Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет25/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
4кл Презентациядағы анимация, 4кл Презентациядағы анимация, 00178533-2638c567, 2-sabak-57867617be58f (1), 2-sabak-57867617be58f (1), Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер, Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
астындағы қараңғы көрге тірідей кіргізді. Көлбеу сатымен бір-
бірлеп, қаздай тізіліп түсеміз. Әр жерде жылтырап шырағдан 
тұрады.  Төбеден  су  тамшылайды.  Желкеңнен  әзірейілдің 
оғындай тиген тамшыдан қорғаланып, мойныңды қыжырайтып 
ішіңе тығып аласың. Шиқылдақ жаман ағаш саты тайғанақ. 
Абайламай тайып кетсең, көрің терең.
Апан үңгірдің түбіне жеткен соң қолымызға күрек пен қайла 
берді.  Ал  кеп  тасты  соққыла.  Қазылған  тас  пен  топырақты 
«тәшкеге»  салып,  сыртқа  шығарады.  Алматының  түрмесінде 
сен атқора тазалайтын қол арба кәдімгі. Алтын дегеніміз осы 
екен.  Алтын  деген  жарықтық  am  басындай  болып  жатады 
екен десек, кәдімгі құдайдың қу құм топырағы.  Соны  жоғары 
шығарып,  сулы  науамен  «важгерт»  төгеді  екен.  «Важгерт» 
дегені  кәдімгі  киіз.  Үлкен  киіз.  Алтын  қиыршығы  тac  құмнан 
ажырап, сол киізге ұйығып қалады екен. Жұмыстың бар түрі 
осы,  Тұрар.  А  бірақ  бұл  нағыз  тозақ.  Тізеңнен  шылқылдаған 
су  кешіп  жүріп,  қараңғы  жердің  астын  көртышқанша  қаза 
бересің, қаза бересің. Қарауыл деген ит жаналғыштан жаман. 
Сәл дамылдасаң – аямайды. Жердің астына таң қараңғысында 
түсіп, іңір қараңғысында бір-ақ шығамыз. Сондықтан біз күннің 
жүзін  көрмейміз.


Шахтадан шыққанда бізді бараққа кіргізіп, анамыздан жаңа 
туғандай,  тыр  жалаңаш  шешіндіріп  қойып  тінтеді.  Қомыт 
киімнің  жыртық-тесігін  түгел  тіміскілеп  шығады.  Алтын 
ұрлайды  деп  күдіктенеді.  А  бірақ  таза  алтынның  шашырап 
жатқанын  көрген  емеспіз.  Бәрі  құм,  топырақ,  оның  алтыны 
қайсы, құмы қайсы – айыру қиын. А бірақ пенде болған соң, таза 
алтын табылса, алғың да келеді. Каторжниктің миын бұл ой 
күндіз-түні  шаққылайды  да  тұрады.  А  бірақ  қаша  қалғанның 
өзінде қаржы керек. Әрине, алтының болса, елге жету оңайырақ. 
Әсіресе  көктем  шыға,  жаның  бір  бостандыққа  бұлқынып 
шыққысы келеді-ақ. Қар кетіп, көк шыққанда, түстіктен құстар 
қайтқанда, сол құстар келген жаққа каторжниктің көзі мұңая 
қарағанын көрсең, атасына налет! Бодойбода не көп, кеніш көп. 
Каторжниктер соның бірінде ғана істейді. Басқаларында жай 
жұмысшылар істейді. Көбісі Ресейден өз еркімен жұмыс іздеп 
келгендер.  Бодойбодан  байып  қайтпақшы  болған  бейбақтар.
Яғни  каторгаға  өз  еркімен  келгендер.  Аяқ-қолында  кісені 
жоқ  демесең,  олар  да  каторжниктер.  Тапқаны  қу  тамағына 
жетпейді.  Көзі  ашық  орыстар  айтады:  «бір  кило  жарма 
Ресейде екі сом, ол мұнда төрт сом, бір пұт тұз Ресейде қырық 
тиын, мұнда екі сом, бір кило қант Ресейде бес сом, мұнда он 
сом»,  –  деп.
Саймасайлар мұнда да бар. Жұмысшы сорлы бала-шағасын 
асырау  үшін  мұндағы  Саймасайлардан  азық-түлікті  қарызға 
алады.
Қарызданып  тәуелді  болған  сорлы  өмір-бақи  құлдықта 
қалады.  Құтыла  алмас  құлдық  қамыты  мұнда  да  көп.
Бас-басына  үй  қайда?  Ішіне  торғай  қамасаң  тұрмайтын 
жыртық  барақтарға  бала-шағасы  да,  бойдағы  да  араласып, 
сығылысып жататын көрінеді. Оларға қарағанда түрме бейіш 
дейді біздің орыстар. Жыртық барақтарын жамаудың амалын 
қара. Жұмысшылар барақтарының сыртына қар үйіп, шелекпен 
су  төге  береді,  төге  береді.  Ол  сірескен  мұз  болып  қатады. 
Сөйтіп  жатақтың  жыртығы  бітеледі.
«Мұз  сылақты»  қаланың  адамдары  ақыры  азапқа  шыдай 
алмай,  бастыққа  барып,  жұмыс  жағдайын  жақсартып, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет