Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет34/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
4кл Презентациядағы анимация, 4кл Презентациядағы анимация, 00178533-2638c567, 2-sabak-57867617be58f (1), 2-sabak-57867617be58f (1), Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер, Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
* * *


Қырғызбай атасының торы аты былай шыға бере болдырып 
қалды.  Делдал  иесі  сияқты  өмірі  мимырт  жүрістен  аспаған, 
қосаяқ қағып, қатты жүріп көрмеген мал шашасынан тер саулап, 
тобылғы түсі лайсаң қара ат ерте айналды. Семіз неме майы аузына 
тығылып, тәтті етіне тиген ащы қамшыны да елемей, мәңгүрт, 
марғау  жүрістен  аспай  қалды.  Мына  заман  аласапырандау, 
ендігі жерде жай басу жарамайды-ау, жалқау тіршілік кенет дүр 
сілкініп,  дүн-дүние  ұйқысынан  оянды-ау,  –  деген  торы  аттың 
қаперіне кіріп-шықпайды. Мына ұлы дүрмекке Қырғызбай атасы 
араласпай, бұғып отырса, оның торы аты да зауықсыз. Айнала 
андыздап шауып бара жатқан аттардың дүбіріне елеңдемейді, еті 
қызбайды, жарыс желігі оны қыспайды.
«Ұстап  алса,  мүрдем  кеттім-ау.  Әттең,  қарудың  жоғы-ай!»  – 
деген ой лезде шалықтап өтті де, әлгі екеудің біреуі өзіне таныс 
екеніне  көзі  жеткенде,  жүрегі  орнына  түскендей  болды.  Ол 
базардағы  жиында  өзімен  қатар  тұрған  қарақасқа  атты  мосқал 
қазақ  екен.
– Е, бала, атың болдырып қалыпты ғой, – деді ол Тұрармен 
қатарласа  беріп.  –  Бағытың  қай  жақ?
– Маған Ақкөз ақсақал керек, – деді Тұрар мына кісіден бір 
көмек  болар-ау  деген  үмітпен.
–  Е,  онда  беталысың  дұрыс.  Осылай  тарта  бер,  –  деп  әлгі 
мосқал  атын  тебіне  беріп  еді,  Тұрар  оны  дауыстап  тежеді.
– Ағатай, мен ол кісіге тезірек жетуім керек, мені ала кетіңіздер. 
Мына мәстектің түрін көріп тұрсыздар ғой.
Мосқал қара тізгінін тарта түсіп:
– Апырай, а, қайтсек екен. Біз де асығыс. Мінгесесің бе, сонда? 
– деді. – Әй, Шынпатша, балаға атыңды бер де, сен мына торыға 
ауысып мін. Асықпай, артымыздан келерсің. Ойталға барған соң 
бұл шабан торыны қуырдақ жасаймыз, тастамайық.
Шынпатша  дегені  шынашақтай  қатпа  кісі  екен,  екі-үш  тал 
сирек  сақалын  талмап  тұрды  да:
– А мейлі, айтқаның болсын, Досмайыл. Бала – тегін бала емес 
көрінеді. Оның Ақкөзбен тезірек ұшырасқаны да жөн шығар, – 
деп  теңбіл  көк  айғырдан  ыршып  түсті.  –  Жаңа,  сен  шырағым, 


Атамырзаның аузын қисайтып, жағын айырып тастадың. Соныңа 
риза едім, мынау соның қайырымы.
Тұрар теңбіл көкке мінгенде, тауға шыққандай шын биіктеп, 
көңілі асқақтап сала берді.
Үстіне бөтен біреу мінгенін сезген теңбіл көк ұзын мойнын 
садақша иіп, басын тұқырта тізгінді жұлқып-жұлқып, бір орында 
шыр айналғанда, Тұрардың көзіне Аспараның Алатауы бұлдыр-
бұлдыр іліне беріп еді. Ол да теңбіл көк екен.
Ендігі  бір  сәтте  теңбіл  көк  айғыр  Досмайылдың  қара 
қасқасымен  жарыса  көсілген  кезде,  терістік  беткейден  ойдым-
ойдым қара көк аралдар – шоқ-шоқ бұйра талдар, одан әрі сап-
сары  белдер  сағым  араласа  мұнартып,  сары  мұхиттай  толқып 
жатты.
Сары  теңізде  жүзген  қаракөк  кемелер...  Көп  кешікпей  қара 
дауыл  тұрып,  сары  теңіз  тулап,  астан-кестең  болар.
Тұрар бір қолымен тізгінді тарта ұстап, бір қолымен көзілдірігін 
демеп келеді. Тұлпар мінгенде, көзілдірік жараспайды екен, амал 
не,  көзінің  нұры  қаршығаның  көзіндей  өткір-ақ  еді,  Алматы 
түрмесінің  қараңғы  камерасында  кітапқа  үңілген  көп  түндер 
сол  жанарды  жауқазын  кезінде-ақ  сорып  тастаған  екен:  енді 
ерте  жастан  көзәйнек  киюге  мәжбүр  болды.  Тұрар  көзілдірікті 
бүктеп, төс қалтасына салып қоймақшы еді, бет алды бұлдырап, 
дүн-дүние  түгел  буалдыр  тұтып  қалған  соң,  көзәйнекті  қайта 
киіп алды. Мұны байқап келе жатқан Досмайыл:
– Көп оқысаң керек, ә? Көзіңді оқу жеп қойған ғой, сірә, – деді.
Тұрар оған:
– «Әлі оқуым аз», – демекші еді, айтпады. Оның, бар діттегені 
– Ойталдың бұйра аралы еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет