  большевиктерді  жақтап,  біресе 
солшыл  эсерлерді,  тіпті  меньшевиктерді  жақтап,  сандалғандар 
жоқ  емес.  Осындай  кезеңде  РК(б)П  қатарына  мүше  алудың 
қиындығы, жауапкершілігі өзінен-өзі түсінікті. Ал біз мүшеге алу 
жөнінде кандидатурасын қарап отырған азамат Тұрар Рысқұлов 
өзінің  нағыз  большевик  екенін  іспен  дәлелдеген  адам.  Көзін 
жыртитып  ашып,  дүниеге  келгеннен  қанаудың,  жоқшылықтың 
дәмін  мол  татқан.  Зорлық-зомбылықты  аз  өмірінің  ішінде 
көп  көрді.  Әкесі  Рысқұл  патша  әкімшілігіне  қарсы  оқ  атып, 
1905  жылдың  құрбаны  болып,  каторгаға  айдалып,  хабарсыз 
кетті.  Панасыз  бала  өзінің  табиғи  талантының,  еті  тірілігінің 
арқасында  соншалықты  ауыр  тұрмыстың  езгісінен  жоқ  болып 
кетпей, тырмысып, оқу оқып, саналы азамат, белсенді күрескер, 
кәсіби революционер дәрежесіне дейін көтерілді. Егер мен осы 
жиналыста бір сырымды ашсам, Рысқұлов жолдас мені кешірер 
деп ойлаймын. Осы жиналыс қарсаңында мен Рысқұлов жолдас 
жөнінде  ешқандай  күмән  қалдырмау  мақсатымен  оның  өткен 
өмір жолынан біраз мағлұматтар жинадым. Сол мағлұматтардың 
бірін  ғана  сіздерге  жария  етуге  рұқсат  етіңіздер...
Хмелевский  Тұрар  жаққа  «кешір»  дегендей  күлімсіреп  бір 
қарап  қойды  да,  гимнастеркасының  төс  қалтасына  қол  сала 


бастады. Зал «не болар екен?» – дегендей тынып қалған. «Бұл 
мен туралы не мағлұмат тауып алып еді?» – деп Тұрар аң-таң.
–Тұрар жолдастың анкетасында жазылғандай, ол 1914 жылы 
Пішпектің  І-дәрежелі  ауылшаруашылық  мектебін  бау-бақша 
мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Білімін одан әрі жалғастыру 
мақсатымен ол мектеп директорына былай деп арыз жазыпты:
«...Мен  қазақтың  панасыз  қалған,  қарапайым  баласымын. 
Орыстардың  мәдениетінің,  ілімінің  игі  әсерінің  арқасында 
шама-шарқынша шағын білім алдым. Осы білімнің нәтижесінде 
«бұрын кім едім, қазір кіммін және қиын-қыстау шырғалаңы көп 
болашағым қандай болмақ» деп алды-артымды шамалайтындай 
халге  жеттім.  Күн  көру  үшін  күресу,  шындығында  қиын, 
өйткені  мен  жастайымнан  жетім  қалып,  талай-талай  бақытсыз 
күндер кештім, менің нәрестелік санама өшпестей із қалдырған 
жетімдіктің  неше  алуан  тауқыметін  тарттым.  Әйтеуір  сол 
ауыртпалықтан  езіліп  кетпей,  бой  түзерліктей  тіректі  мен 
білімнен  таптым...».
Бұдан  әрі  Тұрар  жолдас  мектеп  директорынан  Самара 
ауылшаруашылық институтына жолдама беруді өтінеді. Өтініші 
қабыл  болып,  Самарада  емтиханды  жақсы  тапсырады.  Бірақ 
ондағы  шовинист-директор  Тұрардың  арызына:  «киргизға 
жер  өңдеуді  оқудың  қажеті  жоқ»  деп  тұжырым  соғып,  оқуға 
қабылдамай  қойған.
Міне,  жолдастар,  революция  жолындағы  біздің  жауынгер 
серігіміздің  өмірінен  бір  ғана  елес  осындай.  Мен  өз  басым 
Рысқұлов жолдастың идеалынан айнымайтынына, езілген таптың 
мүддесі  үшін  күресе  беретініне  берік  сенемін  және  сіздердің 
барлықтарыңызды  да  сендіргім  келеді...  Сонымен  дауысқа 
қоямын:  кімде-кім  Тұрар  Рысқұлов  РК(б)П  қатарына  алынсын 
дегендеріңіз,  қол  көтеріңіздер!..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет