Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет31/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер

* * *


Меркенің  «Төрткүл»  деп  аталып  кеткен  қыр  базарына  бұл 
жексенбіде  де  халық  көп  жиналыпты.  Бірақ  шығыс  базарына 
тән  бұрынғы  сән  жоқ.  Адамдар  әлдеқалай  асығыс,  әлденеден 
сезіктенгіш  бір-біріне  күдікпен  қарайды,  жан-жағынан  үрей 
қамағандай, жалтақ. Шайхана алдында жуан қарын самаурындар 
сексеуіл шоғына шыдай алмай, селкілдеп, иіндерінен дем алып 
тұрса  да,  бұрынғыдай  жайғасып,  малдас  құрып  отырғандар 
көрінбейді. Шайқорлардың орнына, биік нарға бір кезде соқыр 
пристав  Сокольский  мырза,  оның  соңынан  кеше  Ташкенттен 
келген  ротмистр  және  еуропаша  киінген  жас  қазақ  жігіт 
көтерілді.  Атқа  мінген  урядниктер  базардың  о  шеті  мен  бұл 
шетіне  шапқылап,  жар  салып  жүр:
–  Азаматтар!  Маңызды  хабар!  Қазір  өте  маңызды  хабар 
есітесіздер.  Шайхананың  алдына  жиналыңыздар!
Тұрар  ағаш  нарға  көтерілгендерді  бірден  таныды.  Пристав 
бұрыннан таныс. Ротмистр Ташкенттен сапарлас болған. Ал жас 
қазақ – баяғы Атамырза.
Атамырза  зіңгіттей  жігіт  болыпты.  Қияқтай  мұрт  қойыпты. 
Көзіне пенсне салыпты. Оның алтын бауы қымбат қара костюмнің 
омырауына тағылған.
Халық құжынап, жаяуы бар, аттысы бар, шайхананың алдына 
үймеледі. Ұлықтар тұрған нар мен көпшіліктің арасына бірқатар 
мылтық асынған солдаттар тізілді.
Соқыр  пристав  тапалдау  бойын  ұзартқысы  келгендей,  хром 
етікті  аяғының  ұшына  көтеріліп,  екі  қолын  арқасына  ұстаған 
қалпы,  қарлыққан  дауыспен:
– Мырзалар! Халайық, – деп жұртты өз аузына қаратып алды. 
У-шудың  лезде  сап  болғанына  рухтанып  қалғандай  енді  үні 
ашылып,  сампылдай  жөнелді.
–  Он  тоғыз  бен  қырық  үштің  арасындағы  бұратаналарды 
соғыстың қара жұмысына алу туралы патша жарлығы шыққалы, 
міне, бір айдың жүзі болды. Болыстар мен старшындар майдан 
жұмысына баратын жігіттердің тізімін жасауға кіріскелі де бір 
шама уақыт өтті. Патшаға, империяға шын берілген азаматтар бұл 
жарлықты дұрыс түсінді. Әйтсе де әлі түсінбеушілер көп, ел ішіне 
бүлік салып, қара халықты адастырушылар шықты. Әлдеқандай 


оңбағандар патша жарлығына қарсылық көрсетуге тырысып, күш 
жинап,  бунт  шығаруға  да  әрекеттенуде.  Оны  біз  білеміз.  Бірақ 
олар отпен ойнайды. Ажалды қарға бүркітпен ойнайды. Ойтал 
маңында Ақкөз деген бұзықтың бастауымен бандалар топтасып 
жатқанын да білеміз. Олар біздің бір зеңбіректің оғына да төтеп 
бере алмайды. Бірақ біз қан төккіміз келмейді. Халыққа патша 
жарлығының  мән-мағынасын  әлі  де  болса  түсіндіріп,  мәселені 
бейбіт жолмен шешкіміз келеді. Бұл ретте киргиздің оқыған, көзі 
ашық азаматтары не айтады, соны тыңдаңыздар. Сонда ақиқатқа 
көздеріңіз  жетеді.  Орынборда  шығатын  «Қазақ»  атты  газеттің 
соңғы санын кеше бізге Ташкенттен ротмистр Приходько мырза 
жеткізді.  (Ротмистр  алға  бір  адым  шығып,  көпшілікке  тағзым 
етті). Сол газеттегі тағлым сөзді сіздерге қазір Атамырза Айбаров 
оқып береді.
Осы  уақытқа  дейін  приставтың  сөзін  қазақшалап  тұрған 
Атамырза  қолындағы  араб  әрпімен  басылған  газеттің  бірінші 
бетін жазып, алтын жиек пенснесін кеңсірігіне нығарлап қойып, 
дауыстап  оқи  бастады.
–  «Қазақ»  газеті.  Шілде  айының  сегізі  күні.  Орынборда 
шыққан  саны.  Тыңдаңыздар,  мұнда  былай  жазылған:
–  Патшаның  жарлығы  –  хақ.  Оған  қарсы  шығып  болмайды. 
«Бұйрық қатты болса, жанға тәтті» деген. Сондықтан жарлықты 
орындар  болар.
Бәлкім,  қара  жұмысқа  жаттықпаған,  отбасы,  ошақ  қасынан 
ұзап шықпаған момын қазақ жастары майдан деген сөзді естіп, 
үрей  болып,  майдан  жұмысына  барудан  бас  тартып,  бүгінгі 
күннің  қамын  ойлап,  қашып-пысып,  жасырынып  жүрер.  Олай 
етуге  болмайды.  Ол  дұрыс  емес.  Майдан  жұмысына  барудан 
жасырынып  қалу  қате.
Майданға  барудан  бас  тартсаң,  халқың  қаһарға  ұшырайды. 
Бұл шақ – соғыс шағы. Тәртіп қатаң: қашқындарды іздеуге әскер 
шығады, ел-жұртың әбігер болады, азып-тозып, қырғын-сүргінге 
ұрынады.  Отбасың,  бала-шағаң,  кемпір-шалың  күйзеледі. 
Қашқанмен  –  құтылмайсың,  патшаның  құрығы  ұзын.  Қашқын 
болсаң,  шаңырағың  шайқалып,  шаруаң  күйзеліске  ұшырайды. 
Өкімет  тарапынан  халыққа  деген  сенімсіздік  туады.


Ел  ақсақалдары  мен  атқамінер  азаматтар  осыны  есте  ұстап, 
жарлықтың мән-жайын жұртшылыққа ұғындыра білсе, құба-құп.
Қол қойғандар: Ғали, Рахмет, Жақып».
– Әй, қарағым, оларың кім? Бүкіл қазаққа сөз тастайтындай 
кім еді оларың? – деді ат үстінен әлдекім айқайлап.
– Олар – Алаштың арыстары. Олар дұрыс айтады. Сөздеріне 
құлақ қою керек, – деп Атамырза белең алып барады.
«Бұл мектепте аузын буған өгіздей болып тұрушы еді, сабақ 
білмей. Қашаннан бері халық алдында сөз бастауға жарап қалып 
еді?» – деп Тұрар таң қалды, әрі қобалжи бастады.
Сынға түсер сағат соқты. Дәп қазір сөйлемесе сөз атасы өлгелі 
тұр. Сөйлейін деп неше рет оқталды, бірақ бір нәлет күш бойын 
буып  жібермейді.  Қырғызбай  атасының  доғал  торы  атының 
үстінде  тұрып,  үзеңгіге  аяғын  тіреп,  әлденеше  рет  көтерілді, 
аузынан  сөз  шықпай  тұншыға  берді.  Жан-жағына  қарап  еді, 
иін  тірескен  адамдар  ауыздары  аңқайып,  Атамырзаның  сөзін 
кәдімгідей  тыңдап  тұр.  Шыдай  алмай,  қол  көтеріп,  енді  аузын 
аша  берейін  дегенде,  оң  жағындағы  бір  мосқал  біреу:
–  Әй,  бала,  шошаңдамай,  тиыш  тұршы,  сөз  естиік,  –  деп 
бүйіріне  қамшының  сабымен  түртіп  қалды.
Енді  сәл  кешіксе,  бәрі  де  келмеске  кетеді.  Мына  тұрған 
жұрттың  бәрі  болмаса  да,  көбі  пристав  пен  Атамырзаның 
айтқанына  иланатын  түрі  бар.
Тұрар  ызадан  жылап  жібере  жаздады.  «Халық  алдында  жақ 
аша  алмайтыным  бар,  сонау  Ташкенттен  арып-ашып,  асығып 
несіне жеттім? Мынадай жиынды құдайдың өзі дайындап беріп 
тұрғанда, ләм деп тіл қата алмасам – баяғыдан бері несіне оқып, 
несіне  күндіз-түні  күрес  жолын  ойладым?  Дәл  осы  базарда 
баяғыда,  бұдан  алты-жеті  жыл  бұрын  соқыр  балгердің  теңіз 
шошқасы  қораптан  тістеп  алып  шыққан  көк  қағазда:  «Сенің 
бүкіл өмірің шайқас», – деп еді ғой. Сол шайқас осы емес пе? 
Сонда менің шайқаскер, күрескер болған түрім осы ма? Қалайша 
жасық  туып  едім,  о  атасына  нәлет!».
Тұңғыш рет Тұрар әкесі Рысқұлдың ашынғанда айтатын сөзін 
қайталады: «атасына нәлет».


Астындағы  торыны  тебініп,  алға  ұмтылыңқырап,  додадан 
көкпар  алып  шығуға  ышқынған  шабандоздай  көзінің  алды 
қанталап, қаһарлана айқайлап жібергенін өзі де байқамай қалды. 
Дауысы  ащы  шықты.  Халық  елең  етті.
– Ей, Атамырза!
Атамырза  оқ  тигендей  селк  етті,  алтын  пенснесі  жалп  етіп, 
омырауына құлап, баулығына салбырап қалды. Ол қалың топтың 
ішінен  ат  үстінде  алға  ұмтыла  дәл  өзіне  қарай  қолын  сермеп 
тұрған  Тұрарды  таныды.
–  Ей,  Атамырза!  Сен  қашаннан  бері  сайрайтын  болғансың? 
Сайрауың – қораздың аузындағы шегірткенің шырылдағанындай. 
Шырылдарсың,  сорлы!  Айтып  тұрғаның  шын  болса  –  әскерге 
алдымен  өзің  неге  бармайсың?..  Жалған  айтасың!  Қолыңдағы 
газет те жалған айтады! Ол халыққа басыбайлы, құлақ кесті құл 
бол дейді. – Тұрар демі жетпей алқынып бара жатқанын байқады. 
Жүрегі  дүрсілдеп  қатты  соғып,  өкпесі  өрепкіп,  аузынан  атып 
шығардай  алқымына  тірелді.  Сөз  бөлініп,  ой  шатасса  –  нағыз 
сорлаған жерің сол. Қазір аналарға кезек бермеу керек. Халықтың 
назарын  мықтап  ұстап  қалу  керек.  Айрылсаң  –  құрыдың.  Көп 
сөйлеп,  мыжудың  да  қажеті  жоқ.  Негізгі  ойды  аз  сөзбен  лезде 
жеткізбесең  –  жеңілдің.
Әлгінде бүйірінен қамшымен нұқыған мосқал қазақ енді өзіне 
қадалып қалыпты. «Ал, бол, айт!» – деп тұрғандай көзқарасы.
Одан  әрі  жүздеген,  мыңдаған  көздер  өзіне  қадалғанын  қас 
қағым  сәтте  аңғарды.  «Сөйле!»  –  деді  өзіне-өзі.
–  Патша,  патша  дейсің,  Атамырза.  «Патша,  патша!»  –  деп 
лепіргенде балағыңнан кірген жел танауыңнан шығады. Патша 
уәдеден  тайған  жоқ  па?  Қазақтардан  әскерге  адам  алмаймын 
деген антын бұзған жоқ па? Антын жұтқан кімді аяйды? Соғыс 
жүріп жатқанына үш жылдың жүзі болды. Кімге керек ол соғыс? 
Қан  төгіп  жатқан  халық.  Тауқымет  тартып  жатқан  халық.  Ал 
патша  болса,  тағын  ойлайды.  Халық  қырылған  жерде  патша 
тағының амандығы кімге керек?! Мен де кеше ғана Ташкенттен 
келдім.  Ондағы  жұрт  патшаға  адам  бермейміз  деп  аттанысқа 
шықты. Сонау Торғайда, анау Жетісуда, мынау Қырғызда халық 
көтеріліп жатыр. Дүйім халық көтерілсе, патша да, губернатор да, 


ояз да, мынау тұрған пристав та түк істей алмайды. Алтау алауыз 
болмай, төртеу төбедегіні алайық. Қарулан, халайық! Ойталдағы 
Ақкөзге  барып  қосыл.  Бытырамай  бір  кісінің  баласындай  бол! 
Бес саусақ жұмылса – жұдырық, жұмылмаса – құрыдық. Патша 
қазақ  жігіттерін  майданның  қара  жұмысына  алмақшы.  Ол  не 
деген сөз? Ол окоп қазады, қолындағы бар қаруы күрек болады 
деген сөз. Сонда қалай? Германдықтар мылтық пен зеңбіректен 
оқ  жаудырса,  окоп  қазып  жатқан  қазақ  оларға  қарсы  күрек 
лақтыра ма? Білгіш болсаң, осыған жауап берші, Атамырза?!
Атамырзаның  аузына  құм  құйылған  жері  осы  болды.  Ол 
қазір мектепте мұғалімнің сұрағына жауап бере алмай мелшиіп 
мұрнын шұқылай беретін әдетіне қайта басты. Дәрежелі мырза 
екенін ұмытып та қалса керек. Алысқа ұзап кете қоймаған екен 
азаматың.  Ақылдан  кемтар  неме  әлі  жетіле  қоймапты.
– Мынау қайдан шыққан бәле? – деді есін енді жия бастаған 
пристав.
– Бұл - Тұрар деген бұзық. Есіңізде ме, ана жылы біздің тойда 
Ақкөзге  ара  түсетін  тілмаш.  Семашко  мырзаның  көмекшісі,  – 
деп түсіндірді Атамырза.
– Мен бұл сұмды білемін. Ташкенттен бірге келдім. Иә, бұл 
Тұрар Рысқұлов. Қап, білсемші сол екенін! – деп ротмистр санын 
бір-ақ соқты.
– Әй, оңбаған, тоқтат! – деп ақырып қалды пристав. – Тоқтат! 
Солдаттар! Тыңда бұйрықты! Ұстаңдар ана сұмырайды!
Иін тірескен адамдарды нар-мінберден бөліп тұрған солдаттар 
алға кимелеп, Тұрар тұрған жерге жетпек болып ұмтылып еді, 
теңіздің  толқыны  теуіп  тастағандай,  қайта  кейін  жапырылып 
кетті.
– Бала! Енді тай! Біз қалқалай тұрамыз, – деді қатар тұрған 
мосқал  қазақ.  Ендігі  аялдаудың,  сөз  сөйлеудің  реті  жоқ,  базар 
үсті  у  да  шу,  шатыр-шұтыр,  сапырылыс  басталды.  Тұрар  торы 
атты топтан әрең шығарып, базардың солтүстік қақпасына қарай 
ығыстай берді. Артына бір бұрылып қарап еді, қалың нөпір оның 
соңынан  дүрмек-дүрмегімен  андыздап  келеді  екен.  «Солдаттар 
емес», – деді өзіне-өзі.


Қақпадан шыққан бетте Ойтал бағытын бетке алып, торы атқа 
қамшы басты. Нағыз шайқас жолына тұңғыш түскенін бар жан-
тәнімен сезіп, ұшатын қанат біткендей, кең далаға «аттан!»  деп 
айқай  салды.  Осы  сөзді  әр  тұстан  қайталап,  солтүстікке  қарай 
андыздап бара жатқан аттыларды көріп, Тұрардың көзінен жас 
парлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет