Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет23/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
4кл Презентациядағы анимация, 4кл Презентациядағы анимация, 00178533-2638c567, 2-sabak-57867617be58f (1), 2-sabak-57867617be58f (1), Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер, Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
Әлгі бір қараң қалғыр қара ноқаттың төңірегінде томпайып-
томпайып  екі-үш  адамның  өлігі  тағы  да  қалды.  Мүмкін, 
әл-дәрменнің  ақырғы  тамшысы  таусылған  шығар.  Мүмкін, 
аласапыран арпалыста біреулердің қолы қатерлі тиген шығар. 
Әлде  айдауылдардың  қамшысын  көтере  алмай  қалды.  А  бірақ 
алданған  үміттің  күйігіне  шыдай  алмай  кетулері  де  мүмкін. 
Үзілген  үміт  –  ажал.  Менің  бір  тәуба  қылатыным,  менің 
жанымның  шықпай  жүргені  –  әлі  де  сол  сұм  үміт,  атасына 
нәлет.
Есіңде  ме,  Тұрар.  Мені  Алматының  абақтысынан  айдаған 
бозала  таңда  сен  арбаның  артынан  жүгіріп,  белбеуімнен 
ұстадың.  Сонда  қолыңа  шуда  жіптің  тарқатылған  бір 
ұшы  ілінді.  Тарқатылып-тарқатылып  таусыларда  айдауыл 
штыктың қырымен әлгі жіпті қиып жіберді. Сен құлап қалдың. 
Сонда мен көңіліме секем алдым. Шіріген жаман жіптің үзілгені 
бекер  болды-ау,  бұл  шіркін  елегізген  үміт  жібі  сияқты  еді-
ау, дедім. А бірақ, дәтке қуат беріп, сол үзілген жіпті, үзілген 
үмітті  мен  көңілдің  нәзік  қылымен  жалғадым.
Жол  хикметін  айтып  тауыса  алмаспын,  Тұрар.  Көктем 
шығып,  қар  еріп,  мұз  бұзылғанша  біз  Үстіқұт  деген  жерде 
жаттық. А мұз бұзылғанда бізді кемеге салып, Лена дариясымен 
алып  жүрді.  Дарияның  несін  айтайын,  біздің  Алатаудан 
аққан бүкіл өзен-су біткенді жинаса, бұған тең келер ме екен, 
әй  қайдам.  Кемеден  түскен  соң  тағы  да  жаяу  айдады.  Жері 


таулы  келеді  екен.  Алатаудай  аспанмен  таласпаса  да  қырат-
қырат,  кілең  орман  жамылған  дүлей  дүние.  Халқының  кейбірі 
тура өзіміздің қазақ-қырғызға ұқсайды. Әуелі қазақтар ма, яки 
қырғыз ба, бұлар жақұт деп. Сөйтіп жақұт деген елді де көрдік. 
Сөйлесіп  көрейін  десем,  айдауыл  рұқсат  етпейді.  Яки  оларды 
бізге  жолатпайды.  Олар  бізге  іш  бұратын  тәрізді,  сірә.
Салт  атты  бір  жақұт  жол  жағасында  қыратта  тұрып, 
мен тұсынан өте бергенде дауыстап, өз тілінде бірдеңе-бірдеңе 
деді.  Түсінбедім.  Сонан  соң  өзі  саусағымен  нұқып  көрсетіп: 
«Саха,  Саха»  –  деді.  Сонан  соң  саусағымен  мені  нұсқап,  өз 
тілінде  тағы  бірдеңе  сұрады.  Түсіне  қойдым:  «Қазақ,  қазақ», 
– дедім. Ол ақсия күліп, туысқанын көргендей мәз болып: «А-а, 
қассаха,  қассаха!»  деді.
Тағы  да  өзін  нұқып:  «Саха»  мені  нұсқап:  «қассаха  –  туған, 
туған!»  –  деді.  Сонан  соң  мені  аяғандай  басын  шайқап, 
таңдайын қағып, бір күрсінді. Қойнынан бір тері қалта суырып 
алып: «тамаха-тама-ха»,– деп маған қарай лақтырып жіберіп 
еді,  айдауыл  қағып  алды.  «Ей,  сасық  якут,  айда,  ары  жүр! 
Әйтпесе  сен  де  осыларға  қосыласың»,  –  деп  жекіді.  Жақұт-
саха қамшыны бір басып, атын орғытып, қырдың астына бұлаң 
етіп түсті де кетті. Қайтып көрінбеді. Оның маған сыйлағаны 
темекі  екен.  Содан  бастап  мен  шылым  шеккім  келді.  Бұрын 
жек көретін неме еді. Енді құмартып қалдым. Бірақ бұғының 
терісіне  моншақ  тізіп  тіккен  қалтаға  қызыққан  айдауыл  сый 
белгіні  өзінің  қойнына  сүңгітіп  жіберді.
Танымайтын, білмейтін, айдаладағы жердің бір қиырындағы 
адам. Таң қалам. Неге бұлай? Неге жаны ашиды? Мен өзгелер 
тұрмақ,  өз  қандас,  қарындастарымнан  көбіне-көп  теперіш 
көрдім. Талайлармен дoc тa болдым. Бірақ достарды мен жат 
жұрттан  көбірек  таптым.  Әлгі  жақұт-саханың  ықыласы 
көң болып қатып қалған көңілімді бір жібітіп, іші-бауырымды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет